Тарихи шындық пен көркемдік шешім (Рамазан Тоқтаров прозасы бойынша)
әл - Фабаби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология және Әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Қазақ тілінің тарихы
СӨОЖ
Тақырыбы: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
(Рамазан Тоқтаров прозасы бойынша)
Орындаған: Асанғожа А.
Қабылдаған: Имаханбет Р.
Алматы, 2021ж
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
(Рамазан Тоқтаров прозасы бойынша)
(1935-2001)
Қазақтың көрнекті прозашыларының бірі. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының (1995) иегері. 2001 Абайдың жұмбағы кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1935 жылы 13-қыркүйекте Павлодар қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, 1985 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғарғы курсын бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық газетінде редакциясында тілшілік қызметтен бастаған.
1958-1960 ж. Лениншіл жас (қазіргі Жас алаш) газеті мен Мәдениет және тұрмыс (қазіргі Парасат) журналының редакцияларында, 1964 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби консультант, кейін Жазушы баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болды. 1989-1997 жылдары Жұлдыз журналында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
Алғашқы Ертіс перзенті атты жыр жинағы 1962 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа Дариға сол қыз, Ертіс перзенті атты екі повесть және тоғыз әңгіме енген болатын. Бұдан кейін Бақыт (1965), Ертіс мұхитқа құяды (екі кітап) (1968-69), Тұлпардың сыны (1975), Жердің үлгісі (1979), Ғасыр наны (1983), Сусамыр (1985), Таңбалы жарғақтың құпиясы (1990), Жұлдыз журналында Жендет (1991), Бақытты құлдықтың ақыры (1995) атты романдары жарық көрді.
Оның Терістік шұғыласы (1971) атты повестер мен әңгімелер жинағына Тундраға барған шығармашылық сапары жөнінде деректі хикаяты енген. Тоқтаров - прозалық туындылармен қатар әдебиет теориясы, сын-библиографиялық мақалалар, эссе-толғауларымен де оқырман қауымға кеңінен танымал. Рамазан Тоқтаровтың Бақыт алғашқы романы жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, өмір құбылыстарын бейнелеуде өзіндік бет-бағдар ұстауға талпынған қадамын аңдататын туынды болып шықты. Бақыт романы - жас автордың өз тұлғаластары, өмір сапарына қатар аттанған құрбы-құрдастары жайлы роман. Тіршіліктің мәні, қуаныш пен қасірет, бақыт пен сәтсіздік, адам тағдыры, еңбек шаттығы, отбасы бақыты роман кейіпкерлері сияқты қаламгерді де тереңнен толқытатыны байқалды. Оның бас кейіпкері - Қайыр деген жігіт француз тілінің терең мағынасына, үн-ырғағына дейін сезініп, жетік білетін, орыс қазақ тілдерін толық меңгерген ойлы жас. Ол - алпысыншы жылдардағы арманшыл, тәуекелшіл қазақ жастарының интелектуаллдық өрісін танытатындай тұлға.
Яндекс.Директ
Романда Қайырдың алғашқы студенттік жылдарынан отыздың өріне шығып, азамат атанған шағына дейінгі аралық суреттеледі. Мұндай ұзақ уақыт мөлшері қаһарманның есею, толысу дәуірлерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік берген. Шығармадан жазушының өз тұлғасы көрінбейді. Бас кейіпкердің сан алуан серпінді толғаныстары оқырманды адам жанының нәзік қалтарыстарымен таныстырып отырады.
Қайыр өміріндегі әркеттерімен де, ой-санасымен де ұдайы есею үстінде көрінген. Саналы жас жігіттің ойлары біржақтылықтан, келте кесуден, өзімшілдіктен ауылы алыс. Өзін ешқашан артық бағаламайтын ол ертеңін қиялмен топшылап, болашақтан қуанышты да, мұңды да асығыссыз, үрейсіз тосады. Айналасындағы құбылыстардың қай-қайсысы да - Қайыр санасындағы сұрақ-жауап түрінде шешуі қиын күрделі мәселе ретінде бейнеленген.
Қайыр Тұраров образы - сегіз қырлы, бір сырлы жастарымыздың мағыналы, өнегелі қасиеттерін қайталанбас өрнекпен жинақтай білген, жазушы шебер түйген шынайы типтік бейне.
Кейіпкерімен бірге автордың да талай сауалдарға қосыла жауап іздегені байқалып тұрады. Р.Тоқтаров шығармасы сол кездердегі көптеген жас жазушыларда кездесетін субъективтік салқынын жеңе білген.
Жазушының "Ғасыр наны" романы тың игеру науқаны басталған уақыттан отыз шақты жыл кейін жазылса да, тың игеру сияқты айтулы белестің алғашқы қадамдарын, "алғаш қазылған қазық", "алғаш тігілген палата" романтикасын жырлайды.
Кеңестік идеологияға сәйкес өз заманында Тың игеру Кеңес халқының үлкен тарихи ерлігі саналып, төңкерістей ұлы оқиғаға теңелгені өмір шындығы. Жазушы осы тың игеру науқанына байланысты идеологиялық сарындарды толық жеңген деп айтуға болмайды. Тың игерудің қазақ халқына әкелген түрлі қиыншылықтары романда жан-жақты бейнеленген деуге келмейді. Шығарманың публицистикалық прологында "ғасыр ұрлығының" француз мемлекеттік банкінің тоналуы миллиард пұт астық өндірген Қазақстанның "Ғасыр нанына" қарсы қойылады. Әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік мәселелер болғандықтан, бұндай салыстыруды жазушылық тапқырылық ретінде бағалаудың қисыны жоқ.
Романның бас кейіпкері Жетікөл ауданының бірінші секретары Жәми Шұғаевты сол замандағы орта деңгейдегі басшылардың типтік бейнесі деуге болады. Ол өзіне жүктелген міндеттер деңгейінде әрекет ете отырып, жеке адам, пенде ретінде де біршама тәуір қырынан көрінеді. Оның адамдармен қарым-қатынасы белгілі бір шеңберден шыға бермейді.
"1954 жылдың март айындағы Аққала бұдан отыз жеті жыл бұрын Петроград басынан кешірген Октябрь күндеріне ұқсайтын еді. Жұрттың бәрі көшеде, мереке өтетін алаңда лек-лек ағылған колонналар, алқызыл тулар, транспаранттар... Айнала үн салған гудок, паровоз трубалары, дүрілдеген мотор. Үйде де, түзде де ереуіл. Жазға, күзге ұйғарылған той-думанның бәрі осы күндері атқарылуда. "Тың көтеріледі, телегей-теңіз астық өндіріледі" деген ұғымның өзі ел көңіліне тоқтық бітірген" дейді жазушы.
Роман авторының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz