Сондайлық себептермен Алтынбек Сәрсенбайұлының тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ең ұлтшыл халық - СӨЗ!

(с) Ерлан Жүніс

Алтын зермен есімі жазылған жасыл түсті кітап . . .

Тиісті мүліктің мәңгілік ақ мөрі болып, алғашқы парақтарында «ағайынға» деген жазуы жарқырап тұра қалған . . . «Балаларды өздеріңіз оқымаған кітаптан қорғаңыздар!» дейтін қағида бойынша қарастырсақ, екі оқырманның алғашқысы емеспін. Әйтсе де, оқу грамматикасы үшін қолданылған мәтіндердің салмағы ауыр болатын.

Тегеурінді тақырыптың айналасына ой жүгіртіп көрсеңіз, ауқымды мәселені бұғып жатқан бір биіктікке тап боласыз. «Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек!». Тап осылай аталатын сұхбаттар мен мақалалар желісі өзі - бір күндік, сөзі - мың жылдық баспасөз мәнері «шағырмақ бұлт жай тастарды» еске түсіретін еректігі сол, саяси сахнаны шахмат тақтасы ретінде бейнелеп бастайды. Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды ауқымды фигураның интелектуалдығы жағынан биліктің ең басты қарсыласы болғанын көрсетеді. Сатылмағаны үшін, мансапқа алдана қоймағаны үшін ғана айыпты демократтың ғұмыры позициясында өмір сүреді. Ал, билік ше?! Ережесіз ойынның тұрақты көрермені болмағасын жауап табу қиынға соғады, наркүмән күйде үнсіз ұққаным: жеңіске де тәуелсіз көзқарас керек! Айладан ада, ұсақтыққа ұнамсыз, суық ақыл мен жаншылмайтын жігер иесінің саяси болжамдары әлі де маңызды. Күн тәртібіндегі мәселелердің саны артпаса, кеміген жоқ.

Әлдебір оқылмаған кітап турасында рецензия жазу тапсырылған студенттік жұмысқа, сол шығарма төңірегінде гипотезалық нұсқада шашыраңқы ойларымды: «Тарихи құндылығына көз жеткізу үшін әркім өзі оқып шығуға тиісті дүние. Өйткені, «тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек»!» деп атауды көсемсөз ретінде қолдана отырып, түйіндедім. Яғни, көсемсөз жәрдемтесті.

Біз осы дербестік жөнінде не білеміз?! Публицистік жарияланымдары жөнінде жазылған дипломдық жұмысында Айдаболов М. Р. Алтынбек Сәрсенбайұлының «пассионар» индивид екендігін атап көрсетеді. Л. Н. Гумилев негіздемесі бойынша мұндай типтегі адамдардың ғаламдық биоөрістен жоғары, космостан қуатты энергияны тартатыны және үлкен миссия жолында мақсатынан өмірлерін биік қоймайтынын айтады. Тарихты жасаушылардың этногенездік түзіліспен ерекшеленетіні белгілі. Оның болмыс-бітімінде ұлттық мүддеге қызмет ету және сол арқылы тәуелсіздіктің іргесін берік қалау сынды миссиялардың болғаны айқын. Бұған өзі қалаған редакторлық мектеп пен атқарған еңбектері, күрескерлік жолы дәлел. Бұл ретте оның күллі қазақты саяси бұғаудан азат еткісі келген: «Ел азаматтарының бай, бақуатты өмір сүруі үшін күрестік. Бәріне де уақыт пен халық төреші» дегені де ұлт көсемі Әлихан Бөкейханмен үндестік емес пе?!

Алтынбектану ісіндегі іргелі міндеттің үдесінен шыққан аталмыш тұлғаның дипломдық жұмысынан мынадай үзінді келтірсек:

«Ұлт. Ұлттық идея. Ұлттық мақсат-мүдде . . . Мұның бәрі - өте күрделі әрі терең мәселелер. Дей тұрғанмен, біраз ой бөлісіп көрейін . . . » А. Сәрсенбайұлы бұл ойымен бөлісті де. Жай емес әрине, терең, толғамды түрде. Шетелдің шерін тілге тиек етіп, елімізге үлгі етті: «Италияның саяси қайраткері Массимо д'Аурельо XІX ғасырда былай депті: “Италию мы уже создали, теперь нам надо создать итальянцев”. Ал, поляктың саяси қайраткері Пилсудский: “Не нация создает государство, а государство - нацию” дейді. Бұл пікірлерде терең мән жатыр. Әсіресе біз үшін. Демек, ұлтты ұлт ететін не? Оның тәуелсіз мемлекеті. Нақтырақ айтсақ, мемлекет жүргізетін саясат. Мемлекеттік саясат. »

Идеологиялық әсерлердің ықпалы қаншалықты басым рөл атқаратынын рухани дағдарыстарға дейінгі әлемдік саясаттың тарихынан тартып айтқанына ойлы құлақтардың тыңдауға зейіні болмағаны ма?! Әлде, өз ұлтын өзекке тебу арқылы сүйетін басқарушы органдардың (А. С. ) «мүлгіп кеткен миларына» жарықшақ түскен бе?!

Қаншалықты (диполаттық) либерал-демократтық жолмен ойланып көрсеңіз де, бұл күмәнді сауалдардың тұманын сейілтуге нақты қадамдармен ғана жауап күтілетін деңгейдеміз. Себебі, Алтынбектен кейінгі саяси ұстындар ала-құлалыққа ойыса бастаса, жүйедегі мәселені шешуге құлықсыздық барлығын ушықтырды. Сондайлық себептермен Алтынбек Сәрсенбайұлының тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек.

***

Алтын түсті зермен есімі жазылған жасыл түсті кітап . . .

Ерлан Жүністің:

«Біреулер өз тарихын жүрегімен жазады, біреулер жұдырығымен . . . Қалғандары өзгелерге жаздыртады. " - деген ой үсті толғамдары тағдырына қатысты айтылғандай . . .

Оның оғылан болмысы - түрік жазушысы Өмер Сейфеттиннің шығармаларындағы кейіпкерлерден қылаң береді. Әсіресе, елшілік атқарғанына «Қызғылт маржанды шапан» әңгімесі сәйкес келсе, «Қалағаңды сағынамын» дегені «Ант» әңгімесіне мәні жуықтасады.

Тағы сол шайырдың: «Кітабыңды бірнеше ылғалдан қорға, әсіресе, спирт пен көз жасынан. » - дегенін ескерсек, жұбану үшін жылап оқитын шығармалар Алаштық таным үшін де маңызды деп білем.

Жүрегімен жазған ғұмырнамасы - жадағайланбаған жадыда сақталуы тиіс!

Құрметті, ағайын!

Асанғожа А.

ҚазҰУ, ІІІ - студенті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Алтынбек және бүгiнгi қазақ қоғамы
Әлихан Бәйменов - Ақ жол демократиялық партиясының тең төрағасы
Жалпы қазақ өнері
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Отбасы – отанымыздың ошағы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті (1941—1945)
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Мұраттың өмірбаяны,ақын мұрасының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz