Е. Раушановтың Ғайша бибі поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
СӨОЖ
Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті пәні
Тақырыбы: Е.Раушановтың Ғайша бибі поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер
(талдау)
Орындаған: Асанғожа А.
Тексерген: Имаханбет Р.
Алматы, 2022жыл
Е.Раушановтың Ғайша бибі поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер
Есенғали Раушановтың ақындық ерекшелігіне оның поэзиясына тән көне иірімдердің мейлінше мол ұшырасатынын айтуға болады. 1991жылы жазған Ғайша бибі поэмасы тарихи аңыздардағы Айша бибінің мифтік әфсанасының түрлене түскен, поэтикалық қиял негізінде өрбіп отыратын түркілік сарынды дүр поэма деп білеміз.
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жаңаша қалыпта түрленткен ақын Есенғали Раушановтың Ғайша бибі поэмасы құрылымы, көркемдік-эстетикалық құндылығы мен өзек еткен оқиғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерекше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэмасының даму деңгейі, көркемдік-эстетикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы Ғайша бибі поэмасы. Мазмұндық, пішіндік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан танытқанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын айта кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е.Тілешев романтизм әдебиеті ... лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді [1; 118], - деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан романтикалық туынды болып саналатын Ғайша бибі ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын саласының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің негізгі стихиялық белгісі - лиризм деген тұжырымына сүйенсек [2; 243], ойымызды дәйектей түсеміз. Поэманың мазмұндық-құрылымдық сипаты өте күрделі болғандықтан, талдауды жекелеген бөлімдерге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.
Ділім - қанағат, дінім - табиғат деген түркі мақалын эпиграф еткен поэманың Тізгін қағарында алда айтылар оқиғаға барлау жасалып, түркілер тарихынан сыр тартылады. Таласты таласа емген екі елдің - түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен салты, атағы мен даңқы, салтанаты жырланады. Сонымен, ең әуелгі сөз поэманың Тізгін қағары туралы. Ауыз әдебиетіндегі жыршылық мәнерді жазба әдебиеттегі көркем сурет, айшықты тіл, бейнелілікпен ұштастыра жырлаған ақынның сөз кіріспесінің өзі оқырманды елең еткізерлік:
Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді - елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа [3; 318].
Фольклорлық үлгілерде көбіне тыңдарманға әсер ету басты назарға алынатынын ескерсек, ақынның бұлайша сөз бастауының өзі - шығарма мазмұнына оқырманның назарын аударту мақсаты. Ауыз әдебиетіндегі қисса жанрының қызғылықты да шым-шытырық оқиғасы болатыны белгілі. Оқиға желісіне өзек болған халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен танылып, басқаша бағытта тарқатылады.
Бұл өзі жаңам емес, ескім еді,
Алыстан жаңғырығып естіледі.
Мақал бар:
Түлігім - жылқы, түбім - түркі,
Ал, тарттық сол түркіден көшті бері - деген жолдардан ақынның қай тараптан, тарихтың қай тереңінен сөз қозғары байқалады. Түркілердің түп тарихын жыр тілімен өрнектей келіп, Көк Тәңіріне сыйынған сенімін, көшіп-қонып тірлік кешкенін тілге тиек ете отырып:
Бір елдің өткені хақ көшіп-қонып,
Көк селдір, көркем дала бесік болып.
Әлі ешкім алдымызға жайған емес
Сол көштің бума-теңін шешіп беріп, - деп, сол тарихтың ашылмай жатқан сырлары мен қырлары барын айтып өтеді. Ақынның поэмаға арқау етіп отырғаны - сол айтылмай, ашылмай келген түркі тарихының бір қыры. Ақынның тарихты терең білетіні әр шумақта бір ойдың қазығына айналған елдің салты мен ғұрпын, көне дәуірлерде салтанатты сап құрған қалаларды жырлау мәнерінен көрінген. Түркілердің төрт тарапқа кеткен даңқы:
Бас ұрып түргеш-басмыл бұл табынды,
Саудаға Самарқаннан жұрт ағылды.
Ыңыранып, керуен тартып Ұрым, Тибет,
Елпілдеп елші салды Тұрпан, Үнді, - делініп жырланады. Түркілер тарихын шерте отырып, Таластың арғы бетін мекен еткен кіл батырға билік берген елді ақын шартты түрде түркі еместер деп алады. Бұл ел де осал емес:
Ері көп, көп майталман алғыры да,
Аз емес арғымағы, заңды бұ да.
Көк тіреп сол қағанат тұрса керек,
Ортақ боп талай жұрттың
тағдырына.
Екі жұртты бір-бірімен аңдысқан, шарпысқан халі:
Біз айттық, екі жұрт та барыс дедік,
Барыстар бір-біріне шалыс келіп,
Аңдысып, айбат шегіп тұрмаушы ма ед,
Тайқуды, шегінуді намыс көріп.
Біз айттық, екі жұрт та арыстан деп,
Айқаспай арыстандар қалысқан ба ед?
Әзірге жұлқыласпай бірақ олар,
Бір-бірін аңди тұрсын алыстан кеп - деп беріледі. Ақынның айтпақ ойы, ұстанымы - адамдар арасындағы татулық пен адамдық ниет, ізгілік мәселесі екені осы тарауда айқын аңғартылған. Поэманың әлқиссасында аңғартылған ой кейінгі тарауларда барынша терең тарқатылады.
Жыландар жыры тарауында Талас жерін мекендеген ордалы жылан тағдыры сөз болады. Адамдардың қара ниетінен отқа өртенген жыландар мен адамдар әлемі қатарластыра алынып, үлкен адамзаттық мәселе философиялық тұрғыдан көркем туынды заңдылығына сай зерделенеді. Жыландар жыры - адамдардың табиғатқа, сол арқылы өздеріне әкелген зауалын жыланның монолог-зары арқылы жеріне жеткізе айтып берген көркемдік тәсіл. Фольклорлық дәстүрдегі жыр үлгісін, ауызша және жазба әдебиеттегі ерекше әсер туғызған соңғы қайталау (эпифора) тәсілін пайдалана отырып, ақын жыланның зары арқылы күллі жаратылыстағы қайшылық пен қиянатты ақтарады. Ел жадындағы аңызда Айша қызды жылан шағып өлтіреді. Есенғали поэмасында осы желі болғанымен, Ғайшаның өлімі, жыланның шағуы мүлде басқаша жағдайда өрбіген. Адамдар тағдырымен жыландар әлемін қатарластыра берудің өзінде көне танымды негізге алу бар. Бұл мақұлық күні бүгінге дейін қазақ сенімінде маңызды орынға ие болып отыр. Жыланға қазақ құпия таным, тылсымдық сипат берумен қатар, көмекшілік қасиет те берген. Басқаша айтқанда, жылан культі - арғықазақ мифологиясының басты сипаттарының бірі [4; 291] - деп жазады мифтанушы С. Қоңдыбай. Жыландар - адам мен табиғат арасын байланыстырушы тылсым сыр иелері болып та ұғынылады. Жыланды культ санаудың ауыз әдебиетінде, тұрмыстық салт-ғұрыпта көптеген мысалдары бар. Әруақты қастерлейтін қазақ сол әруақтардың жылан кейпінде көрінуіне сенеді. Бұл сенімнің реминисценциясын Е. Раушановтың өлеңдерінен-ақ табуға болады. Ақын жыландар әлемін белгілі бір маңызды себептермен оқиға желісіне енгізген. Зерттеу еңбектерге, мифтанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, дербес өмір сүретін рух жылан кейпіне ие болады, яғни, адам дүниеден өткенде оның жаны жылан кейпіне айналады. Сондай-ақ, өзіміздің қазақы түсінікте жер астына жасырылған қазынаның иесі де жылан болады деп есептелген. Поэмада Талас жерін мекендеген ордалы жыланды қағанат халқы жылан бауырына алтын басып ұйықтайды деп, ордаларын ойрандап, өртейді. Тотемдік қағиданы бұзған, киеге қарсы қол көтерген адамды қарғыс ұрады деген көне сенім тарихты, танымды қастерлеу мақсатында да өзіндік рөл атқарады. Жыландар жыры тарауындағы қасірет шеккен лирикалық кейіпкер дәрежесінде көрінген жыланның ішкі монологы - адамзат баласының адамшылық атаулыдан алыстап, табиғаттан алшақтауының түбі үлкен қасірет боларын аңғартқандай. Өрт ішінде аласұрған алтын бауыр ана-жыланның
Кереге бойым жиырылып,
Келте де болды-ау, ой заман.
Қызыл көз қоңыз шүйіліп,
Желкеме қонды-ау, ой, заман, - деп басталатын зары:
Үйімнің алды беткей-ді,
Беткейден түскен өрт дейді.
Осының бәрін жасаған,
Адамзат қалай көктейді, - деген жолдармен жалғасып, заман жылжыған сайын табиғаттан алшақтап, бұзылып бара жатқан адам баласының ниет-пиғылын паш етеді. Адамдардың табиғатқа әкелген зобалаңын зармен толғаған ана-жылан ұрпағын сақтап қалу үшін өрт ішінде арпалысып, екі жыланды аулаққа лақтырады. Жыландар қасіретін толғаған ақын оқиғаны ширықтыра отырып, келесі кезекте қағанаттағы жылан даусын еститін жалғыз адам Ғайшаны таныстырады. Бұл тұста халықтық дастан-жырлардағы өлеңмен қара сөзді қиыстыра толғайтын тәсілді ұстана отырып, ақын Ғайша қыздың қандай жан екенін баяндайды.
Ғайша - бұрынғы-соңды қазақ поэмаларында кездеспеген тың бейне. Өйткені, оның дүниетанымы, адамдар, өмір жайлы ойы мүлде басқаша. Поэмада оқиғаны баяндап беруші ретінде көрініп отыратын автор орайлы тұста кейіпкер туралы қосымша түсініктемелер береді. Ғайша кім еді? деген сауалға автордың хабарлау түріндегі мәліметтері толық жауап береді де, ақын осы тұстан қайтадан ана-жыланның зарынан үзілген оқиғаға тыңдарман назарын аударуды жөн көреді. Ана-жыланның зарын жүрегімен естіген Ғайша қыздың толғанысы терең мәнді астарлы сипатымен көрінеді:
Қайда бастап барады қабарған күн,
Кімді сөгіп, кімді енді жамандармын.
Түмен жылан өлген жоқ, өртенген жоқ,
Түсіп кетті ішіне адамдардың.
Орда жылан, от қойсаң мекеніне,
Өліп жатып, тіріліп кетеді де,
Ой-пейіліне көшеді өлтіргеннің,
Бір де бірі қалмастан көтеріле.
Болмады ғой болмаспен белдескенің,
Жылан көшті жұртынан, сен
көшпедің.
Сыртың - адам болғанда ішің - жылан,
Не болады ертеңің, жерлестерім?
Адамзатқа деген нала-кекпен өртенген жыландар енді сол адамның өз ішіне көшкенде адамзаттың ертеңі не болмақ деген үрей қызды мазасыздандырады. Осындай ой құшағында отырған сәтінде інісі Алмастың қағанның айтыс өткізбек хабарын жеткізгені Ғайшаға ерекше әсер етеді. Оның мақсаты - жеңіп, тіккен бәйгені алу емес, көкейінде жүрген ойды жеткізу. Автор, осы жерде өзінің болған оқиғаны баяндаушы, айтушы ретіндегі міндетін естен шығармай, айтысқа сипаттама береді. Жапон халқы үшін Фудзияма тауының маңызы қандай болса, о баста түркілер үшін айтыс сондай еді. Ел кейін айтыс ұсақтап кетті деп жүрді. Ұсақтап кеткен айтыс па, жоқ ақындар ма?, - деп, бұл ұлттық өнердің мәдениет тарихында өте салмақты орны бар екенін аңғартып өтеді. Поэма оқиғасына араласқан Қағанмен оқырман осы кезде танысады. Ол да айтыстың әуел бастағы мәнін жоғалтқанына күйінген жан екен. Ол да шындықты білмек болғанмен, біле алмай дал болады. Өзі саудагердің кейпіне түсіп, сан мәрте айтысқа шығып, сөзді Қағанға бұрып әкеліп тірегенмен, ақын біткен мадақтаудан, мақтаудан ұзай алмайды. Ғайшамен айтыспаққа өзі шыққан Қаған тағы да сол шындықты білмек. Бұрынғы-соңды қазақ поэмаларында кездеспеген авторлық стильдің ерекшелігі сонда - жоғарыда өзіміз айтып өткендей, тек болған оқиғаны айтып жеткізуші міндетін арқалап отырған ол өкінішке орай айтыстың толық нұсқасы сақталмаған дей келе, қыз бен жігіт айтысының кейбір тұстарын сол айтыстың үзінділері деп ойлаймыз деп ұсынады. Қыз бен жігіт болып сөз қағыстырған Ғайша мен Қағанның сөз саптаулары, айтқан ой-толғамдары, уәждері тамаша ұлттық поэтикалық тіркестерді, олардың зор көркемдік мүмкіндіктерін таныта алған. Бұл жерде, әрине, біздің айтпағымыз Есенғалидың нағыз ұлт ақыны ретіндегі тегеурінді таланты мен танымы. Ақын Ғайша қыз болып:
Керме, керме, керме өлең,
Керіп тартшы көлденең,
Тұяқ біткен сүрінсін,
Тізе біткен бүгілсін...
...Қайқы қылыш - қара өлең,
Анаған да сермедік,
Мынаған да сермедік - деп төгілтсе, енді бірде Қаған болып:
Ал, айт десең айтайын,
Қаратаудың басынан,
Қайырайын өлеңді.
Алатаудың тасынан,
Айырайын өлеңді - деп термелетеді. Ақын айтысқа тән стильді толық сақтай отырып, екі айтысушының аузына замана, Қағанат жайлы күрделі мәселелерді салады. Ғайша тарапынан айтылатын Қағанның бойындағы келіссіз іс-әрекеттер шымыр тіркес, шынайы суретті сөздермен беріледі.
Таққа Қаған мінген соң,
Айласы бар мекерлік,
Ақылы бар жетерлік
Кеңге салды қамалды,
Қырық шаһарды қаратып,
Жиырма төрт елді тағы алды.
Қырды қырып, ойды орып,
Бәрінен күшті болсам деп,
Аш бөрідей жаланды - деп Қағанды сынай отырып, сақтандыра сөйлейді:
Әр Мұсаға бірақ та,
Бір перғауын табылар.
Арғы бетті жалмаған,
Түркіеместің ханы бар.
Сүңгі найза біз болсақ,
Қырлы найза ол болар,
Екі бүркіт шайқасса,
Қара халық - қарға-дүр,
Қар үстінде жорғалар.
Ақын қолданысындағы ауыстырулар сол замандағы халықтың ұғымына жақын, айтылар ойдың мәнін, астарын ұқтырарлықтай бейнелеулер. Ғайшаны өз заманының өресі биік ақыны, ерекше санаға ие жан ретінде танытқан ақын оның әрбір сөзіне, іс-әрекетіне сай ерекше поэтикалық тіркестерді қолданады:
Солай деп орнынан тұрады қыз,
Шудағы нар қамыстың шұбары қыз...
Қаған мен Ғайша қыз кешкен психологиялық ахуалдарды да ақын қапы жібермейді. Айтысқан жігіттің көздерінен бір гәпті аңдап қалған қырағы қыздың сезімталдығын, қыз бойындағы ерекше талантты, бөлекше болмысты таныған Қағанның ішкі халін ақын төмендегі жолдармен береді:
Бір гәпті қырағы қыз аңдап қалды,
Сол гәпте зіл-батпандай салмақ бар-ды.
Толқын-жұрт сазан-қызды алып
кетті,
Қаба алмай, қап, әттең
деп қармақ қалды.
Айтылар, баяндалар ойды бейнелеумен аңғартатын ақын осы шумақта біраз жайтты жеткізе алған. Ең әуелі қыздың қырағылығы мен сезімталдығы, қаумалаған көпшіліктің қызға деген қошеметі, сонан соң, Қаған жүрегінде бас көтерген тылсым сезім халі осындай тың көркемдік тәсілдермен беріледі. Толқын-жұрт, сазан-қыз бейнелеулері оқиға ауқымына орайлас көркемдеу тәсілі болса, қаба алмай, қапыда қалған қармақ - Қағанның сезім-ықыласы. Ақынның көркемдеу тәсілінің өзі бір-бірін аша түсетін, бір-біріне желі болып тартылатын, мағынасы тығыз үйлесімдікті сақтайтын сөздерден түзілген. Толқын, сазан, қармақ - бір-біріне қатысты детальдар болса, осы детальдар тұтасып, белгілі бір оқиға мезетін бейнелеген. Шумақтар арасында кездесетін тұтастай жолды қайталау поэманың саздылығын, ырғақ үйлесімділігін әрлендіре түседі. Қаған сезімін аңғартатын Қаба алмай қап, әттең деп қармақ қалды деген жолды ақын екі мәрте еспе қайталау түрінде қолданады. Айтысты тамашалап отырған тыңдармандардың қалпы да бір-бір жолға сыйдырылған:
Бибілеп аңқау кемпір аруақтанды,
Бала ойын, бақсы зікір неме керек,
Соны айтып сақ сауысқан шал баптанды.
Кемпірдің аруақтануы, шалдың сақтықты ескертуі, бәйгені талапайға салған көпшіліктің харекетін жырлай келе ақын:
Сөздің де мойтабы бар, өткірі бар,
Оқушым, мұнда мағына көп-ті ұғынар.
Өлеңді мән деп емес, сән деп білу
Болған ба ол кезде де деп күліп ал, - деп, тағы бір ойды аңғартып өтеді. Өлең мен ақынға деген көзқарас, өлеңнің мәні мен мағынасына деген құрмет басқаша болу керектігі, алайда, мақтаншыл, айғайшыл түркілердің оны ұғына қоймаған дарақылығы ақын тарапынан сыналып өтеді. Дәл өзіміздей түркі халқының тағы бір қалпы Ғайшаның Алмас атты інісінің дорба толы алтынды бұлғақтатып, майханаға қарай тартып бара жатқандығы, сол майханадан жерде - түркі, көкте - күн деп ән салған мас дауыстардың шығуымен суреттеледі. Бұл шағын, сәттік суреттер - түркі Қағанатындағы халықтың тұрмыс қалпынан хабар береді. Ғайшамен айтысқа жігіт болып шыққан Қаған бейнесі әрі қарай тереңдей ашылады. Ғайша-қызға деген алмағайып сезімді басынан кешірген Қағанның психологиялық ахуалы оның ауру ханшасымен қатысты беріледі. Тағы да түркі халқы өртеген ордалы жылан ауызға алынады. Ханша өзі сезінген жайды түсіне кірген жыланмен байланыстырады. Қағанның ханшасының бөлмесіне шапаны мен мәсісін шешпей кіруінің өзінен сезімтал әйел біраз жайды аңғарған. Ханшасына дау айтқанмен, Қаған ойға қалады. Қағанның ойын білдіретін ішкі монологқа құрылған шумақтар арқылы ақын үлкен заманауи мәселелерді, сондай-ақ кейіпкердің жан дүниесіндегі қайшылықтар мен толқуларды бейнелеген. Әуелі:
Мәлике-Маран дейді жылан пірі,
Мен дағы жылан болып шығам түбі.
Жылжыдым бауырым төсеп от үстімен,
Жұрт етем деумен өңшең бұралқыны, - деп, халық қамын жеген билеуші ретіндегі мақсатын толғаса, келесі шумақта ханшамен арадағы байланыс айтылады:
Аллам-ай, сүймеймін ғой, сүймеймін ғой,
Бұл байғұс соны бүгін білгені ме?
Түркі халқының жақсы атағы шықсын деп қам жеген Қаған:
Ел болам, емен-жарқын еркін күлген,
Сол болды өзіме айтқан сертім
бірден.
Түркі үшін тұншықтырдым қанша
ойымды,
Қаншама сезімімді өлтірдім мен, - деп толғана келе, есіне Ғайша қызды алады. Өзін сынаған Ғайшаның сөздері есіне оралғанда, билеушіге тән өктемдікпен іштей кек тұтады. Дегенмен, жан дүниесіндегі екінші бір сезім еріксіз аян болады:
Көзінен өткізсем бе керегенің,
Тұрса ғой дар алдына көрер едім.
Бұл пәле бірде алыстап, бірде таяп,
Кетпейді көз алдымнан неге менің.
Қағанның өз-өзімен сөйлескен халін аңдаған ханша Қағанның өзі түсінбей дал болған ойын бекіте түседі:
Ұмытып қалыпсың ғой сүюді де,
Ғашықсың, ғашықсың сен, пірім, - деді.
Ақын осындай психологиялық мезеттерді іліп алып, кейіпкер бейнесін таныта түседі. Әйелінің дәл айтқан дәлеліне қарсылық білдірмек болған Қағанның көз алдында ханша жыланға айналып сала береді. Бұл - дүниедегі соңғы үміті үзілген, ең ақырында Қағанның өзіне деген ешқандай сүйіспеншілік сезімі қалмағанын түсінген сәттегі баз кешу қалпының суреттелгені. Фәниден бақиға өткен адам баласының рухы екінші бір тіршілік иесіне, яғни, мақұлыққа, жәндікке ауысатыны туралы мифтік сенімді ақын көркемдік мақсатта қолданады. Мифтік құбылушылық желісінің қазіргі поэзиядағы көркемдік тұрғыда қолданылуының бірден бір мысалы ретінде осы тұсты атауға болады.
Поэманың Майхана деп аталатын тарауында дарақы думанның қалпы суреттеледі. Майханаға қарай ағылған жұртқа ілескен Қаған ондағы аласапыран думанды, айқай-шуды көреді.
Айғырды ақталаса - азбан болар,
Жігітті құмар алса - азған болар.
Азбан да, азған да бар осы топта,
Бұл топта өзіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz