Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пән


Жоспар
Кіріспе
- Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пән.
- Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері.
Қорытынды
КІРІСПЕ
Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені, конституциялык құқық негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтардың занды мәртебесін, мем-лекеттік органдардын ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ белгілі бір елдің тұтас құрылысын анықтайды. Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерек¬ше орын алады. Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен адамдар (азаматтар) арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады. Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп керсететін әдіс құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.
Конституциялық құқықтың институттары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық қарым-қатынасын құрайтын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес карым-қатынастың негізгі субъектілеріне: Қазақстан Республикасының азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т. б. жатады) . Конституциялық құқық нормалары. Бұл ең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида-ережелер. Конституциялық құқықтың негіздеріне- құқықтық нормативтік актілер; соттық преценденттер; құқықтық дағдылар; халықаралық және мемлекет ішіаралық келісімдер жатады.
Конституциялық заңдар. Қазіргі дәуірдегі әр түрлі еддердің конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта әрі әр түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 108-бабы бойынша бұл елдегі федеральдық конституциялық зандар конституцияда белгіленген тәртіп бойынша қабылданды. Бұл федеральдық конституциялық заңдар Федерация Кеңесі мүшелерінің жалпы санының төрттен үш бөлігінен кем емес және Мемлекеттік Дума депутаттарының жалпы санының үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берілгенде ғана қабылданады. Қабыдданған заңдар, Конституцияның 4-бабына сәйкес, бүкіл Ресей Федерациясы территориясында ең жоғарғы (үстінен қараушылық) күшке ие болады. Ал, Қырғыз республикасында Жоғарғы Кенес (Парламент) депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс бергенде конституциялық заңдар қабылданады. Жай заңдар, Кырғызстан Республикасы Конституциясының 66-бабына сәйкес, депутаттардыц басым көпшілігі дауыс берсе қабылдана береді. Біздің республикамызда да осы іспетгі түрде зац кабылдау рәсімі өткізіледі. Органикалық заңдар. Кейбір елдерде мемлекеттік органдардың мәртебесін конституциясының бланкетті баптары негізіңде органикалық (байланыстырғыш) заңдар белгілейді. Мысалы, Франция Конституциясы бойынша органикалық зандар парламенттің екі палатасының да өкілеттігін, олардың санын, сайлау шарттары мен акы төлеуді белгілеп береді. Сол үшін де бұл елде парламент қаржыға тиісті зандарды тек органикалық заңдарға сай қабылдайды. Ал, енді Марокко корольдігінде органикалық зандар шектеулі зандар, декрет зандар, дахирлерге (король актілері) қарағанда қоғамдық карым-қатынастардың ете маңызды тұстарын реттейді. Жай заңдар. Мұндай нормативтік актілер өз елі ішінде Конституциялық не органикалық зандар қодданбаған жағдайда қолданылады. Мысалы, Өзбекстан Республикасының Эстон Республикасының және т. б. елдердін зан шығарушылық тәжірибесінде Конституция бойынша тек жай зандар шығару қалыптаскан. Кейбір елдердің нормативтік құқықтық актілері парламент кызметін уакытша аткарып, заң күшіне ие болады. Мысалы, Кубаның Мемлекеттік Кеңесі декреттері, Вьетнам Ұлттық жиналысы, Испания өкіметінін заң шығару актілері, сол сиякты біздің елімізде де Президент, Конституцияда карастырылғандай, заң күшіне ие жарлыктар мен зандар жариялай алады. Атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне мемлекет басшысының Жарлықтары мен шешімдері және т. б. құжаттары, өкімет пен онын ведомстволарынын бұйрықтары мен декреттері, т. б. жатады. Парламент палаталары регламенті негізінен олардын қызмет тәртібін, ішкі құрылыс-жүйелерін, депутаттардын ахлактық (этикалық) ережелерін, т. б. анықтайды. Өзін-өзі басқару органдарының актілері көпшілік алдындағы билікті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық карым-катынасты жиі реттеп отырады. Сот преценденті, белгілі бір іс бойынша сот шешімі үлгі ретінде танылып әрі екіншіден осы іспетті істерді қарағанда басшылыққа алынады. Англия, АҚШ, Үндістан, т. б. елдерде консти-туциялық құқықтың негізі есебінде қаралады. Көп елдерде конституциялық құқық негізі ретінде құқықтық дағдылар (әдет-ғұрып) алынады. Бірақ, бұлардың бәрі мемлекет тарапынан санкцияланып, жалпыға міндетті ережелерге айналуы тиіс (мысалы, Англия мен Индияда өкіметтік жүйені түзуде конституциялық келісімдер, т. б. жасалады) . Әрине, халықаралық келісімдер (сол мемлекеттің өз консти - туциялык заңдарын басшылыққа ала отырып) сол елдің сыртқы саяси принциптері мен мақсаттарына сай жасалады. Мысалы, Ресей, Эстония, Болгария сияқты және т. б. елдердің негізгі ұлттық заңдарынан осы елдер бекіткен халықаралық шарттардын басымдылығы анық. Ал, 1995 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Ата Заңында (4-бап, 4-тармақ) : "Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша, оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан баска реттерде, тікелей қолданылады" - делінген. Сейтіп, бекітілген халықаралық шарттар респуб - лика зандарынан басым келеді. Франция Республикасының 1958 жылғы Конституциясы бойынша да: "Шарттар мен келісімдер өзіне лайықты бекітілгеннен немесе куатталғаннан кейін, екі жақ ол шарт не келісімді қолданатын жағдайда, жарияланған кезден бастап ішкі заңдардан гөрі басымдық күшке ие болады" (55-бап) . Мемлекет ішіндегі келісім-шарттар, әдетте, федеративті мемлекеттер конституциясында субъектілер арасындағы құқыктық қатынастарды бекіткеніне жүгінеді. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 66-бабына сәйкес облыс не елке құрамына енетін автономиялық округтердің өзара қарым-қатынасы сол автономиялық округтердегі (өлкедегі) мемлекеттік билік органдары арасындағы келісімдермен реттеледі. Шетелдік заң әдебиеттері сонымен қатар атақты заңгер ғалымдардың еңбектерінде Конституциялык құқық негізіне (мы - салы, Англия, т. б. елдер) жатқызады. Ал, Ресейдің заң ғылымдарының доктринасы бұл елде Конституциялык кұқықтың негізі ретінде емес, қайта дәлелдемеге қосымша толықтырғыш ретінде қарастырылады. Енді өз елімізді алсақ, біздер атақты Төле, Казыбек, Әйтеке секілді билердің доктринасын конституциялык құқықтың негізіне жатқызамыз. Сол сиякты кейбір елдер (мысалы: Алжир, Ватикан, Сауд Арабиясы, Иран, т. б. ) конституциялык кұкық негізіне діни кағидалар жинағын да кіргізеді. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибесінде онан да өзге зандардың конституциялык құқықтар негізі ретінде алынатыны жасырын емес.
2. Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялык құқығы Қазақстандағы барлық заң институттарында оқытылады. Бұрын, кеңес өкіметі түсында, жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде "Буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекетгік құқығы" және "Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттік құқығы" деп арнайы белек оқытылды. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды. Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердің конституция - лык кұқықтарын жаңа көзқараспен карап, тұжырымдар жасаймыз. Өйткені, дамыған өркениетті елдердің конституциялык құқықтарымен катар Қазакстан Республикасына ұқсас елдердің мемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл елдермен карым-қатынастарымыз күн санап арта түсуде, осыған орай олардын конституциялық заңда - рын білу елдік зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялык құқықтарын өз республикамыздың конституциялык құқығымен салыстыра қараймыз. Ондағы мақсатымыз-Республикамызда құқықтық-демократиялық мем - лекет орнықтыру барысына кажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.
Конституциялық құқық өзатауын айрықша заңды құжат - конституциядан алды. Оны әдетте ресми (Германия) немесе ресми емес (Болгария және т. б. ) түрде негізгі заң деп атайды. Конституциялық құқық тек конституциямен ғана байланысты емес, ол көптеген құқықтық актілерді - парламент қабылдайтын заңдарды, президенттің жарлықтарын және декреттерін, үкіметтің қаулыларын және ордонанстарын, конституциялық соттың немесе конституциялық кеңестің қаулыларын және т. б. қамтиды. Әрқайсысы өзінің реттеу пәні ретінде біртектес қоғамдық қатынастар тобым иеленетін басқа құқық салаларымсн (еңбек құқығында - еңбек қатынастары, қылмыстық құқықта - қылмыс және жазалау және т. б. ) салыстырғанда конституциялық құқықтың нормалары, ең алдымен, барлық аса елеулі, маңызды қоғамдық қатынастардың негіздерін; адам өмірінің (заңның ең төменгі күнкөріс деңгейін белгілеуі, елдегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі), мемлекеттік өмірдің (мемлекетті ұйымдастыру және оның қоғамдағы орны), қоғамның өзінің (нарықтық немесе мемлекеттік экономика) негіздерін реттейді. Конституциялық құқық бұл қатынастарды қоғамның, адам өмірінің, ұжымдардың өзін-өзі реттеуін сақтай отырып, құқықтық реттеу аясында ретке келтіреді. Конституциялық құқықтық зерттеу қоғамдық өмірдің келесідей басты салаларын қамтиды: экономика, әлеуметтік қатынастар, саясат, қоғам өмірінің рухани саласы, осы қатынастардағы адам мен азаматтың орны.
Қоғамдық өмірдің басты салаларының негіздері кешенді түрде тек конституциялық құқықпен реттеледі. Конституциялық құқықтың, әсіресе, конституцияның нормалары құқықтың өзге салалары үшін бастау болып табылады және сол салаларда жалғасын табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz