Н. Ә. Назарбаевтың Сындарлы он жыл еңбегіндегі негізгі идеялары


Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
РЕФЕРАТ
Алматы 2020
Кіріспе
Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі - тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі - Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған Н. Ә. Назарбаев ел басқару ісімен қатар, бірнеше еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді.
Әдетте мемлекеттiң стратегиялық даму мәселелерi туралы еңбектер мейлiнше жалпы мәселелердi қамтып, ежелден қалыптасқан қағидаларды басқаша негiздеумен ерекшеленетiн. Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатыны және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнi аңғарылады. Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған.
Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегіндегі негізгі идеялары
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Əнұранының (мəтіні) авторы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей əлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Əбіш пен Əлжанның қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Нұрсұлтан Шамалған орта мектебінде оқиды. Орта мектепті қазақша оқып бітіргеннен кейін Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанда металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (1965), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. 1989 жылдың маусым айынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сəуірге дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1990 жылдың сəуірінен Қазақ КСР 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1995 жылдың 29 сəуіріндегі бүкілхалықтық референдум нəтижесі бойынша оның Президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1998 жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті ҚР Конституциясына сəйкес Президенттік өкілеттік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдап, 1999 жылдың 10 қаңтарына жаңа Президент сайлауын белгіледі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы негізінде 4 үміткер өткен осы сайлауда Н. Ə. Назарбаев алдағы жеті жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен бүкілхалықтық сайлауда бес үміткердің ішінде Н. Ə. Назарбаев 90 пайыз дауыс жинап, тағы да жеңіске жетті. Н. Ə. Назарбаев - бірнеше кітаптардың авторы. Атап айтқанда: "Тарих толқынында", "Ғасырлар тоғысында", "Сындарлы он жыл", "Бейбітшілік кіндігі", "Еуразия жүрегінде" және т. б. Нұрсұлтан Əбішұлының жұмыстан қалт ете қалған қолы бос сəттерінде өлең жазумен де айналысатыны белгілі. Өзінің ата мекені Үшқоңыр жайлауы туралы өлеңіне жазылған əнді бүкіл халқымыз шырқайды. Сонымен бірге, Қазақстанның жаңа Əнұранына да Елбасының атсалысқанын білеміз.
Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен пайымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда менің зерттеу жұмысымның бір негізі болып отырған Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан жолы» (2007) . Көрсетiлген еңбектерде елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары суреттелген.
«Сындарлы он жыл» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы. Президент Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде өзін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын мазалап отырған оқығаларды -жер шарында, аймақта, Қазақстан елінде қауіпсіздікті сақтау, жаһандану жағдайындағы мемлекеттердің, адамдардың тіршілігі, дүние жүзін дүрліктірген терроризмнің кесірі, руханияттың қоғамдағы рөлі, имандылыққа тәрбиелеудегі қызметі, ланкестік пен экономикалық бүліктің алғышарты болып отырған нашақорлық пен есірткі бизнесінің адам ұрпағына залалы, Каспий қайраңындағы мұнайдың мол байлығын игеру, бұл аймақтың жанжал көзіне емес, жасампаз істер аймағына айналуын өз кітабыны арқау еткен. Мемлекет басшысы бұл жұмысында қазіргі жаһандануға еніп бара жатқан дүниенің тіршілік үшін маңызды мәселелерін оз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, оның жаңа ғасырда Қазақстанның дамуындағы бейнеленуін көрсетеді. Кітап фактілік материалдарға аса бай, соның негізінде автор адамзат қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге ашық түрде баға беріп, қазіргі таңдағы мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.
Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Кітап осы бір өткір мәселе ең алдымен белгілі бір күштер арқылы өзінің нақты саяси мақсаттарына қол жеткізу ретінде қаралады. Соның негізінде автор әскери әсер ету рычагтарынан басқа терроризммен күресте оған түрлі елдер арасындағы экономикалық дамудың теңсіздігін жеңу жөніндегі белсенді қызметті, сондай-ақ қазіргі кедейшілік мәселелерін шешуді, этностар аралық және конфессия аралық диалогтарды шешуді қажет деп есептейді.
Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды. Мұның өзі тіптен де түсінікті, өйткені кейбір жеке елдер үшін дін өзінің этникалық және мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу факторы болып қалуда.
Автор конфессионалдық қауіпсіздікті біржақты түсінбейді, бір жағынан алғанда, ол - халықтар мен ұлттардың рухани күш-қуатын қолдау мен мемлекеттік кепілдік беру жүйесі. Басқа жағынан алғанда, қоғамдағы дінаралық келісім мен дін бостандығына төнген қауіпке қарсы әрекет ретінде ұғынылады. Дүниені қысылтаяңға келтіріп отырған шынайы қауіптер Қазақстаннан алыс жатыр деген ой, шынын айтқанда, аңғал ой деп есептейді автор. Республиканың геосаяси орналасуының өзі құрлық көлемінде болса да, болып жатқан оқиғаларға қатысты екендігіне негіз береді. Сондай-ақ Қазақстан мұнай мен газдың мол қорына ие, ал мұнай қайда болса, саясат пен алдын-ала айтып болмайтын жағдайлардың ықтималдылығы да сонда.
Каспий - әлемдік энергетика үшін ғана маңызды аймақ емес, ол экономикалық және саяси мүдделердің тоғысу аумағы. Нұрсұлтан Назарбаев аймақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар бастамаларды ұсынады. Олардың қатарында «Каспийдегі тұрақтылық пакті» бар, соның негізінде Каспий жағалауы мемлекеттері арасындағы, Каспийдегі барлық геосаяси ойыншылар арасындағы қатынастардың әскери-саяси, экономикалық және экологиялық аспектілерін реттеуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz