ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ
БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ
Қазақстан Республикасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға "Денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады. [5].
Eрекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) - бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік.Себебі инклюзивті білім берудің принципіне қарар болсақ, әр оқушы жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назары аударылады.
"Экономикалық ынтымақтастық және жаму ұйымы" елдерінде ерекше білімді қажет ету термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез - құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық - зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сондай-ақ дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. [17].
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ - психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар, олар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек - қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ - оқытудағы ерекше қиындықтары бар, яғни мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
Зияты қалыпты балалардың қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады, олар: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Осы қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан . яғни отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы, сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан: гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б. құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан , олар: енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтіліктен пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары, ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар, сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар босқындар, мигранттар, оралмандар немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
Eрекше білім беру қажеттілігі бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді. ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған мүмкіндігі шектеулі бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ СИПАТЫ
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады [18]. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық - педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік - педагогикалық көмек.
Ерекше білім беру қажеттіліктердің әрқайсысының сипаты:
1 Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
- мектеп Кеңесінің шешімімен;
- психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңестің ұсынысымен.
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" заңының 47 - бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен
жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. Егер белгіленген мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны пмпк-ке тексеруге жіберу қажет. Балаларды жеке бойынша оқыту психолиялық-медициналық-педагогикал ық кенестің ұсынысы негізінде ғана іске асады. себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Ақыл-ойы кем балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.Психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сыныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР Білім беру заңына [5, б. 19, 3т.], психолиялық-медициналық-педагогикал ық кенесінің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің ) келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
2 Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру психолиялық-медициналық-педагогикал ық кенес ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі. Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және 3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады. ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады.
Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.
Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту
1
Мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына)
2
Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру
3
Тапсырманы тек ауызшажазбаша орындауға мүмкіндік беру
4
Планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру
5
Басқа
Бақылау материалдарын өзгерту
1
Нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу
2
Бақылау тапсырмаларының санын азайту
3
Барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес)
4
Бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану
5
Басқа
3. Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін.
Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері.
Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары
1
Уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды
2
Оқу тапсырмалары қысқартылады
3
Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады
4
Басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар ұсынылады
5
Тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар ұсынылады
6
Жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді
7
Ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі
8
Сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады
9
Жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды
10
Жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі
11
Сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық тәжірибелік қызмет ұсынылады
Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл- ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған. Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: кіші қадамдар; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; сөйлеу тілін жандандыру; заттық және ақыл-ой әрекетіне алдыға қарай жылжу, меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады.
Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, нумикон әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.
4 Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау.
Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі.
Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады. Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:
- көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);
- тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.);
- есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
- зиятының бұзылуы (Оқу әдістемелік кешенінің түпнұсқасы).
Арнайы сынып оқушылары кәдімгі жәненемесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.
Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу- дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.
5 Оқытудың формасын таңдау.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ебҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz