ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
ХІХ-ХХ ғасырлардағы әдеби даму бағыттары
пәнінен сөож;
тақырыбы:
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Орындаған: Асанғожа А.
Қабылдаған:Карбозов Е.
Алматы, 2022жыл

Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның үлкен ден қойып, ғылыми назарын аударған саласы - әдеби сын. Бұл салаға Ұлт көсемі сонау 1889 жылдан бастап қалам тербете бастады. Әлихантанушы-ғалым С. Аққұлұлы Ә.Бөкейханның әдеби сынға сіңірген еңбегі жайлы мынадай пікір білдіреді: Әлиханның ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы - әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі... әлі де болса лайықты бағасын алған жоқ...Отарлықтың бұғауында отырған халқының төл әдебиетінің күйзелген жайы болашақ Алаш серкесін ертеден терең толғандыра бастайды... [1,66]. Шын мәнінде, Ә. Бөкейхан әдеби сынға кіріскен кезеңі отарлықтың аса дендеп тұрған кезеңі еді. Соны жақсы түсінген 23 жасар Әлихан 1889 жылы Дала уалаяты газетіне Хат баспаханаға деген қазақ және орыс тілдерінде жазылған мақаласын жариялайды. Мұнда: ...Қазақ халқының өз алдына өлеңдері бар. Кім білмейді: қазақтың ақындары Шөжені, Орынбайды, Найман баланы, Шерниязды... Құнанбайды һәм һәйриларын. Қазақтарға осы ақындардың қайсысының сөзі күшті екенін білдіруге жөні бар ма!? Шерниязды ойласақ, қызыл тілінің арқасымен жаны қалған. Шөже Қарымбай! секілді сараң кісіден сый алған..., - деген [1,245] Алаш арысының пікірі айтылады. Бұл жерден көретініміз, Ә. Бөкейхан қазақтың ұлттық әдебиетінің бірнеше өкілін мысал ретінде келтіріп отыр. Ол өз кезегінде Әлиханға патша заманында қазақта ұлттық әдебиет болды деген тұжырымды дәлелдеуге үлкен септігін тигізді. Әрине, олар кітаби ақындар емес еді. Бірақ олардың айтқан сөздерінің қаншалықты құдіретті екеніне зерттеуші арнайы тоқталып өтті. Бұл мақала арнайы әдеби сын зерттеу емес, ол тек Әлиханның өз заманындағы әдебиеттен хабары мол екендігінің айқын көрсеткіші. Осыдан кейінгі Әлиханның жазған әдеби-сын еңбектері XX ғасырдың басында жаңа қалыптасқан қазақ жазба әдебиетімен тұспа-тұс келеді. 1914 жылы Ә.Бөкейханның Роман не нәрсе? деген әдеби-сыни мақаласы жарық көреді. Ғалым Д. Қамзабекұлы бұл мақаланы жан-жақты талдап, автор айтқысы келген маңызды мәселелерге тоқталады: Әлихан Бөкейханның жаңа әдебиетті жүйелеуге күш-жігер жұмсаған еңбегі 1914 жылы жазған Роман деген не? атты мақаласынан көрінеді... Мақала, сөз жоқ, қазақ романының туу дәуірінде игі іске ұйытқы болу үшін жазылды. әйтсе де мәселені былай қойған дұрыс секілді: бұл еңбек қазақ қауымына не берді және қазақ әдебиетіне не берді? Енді санамалаймыз: бірінші, қазақ үшін жаңа әдебиет түрі (жанры) - романның не екені, қашаннан бары, халыққа қандай олжа әперетіні жазылды (еуропалық әдебиеттің әліппесі); екінші, руханият пен өмірге жаңаша қарау, оны бар қайшылығымен түсіну романның әлеуметтік-тәрбиелік қуатына сәйкес сөз болды; үшінші, жаңа әдебиет - рухани күштің жаңа тынысы есебінде сараланды; төртінші, әлеуетке ие дәстүрлі әдебиеттен нәр, еуропалық әдебиеттен үлгі алған жаңа әдебиеттің мәні, мақсаты және бағдары тұңғыш рет талданды... Ә. Бөкейханның осы мақаласы және тағы бір маңызды іс атқарады. Ол тұңғыш роман - Бақытсыз Жамалдың (М. Дулатұлы) әдебиетіміздегі орнын байыптап берді... [2,196]. Зерттеуші Д. Қамзабекұлы Ә.Бөкейханның мақаласын осылайша бағалайды. Шын мәнінде, мақаланың толық мәтініне үңілсек, жоғарыда айтылған дәйектердің объективтілігіне көз жеткіземіз. Қазақтың сол кезеңдегі әдебиет прозасындағы, оның ішінде, роман жанрын толық саралап-айқындау мәселесін алғаш қолға алған, сонымен бірге, қазақтан шыққан тұңғыш роман, М. Дулатұлының Бақытсыз Жамалына алғаш ғылыми пікір білдірген де - Әлихан Бөкейхан болатын. Мақаланың басында Әлихан бұл жанрдың тарихына тоқтайды: Роман деген сөздің мағынасы мынау. Исадан 150 жыл соң Италия французды билеп тұрған заманда екі тіл қатысып, ортадан дара роман тілі туған. Осы тілмен франсуз жазушылары сол заманның кемшілік, таршылығын көрсетіп кітап жазған һәм кітаптарын роман тілімен жазған үшін роман деп атаған... [3,38]. Осыдан кейін бұл терминнің ішкі мағынасын [3,38] ашады: Романның ішкі мағынасы: тіршіліктің жарық һәм күңгірт жағын бейне өзіндей етіп суреттеп, адамның өзіне көрсету. Роман - адамзаттың өмірін, дәуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна... [3,38]. Тарихына тоқталып, ішкі мән-мағынасын осылайша ашқаннан кейін Алты Алаш көшбасшысы роман жанрының мақсаты мен мұратын айқындайды: Романның асыл мақсаты: адамзаттың мінез-құлқын түзетпек, кемшілікті, қараңғылықты адамзаттан қумақ. Мұнан мұрат, ол адам баласына үйретінді үлгі тәрбие бермек... [3,38]. Қарап отырсақ, Ә. Бөкейхан бұл көркем әдебиет жанрын зерделеп, ұғындырып қана қоймайды, сол кезеңдегі қоғамға үлгі боларлық, оларды жақсылыққа, ізгілікке итермелеудің бір амалы ретінде романды қолданады. Профессор Д. Қамзабекұлы айтқан еуропалық әдебиеттің әліппесіне, [2,196] Әлихан Нұрмұхамедұлы баса назар аударады. Оның себебі де түсінікті - еуропалық әдебиет өкілдерінің шығармасы түгіл, аты-жөнін де бұрын-соңды естімеген қазақ қауымына олар жайлы мәлімет беру аса қажет еді. Бұл ретте Ұлт көсемі: ...18 һәм 19-ыншы ғасырда атақты роман шығарушылар: Англияда Валтер Скот, Чарлз Диккенс, Теккерей, орыста Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой һәм басқалар. Толстой өзінің данышпандық һәм хакімдік жағынан Соғыс һәм татулық деген роман жазып шығарғандығымен бүтін жер үстіндегі адам баласына аты жайылды. Мұнда Толстой алуан-алуан адамның мінез-құлқын бірін қалдырмай тізіп, адам өмірінің жіңішке қылдай жерін суреттеп көрсетеді...,-деп [4,254] әлем әдебиетінің классиктеріне шолу жүргізеді, оның ішінде Толстой шығармашылығына жоғары баға береді. Жазушының Соғыс және бейбітшілік романын - өмір айнасы [4,255] деп есептейді. Бұл жерден Ә. Бөкейханның шетел әдебиетінен білім мол екендігіне көз жеткіземіз. Осылайша, роман жанрын әр түрлі мысалдармен толық түсіндіргеннен кейін, енді Әлихан басты мақсат - қазақтың тұңғыш романын таныстыруға кіріседі: Қазақта роман бұрын болған жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман шығарған Мир Яқұб Дулат. Оның Бақытсыз Жамал деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты... Бақытсыз Жамалда қазақтың хазіргі жайынан біразы көрінеді. Мұнда қазақтың қай жерінде болса да, малға қызығып я партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынмен араздасу, қызын сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін көксеп қайғыға бату бар... [4,254]. Мұнда біз көріп отырғандай, Ә. Бөкейхан қазақтың тұңғыш романына бірінші болып баға берді. Романның қозғайтын тақырыбын күнделікті халық тұрмысымен жақындастырып тарқатады. Ал Алаш көсемінің мына пікірін: ...біздің қазақта ең бірінші көзімізге көріген романды озық жұрттардікімен салыстыруға болмайды, біз де бойымызға лайықтап, мұны қазақ әдебиетінде тәуір қызметке санаймыз..., [4,255] алаштанушы Д. Қамзабекұлы былай деп қорытады: Қаламгер романның негізгі идеясына, бейнелер жүйесіне шолу жасай отырып, оның жанрға қойылатын шартқа сәйкестігін көрсетеді. Ә. Бөкейханның жалпы пайымынан ризашылықтан гөрі, әлі де ізденуіміз керек деген ұсынысы айқын сезіледі... [2,197]. Сонымен, романға берілген түсініктемеден кейін, Ә. Бөкейхан оның тәрбиелік мәніне де арнайы тоқтап, өз ойын түйіндейді: Енді біз түсіндік, роман көпке арналған кітап екенін; көптің кітабы болса, һәрқайсысымызға тиісті, міндетті романды тесе қарап, телміре оқып, мінез-хұлқымызды түзеп, романнан халіміз жеткенше тәрбие алу керек... [4,255]. Ұлт көсемі өзінің әдебиеттің сан түрлі салаларын қаншалықты терең меңгергенін Ән, өлең һәм оның құралы атты зерттеу еңбегі көрсетеді. Бұл мақаланы да терең зерттеп, көп көңіл бөлген зерттеуші Д. Қамзабекұлы: Қаламгердің ән-өлең деп отырғанын біз бүгін бір сөзбен ән сөзімен ғана айтамыз [2,198] деген пікір білдіреді. Мақаланы жазу үстінде Әлихан әрі суретші, әрі сыршыл, әрі ғалым ретінде көрініп отырады, - деп [2,198] пайымдаған Д. Қамзабекұлы Ә.Бөкейханды үш қырынан қарастырады. Әлиханның суреткерлігін зерттеуші мақаланың мына жолдарын келтіріп дәлелдейді: Ән адамның бар ет тамырын, сүйек-сүйегін қозғайды, бәрін ерітеді, елжіретеді: (өлең айтып ән салғанда біреуді аңдысаң) көрмеймісің көзінің жанарынан, байқаусызда шығып кеткен дауысынан тағы жымжырттана қалғанын... - дейді суреткер Ә. Бөкейхан [2,198]. Сыршыл Ә. Бөкейхан мұны былайша жалғастырып әкетеді: Кімге анық емес, ән-өлең, оның аспаптары - адам жүрегіне, сезіміне, күйлеріне һәрдайым барша уақытта тыныштайды, жайлайды. Ән бір жиында, тойда, айтулы қыздырмада адамдар бәрі бір сезімде, бір қызбада, қызығы бір, қуанышы бір. Кімге мәлім емес, ән-өлең өтім етеді, қозғайды жанды, сезімді, ет-тән, тамыр-тарамыстарға шейін кеулейді, адамға қайрат береді,- деп [2,198] Д. Қамзабекұлы Әлиханның сыршылдығына дәлелді осы жерден тауып береді. Ал ғалым ретінде Алаш серкесі қандай үлес қосты десек, профессор былай деп жауап береді: Ғалым Ә. Бөкейхан: Ән-өлең, күй - адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тіл. Бұл тіл - жанға хас жүрек тілі, сезім тілі, күй тілі. Неше түрлі рахат татқан адам жаны осы тілмен сөйлейді - деп нақтылайды. Сонымен қабат әлем халқының музыкаға деген ықыласын, сөздерін салмақтай отырып, жүйелі топшылаулар жасайды. Мұны Абайдың өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы... лепесімен қорытындылайды [2,198]. Осы мақаладан кейін Ә. Бөкейхан өзінің әдеби сынға арналған еңбегін 1915 жылы данышпан ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман-Мамыр поэмасына арнап жазады. Бірақ осы жерде біз айта кетуге тиіс тағы бір маңызды мәселе бар. Ә.Бөкейханның бұл сыни мақаласы Шәкәрім шығармашылығына арналған екінші ғылыми зерттеу еді. Сәл ертеректе, 1913 жылы Қазақ газетінде Ә.Бөкейхан Шәкәрімнің Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі атты еңбегіне сыни мақала жазған болатын. Мұнда Ұлт көсемі бірнеше маңызды дерек келтіріп, өз пікірін білдірген еді: Шәкәрімнің бұл кітабы қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың...Кітап жиған жері жоқ, көшпелі далада жүріп Шәкәрім шежіресіндей кітап жазбақ оңай жұмыс емес [5,442]. Айтқандай-ақ, Алаш көсемінің мұндағы келтірген дерегі - Шәкәрім еңбегінің тұңғыш шежіре екендігі болса, Әлиханның бұл еңбекке берген бағасы - бұл жұмыстың жалпы халыққа ыңғайлы, пайдалы әрі оны жазу үшін автордың көп тер төккені болса керек. Бұл Шәкәрім шығармашылығына арналып жазылған алғашқы еңбектер еді. Осылайша, Ұлт көсемі қазіргі таңда кең қанат жайып, жылдан жылға зерттелу аясы кеңіп келе жатқан әдебиеттанудың бір саласы - Шәкәрімтанудың негізін салды. Осы деректі растау үшін, 2007 жылы жарыққа шыққан Шәкәрімтану мәселелері сериялық жинағының I томындағы Шәкәрімтану тарихынан бөліміндегі алғашқы екі мақала - Ә.Бөкейханның мақалалары екендігін айтсақ жеткілікті деп есептеймін. Жинақты құрастырушы, Шәкәрімтанушы-ғалым Тұрдықұл Шаңбай: Әлихан Бөкейхановтың Қалқаман-Мамыр, Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі тікелей Шәкәрімнің шығармасы мен еңбегіне арналса, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтің Абайдан соңғы ақындар, Мұхтар Әуезовтің Абай ақындығының айналасы мақалаларында Шәкәрім есімі аталып, оның шығармашылығына баға берілген, - деген [6,4] сөзінен-ақ Ә. Бөкейханның Шәкәрім шығармашылығына алғаш назар салғаны айқын көрінеді. Ал енді тікелей Ә. Бөкейханның Қалқаман-Мамыр әдеби-сын зерттеуіне тоқталсақ. Біріншіден, Әлихан Шәкәрімді көпшілікке таныстырып, ақын жайлы мәлімет бере кетеді: Мұны(яғни, Қалқаман-Мамырды) шығарған Қазақ һәм хандар шежіресін жазған Шәкәрім. Шәкәрім Абайдың ағасы Хұдайберді баласы. Абай барда таласып ақындық қылып, жарыққа шықпай көлеңкеде жүре берген. 1900-інші жыл Шыңғыс елін жазған Иван Филипич Гусев Шәкәріммен сөйлескен. Соған сонда айтты: жұрттың бәрінің ауызға алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ екен, - деді... [7,77]. Осы орайда Д. Қамзабекұлының:Бұдан біраз жайт аңғарамыз: ақын аты қазақ ауданынан шығып, Иван Филиппович Гусевтерді (бұл тұлғаны шәкәрімтанушылар анықтаса дұрыс болар еді) мойындатыпты...,- деген [2,192] пікірін келтіре кеткен жөн. Екіншіден, Әлихан Шәкәрім поэзиясынан үзінді келтіріп, оның ақындық сипатын [7,77] аша түседі: Білімді жұрттың ақыны, Біздің сөзді сынамас. Жазушының жақыны, Қазақ міні ұнамас. Сынатарсың өзіңді, Менің түгім құрымас. Өстіп көпірту ақындық сипаты. Қанша кішірейем дегенмен Шәкәрімге мұны ақындық жырлатып отыр. Шын ақын бір көпірмей қоймайды [7,77]. Мұндағы Алаш зиялысының көпіру деген сөзінің мағынасын ашу үшін ғалым Д. Қамзабекұлына сүйенеміз: ...Бұл ретте З.Ахметовтің: Ақын бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта, біркелкі сипатта көрінбейді, әр қырынан, әр жағынан ашылып отырады... Мұнда өзіндік көркемдік заңдылық бар екенін ұмытпау қажет, - деген ойы Әлихан айтқан жайды аңғаруға септігін тигізбек. Яғни, ақынның шалқып-тасуы да поэзия заңдылығы аясында қарастырылады (Ә. Бөкейхан көпіру сөзін бұл ұғымның бейнелі мағынасында алғаны шүбәсіз) [2,192]. Үшінші кезекте, Ә. Бөкейхан бұл мақаланы жазу себебін түсіндіреді: Өлеңді ақын сынағаны жөн...Орыста Пушкин, Лермонтовты сынға алып, жұртқа жайған Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын еді. Шәкәрім Пушкин болмас, біз Белинский болмаспыз... [7,78]. Автордың айтайын дегені, бізде әзірге кәсіби сыншылардың жоқтығы. Ғалымның ойға ақын деп айтқаны сол себептен. Дәл осы ойының бір көрінісі осы мақаладан бұрынырақ шыққан Роман бәйгесі (1915) деген ой-толғамында кездеседі: ...сыншы болмақ оңай іс емес. Әр шебер өз орнында іс атқарса, іс орнына келеді... ...Білгенді қылам дегенге жұрт керегі қойып жатыр ма: Шаһкерім, Ахмед, Мир Яқұб (бұлар Аполоннан бата алған жоқ) жеріме түсті демесе, мен сыншы фарызын өткеруге құл болдым [8,182]. Соңғы сөйлемдегі Аполоннан бата алған жоқ деген тіркесті Д. Қамзабекұлы: ...мұны(яғни, сынды) менен гөрі Шәкәрім, Ахмет, Міржақып жақсы жазады деп қарапайымдылық танытқан Әлихан реті келсе өзі де жазатынын білдіріп: Бұлар Аполоннан бата алған жоқ, - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz