Жүректің ақыл суаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фабаби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Филология және Әлем тілдері факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

C:\Users\Ардак\Pictures\1928559_kaznu-logotip.jpg

Абайтану

СӨОЖ

Тақырыбы:

«Он жетінші қара сөз» бен «жүрек» сөзінің кең қолданысы хақында

(реферат)

Орындаған: Асанғожа А.

Қабылдаған: Мауленов А. А.

Алматы, 2021ж

№7 СӨЖ. Ұнатқан шығармалар (өлеңдер, поэмалар, қарасөздер) туралы реферат

СӨЖ мақсаты - Абай шығармаларының ішінен өзіне ұнаған туынды туралы реферат жазу.

«Он жетінші қара сөз» бен «жүрек» сөзінің кең қолданысы хақында

Білімді, рухани дүниесі бай халық қана қоғамдық дамудың биік сатысына көтерілмек. Осы қағиданы берік ұстанған Абай шығармашылығы рухани-адамгершілік білімнің қайнар көзі. Білім, ғылымды сөз етіп, адамгершілік пен ақыл, ар-ұят яғни адам бойындағы рухани байлықты басты орынға шығарады. Абай өзінің шығармаларында «Адам кім?» деген сұраққа жауап бере отырып, адамның адамдығы сүйіспеншілігінде, әділеттілігінде және шынайылығында деп мәнін ашады. Адамдардың бұл қағидасыз өмір сүруі мүмкін емес, яғни «Адамға адам дос» деп тұжырым жасайды.
Сонымен қатар Абай атымыздың шығармашылығындағы басты тақырыптардың бірі адамның адамшылдығы, жақсы мен жаманды ажырата білудің қажеттілігі, толық адам болып қалу мәселелеріне де арналғандығы. Барлығымызда бала күнімізден «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық Адам болам десеңіз» деп келетін өлең жолдарын жаттап өстік. Осы өлең жолдары арқылы адамгершілік тәрбиенің негізін түсінуге болады.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке - жеке үшеуінде де кемшілік бар. «Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет» деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын» дейді оларға ғылым. Демек, Абай шығармашылығында жүректі, яғни адам адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Осы ойын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» сөзі арқылы нақтылай түскендей. Осы сөзді оқыған сайын, осы сөзді айтқан сайын барлық адам бір-біріне бауыр болса неге қазіргі біздің қоғамда кейбір келеңсіз жағдайлар орын алады деп қынжыламын. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе осы үшеуінің бірлігі.

«Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол» дейді.

Бұл ойын Хәкім Абайдың:

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ойымен тереңдете түсуге болады.

Абай шығармашылығындағы рухани - адамгершілік білім мен тәрбие мәселесін қозғайтын келесі еңбегінің бірі «Отыз алтыншы сөзі». Бұл қара сөзінде ұят туралы мәселеге айрықша тоқталады. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялған ұялу ақымақтық, жамандық» дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді.
«Ұят» деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар» дейді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз.
Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұятын таза сақтауын арман еткен. Бұл шығармасының да қазіргі уақытта өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беруде маңызы зор.

Абай мұрасын толық зерделеп, шығармашылығының шегіне жету мүмкін емес деп ойлаймын, әр еңбегін оқыған сайын тереңнің тұңғиына сүңгіп, жаңа қырынан түсініп, тани түсуге ұмтыласың.

Әр сөзімен соны ой қоздатып, ұлттық даналықтың туын сана биігіне желбіреткен қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларында «жүрек» сөзін 40-тан астам мағынада 107 рет қайталаған екен.

Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық іс табылмас, - деп басталатын өлеңін әрі қарай оқысақ ұлы ақын достық пен қастықтың, ар мен ұяттың барометрі жүректен туындайтын қасиеттер екенін ұғындырады.

Жүрек - тірі жандылардың дене мүшелерінің патшасы. Дене жасушаларын қоректендіріп, тамырлар арқылы ағзаға қан айналымын жүйелеп беріп отыратын орталық мүше - жүрек. Тән мен жанның тұтастығы өмір сүру деңгейімен өлшенсе, «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» деп Абай айтқандай, тіршіліктің көзі осы ара болып саналады. Бұл тура мағынасында. Ал ауыспалы мағынада жүрек - иманның мекені, адамгершіліктің тұрағы, махаббаттың баламасы, Алланың нұры. Исламда иманның тұрақтайтын мекені жүрек, тірі жанның болмысы.

Исламның сопылық саласын ұстанған шайырлар жүректі мың құбылта жырлаған. Шығыстың философ ғалымы Әбу Мұхаммед әл-Ғазали (1059-) «Жүрек - адам денесінің барлық мүшелермен байланысты және мемлекет әміршісі сияқты оларға билік жүргізеді» дейді.

Жүрек - иманның көрінісі, иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады. Адамның игі қасиеті жүректен шығады, жақсылыққа қуанады, жамандықтан жиренеді. Ақиқат тапқан жүрек алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды. Хадисте: «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне қарамайды, оның жүрегіне қарайды» дейді екен. Алла жүректі иман, мағрифат және махаббат үшін жаратқан. Ұлы Абай «Алла деген сөз жеңіл» атты өлеңінде:

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңірі үшін, - деп жүрек пен ақылды махаббатпен бағындыра білуді меңзейді. Жүректің шапағатынан нәр алғың келсе ақыл деген суатпен бару керектігін және жүректің әміріне ақылсыз ере беруге болмайтынын айтады, жүрек пен ақыл Тәңір деген күшке бағыну керектігін тұспалдайды.

Ақыл мен хауас барлығын

Білмей дүр жүрек , сезе дүр, - деген Абай сөзін М. Мырзахметұлы «хауасты жүрекпен сезесің дейді» деп түсіндіреді.

Абай айтатын «Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі» деп, жүрек пен ақылды адамның жанына, сыртқы пішінді тәнге балап, ондағы «мен» мен «менікі» ұғымымен қатарластырады. «Жүрегім менің - қырық жамау» дейтіні жан күйзелісі, ол ақынның «менінің» күйзелісі жүрекке түсер салмақ екендігін аңғаруға болады.

17-қара сөзінде Абай: «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп қайрат, ақыл, жүрек сияқты адамның жақсы қасиеттерін айтыстырады. Онда адамның алдына қойған мақсатына жету үшін қайтпайтын қайрат керек екені тұспалданады. Ақыл болмаса жақсы мен жаманды айыра алмаймыз, сондағы асылы жүрек болмаса бүкіл адам бойындағы мүшелері өмір сүруді тоқтатады. Қайрат тек адалдыққа ғана қызмет етпей күш-қуатына сеніп ізгілікке қызмет етумен қатар теріс әрекетке де баруы мүмкін. Ал ақыл болса, ақылдылықпен жақсы мен жамандыққа да ниет білдіре береді. Адамды адалдыққа бастайтын ақиқат жолында ғана жүретін жүректің бұйрығы ғана туралыққа бастайды, ол қайрат пен ақылға бағынбайды. Жақсылыққа қуана білетін, жамандыққа баспайтын ізгілікке ғана бейім Жүрекке билеткен әділ қазы қызметін атқарған ғылым: « . . . үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет . . . » деген қорытындыға келеді.

«Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» (ІІ, 171) (14-қара сөзі) . Көпті алдап жем ететіндерді ақын шығармаларында әшкерелеп отырғандығын көреміз.

«Ойға түстім, толғандым» деген өлеңінде:

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес, - деген шумағында ұлы ақын бар шынын ақтарып, «жүрегімде тірі пенде сүйсінер тазалық жоқ» деп іштей ренішпен жүреді және өзінің өкінішін өзіне баяндап тұрғандай.

«Жастықтың оты . . . », «жүректің көзі . . . », « . . . дүние есігі . . . », « . . . дүниенің тілі . . . » деп әсер туғызатын, ерекше жүк көтеретін сөздің эстетикалық өрісін кеңейту сияқты әдістерді қолданады. Мәселен:

Асау жүрек қайнамай,

Жуасыр ма еді кезінде? - («Татьянаның Онегинге жазған хаты») деген өлең тармақтарында жастық шақтың албырт кезеңі бейнеленген, тауы шағылып, беті қайтпаған ер көңілдің бейнесі көрінеді. «Махаббат іздеп талпынар, Асау жүрек алқынар» деген ақын - адамды бақытқа бастар жол, олардың бір-біріне деген ыстық сезімі деп түйеді.

Ақын 3-қара сөзінде қазақтың бір-біріне қаскүнемдігін, мансапқорлығын, жалқаулығын, надандығын көріп назаланады, біздің халықтың бар ойы малын көбейтіп дүние жыйып, оны аз күндік ғұмырының рахатына жұмсамайтынын, қызметке таласқыштығын сынайды. 43-қара сөзінде: « . . . жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық - бұл төрт нәрсеменен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі. Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады . . . » дейді. Осы көріністен ақын жүрегіне салмақ болып, қатты қиналғанын «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінде жеріне жеткізе айтып, билікқұмар қандасының әрекетін сынайды. «Жүрегім менің - қырық жамау» деген жыр жолы Абайдың «қиянатшыл дүниеден» көңілі қалғанын байқатады.

Ұлы ақынның «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» атты өлеңінде:

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - дегені үнемі алға ұмтылу, ізденудің сипаты - «Ыстық қайрат», ізгілікті іс, жақсылыққа пейілді болу - «Нұрлы ақыл», иманды болу жолында адамдарға мейірмандылық сыйлау - «Жылы жүрек». Осы үш қасиетті ізгілікке жұмсай алғанда ғана « . . . толық инсаниятың бар болады» деп халқына ақыл береді. Ал ақынның мына өлеңіндегі жүрек басқаларына қарағанда өзгерек. Онда баласы Әбдірахманның Алматы қаласында науқас үстінде жатқанда сағынған жүректің үлкен толғанысын көреміз:

Я, құдай, бере көр

Тілеген тілекті.

Қорқытпай орнықтыр

Шошынған жүректі.

Шын жүрек елжіреп,

Алладан тілеймін.

Шын қалқам осы күн

Болып тұр керек-ті.

Жүрегім суылдап,

Сүйегім шымырлап,

Алладан тілеймін

Құпия сыбырлап, - деген ақын өлеңінде адамның өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін діни-философиялық ағымның өзегі - жүректі тыңдау жатыр. Ақынның өлеңдегі ойы Құран кәрімдегі «Рабымыз, Өзің бізді тура жолға салғаннан кейін, енді жүректерімізді хақ жолдан аударма» деген аятпен (Әли-имран сүресі (3) 8-аят) үндесіп тұр. Ислам дінінде жүрек адамның өзегі, тура жолға бастаушы. Иман ұяламаған жүрекке перде тұтылып, кір шалады, мұндай жүрек Жаратқанды танып білуге қабілетсіз. Иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады, ол қайрат пен ақылға бағынбайды, жақсылыққа қуанады, жамандыққа ермейді.

«Күлембайға» деген өлеңінде ақын:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдараның сопылық идеялары
Адам мәселесінің, Абай даналығында бейнеленуі
АБАЙ ТОЛЫҚ АДАМ ТУРАЛЫ
Абайдың ақындық кітапханасы
Алғашқы Абайтанушылар
Абай және Йасауи хикметтері
Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Нәби айтып жүргені сол жолдар
Растың төртінші қыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz