Аталық малдың жыныстық рефлекстері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Көбеюдің мәні

2. 2Малдың жыныстық, физиологиялық жетілуі

2. 3Аталық малдың жыныстық рефлекстері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған Әдебиеттер.

I. Кіріспе

Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің білгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ немесе рецептивтік өріс деп атайды.
Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды жалғыз синапсты және күрделі көп нейронды, көп синапсты болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санымен байланысты. Ең қарапайым доға бес буыннан тұрады. Олар - рецепторлар, орталыққа тепкіш нерв, нерв орталығы, орталықтан тепкіш нерв және атқарушы орган - эффектор.
Сүт қоректі жануарлар еркек дарақтарының көбею ағзаларының қызметі күрделі рефлекстер жиынтығы түрінде атарылады. Жыныс құштарлығы еркек мал анализаторларының (көру, есту, иіс, жанасу) ұрғашы малмен байланысты тітіркендіргіштерді қабылдауынан және де жыныс гормондарының жыныс құштарлығын тудыратын әсерінің салдарынан қалыптасады.
Жыныс рефлекстері дара даму кезінде шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасқан шартты рефлекстер жиынтығы түрінде атқарылады. Жыныстық шартты рефлекстер өте шапшаң қалыптасады. Шағылысуға немесе жасанды қынаппен шәует беруге бір реттен соң ақ шартты рефлекстер пайда болады. Шағылысу манежінің бейнесі, шағылысуға дайындалған ұрғшы мал жыныстық қоздырғыш болып табылады.
ЭРЕКЦИЯ деп аталық жыныс мүшесінің үлкейіп, қатайып, ұрғашы мал жыныс ағзаларына ене алатындай жағдайға келуін айтады. Бұл құбылыс жыныс мүшесіне артерия қанының келуінің күшейіп, кеуек денелердің қанмен келуімен байланысты. Эрекция кезінде шонданай-кеуектік және ьадана-кеуектік еттер жиырылып, жыныстық мүше түбірін шонданай сүйегінің доғасына қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады.

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС деп ұрғашы мал қынабына еркек мал жыныс мүшесінің енуін және шәуеттің бөлінуін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығын айтады. Бұқа мен қошқарда жыныстық қатынас жылдам аяқталады да, айғыр мен қабанда ұзағырақ созылады.

ЭЯКУЛЯЦИЯ деп шәуеттің несеп-жыныс өзегіне бөлінуін айтады. Бұл күрделі рефлекторлық процесс аталық жыныс мүшесі рецепторларының қынаптың температуралық және механикалық әсерлерінен тітіркенуімен басталады. Одан әрі тітіркеніс орталыққа тепкіш жыныстық нерв талшықтары арқылы жұлынның құйымшақ бөлігіндегі эякуляция орталығына беріледі

II. Негізгі бөлім

Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағзалары толық дамып-жетілмеген күйде болады. Осыдан олардың өніп-өсуге, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық дамып жетіледі де, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, әр жыныс өкілдеріне тән жыныстық мінездер (жыныстық қозу, басқа жыныс өкілдеріне қүштарлық, жыныс рефлекстері, т. б. ) пайда болады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде аталық және аналық жыныс гормондары қарқынды түзіліп, ұрғашы малда жыныс айналымы байқалады. Демек, жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады.

Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде кенеттен, күрт қалыптаса салатын жағдай емес, керісінше, ол белгілі бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің нәтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖГ, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық жэне аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс торшалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйесі, атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам-шалық ядролар, лимбикалық жүйе қатысады. ОНЖ-де анық оқшауланған жыныс орталығы табылған жоқ. Жыныстық жетілу кезінде мидың әртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталаму-сте, гормондардың әсерімен жыныстық басымдылық (доми-нанта) пайда болады. Осының нәтижесінде малда тиісті мінез қалыптасады. Сондықтан организмнің гормондық статусына бай-ланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады. Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың түқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, кли-мат жағдайларына байланысты.

Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады:
Сиырда - 6 - 10 Бүғыда - 17
Қой - ешкіде - 7 Қоянда - 5
Шошқада - 6 Итте - 7
Жылқыда - 18 Мысықта - 5
Түйеде -24-36 Қара күзенде - 9, 5

Шамамен, осындай мерзім ішінде аталық малда да жыныстық жетілу байқалады.
Жыныстық жетілу организмнің пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды, төл әлжуаз болып туады. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Физиологиялық жетілу мерзімі жас малдың тірі массасы сақа мал салмағының 70-75% мөлшеріне жеткен шағына сәйкес келеді.

Әртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:
Сиыр-16-18 бұғы -30
қой-ешкі-12-15 қоян -6
шошқа- 10 ит -12
жылқы - 3 6; мысық -10
түйе - 48-60 қара күзен - 14

Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу мерзімін қысқартады. Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды.

Аталық мал жыныс мүшелері жəне олардың қызметі

Аталық малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шəуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тəрізді без, қуық безі, баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады. Ен - жыныс торшалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп без. Сыртынан ол өзара жабыса орналасқан сыртқы жылтыр немесе еннің меншікті қынап қабығымен жəне ішкі фиброзды немесе еннің ақ қабығымен қапталған. Ақ қабықтан еннің өзегіне қарай дəнекер ұлпалы перделер тарайды да, олар енді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Əр бөлікшенің ішінде сырт жағынан іркілдек масса жəне дөңгелек пішінді Лейдиг торшаларымен қоршалған 5-6 ирек түтікшелер орналасады. Ирек түтікше торшалары əртүрлі даму сатысындағы аталық жыныс торшалары мен нəрлендіру (трофикалық) жəне сүйеніш қызметін атқаратын тұлғалық (сомалық) торшалардан тұрады (134-сурет) . Сертолий торламасы (синцитий) деп аталған нəрлендіргіш торшалар арасында ұрық түзуші (сперматогендік) эпителий торшалары орналасады. Олар бастапқы жыныс торшаларынан бастап жетілген жыныс торшалары (спермий) күйінде болады. Бұл жайт ұрық түзу процесінің (сперматогенез) осы ирек түтікшелер қабырғасында жүретінінің дəлелі. Сперматогенез төрт кезеңде өтеді: көбею, өсу, жетілу жəне қалыптасу. Көбею сатысындағы ең жас аталық жыныс торшаларын сперматогоний деп атайды. Олар ірі ядролы майда торшалар, ирек түтікшелер қабырғасының сыртын ала орналасады. Бұл торшалар митоздық бөліну нəтижесінде көбейіп, бірінші реттік спермацит деп аталатын торшалар түзеді. Өсу үстінде олар үлкейіп, өзгере (редукциялана) бөлінуге қажетті жағдайлар тудырады да, гаплоидтық толық хромосомалар жиынтығымен сипатталатын екінші реттік спермациттер түзіледі. Осыдан кейін торшалар жетіліп, екі мəрте бөлінеді. Екінші рет бөлінгенде əрбір хромосома екі жартыға - хроматидтерге ажырайды да, хромсомалардың жартылай (диплоидтық) жиынтығы бар торшалар - сперматидтер түзіледі. Сперматидтер əрі қарай бөлінбейді. Олардың цитоплазмалық құрылымдарында күрделі өзгерістер жүріп, құйрық пайда болады да, сперматогенездің төртінші - қалыптасу кезеңінде спермацидтер спермийге айналады. Түзілу барысында ирек түтікшелер өзегіне алдымен спермийдің құйрық жіпшелері, соңынан бастары өтеді де, спермий толығымен түтікшелерге өтеді. Жетілген спермийлер мөлшері жағынан сперматогониялардан əлде қайда кіші болады. Жетілу үстінде олар өз цитоплазмасы мен қосалқы компоненттерінің көп бөлігін жоғалтып, бас бөліктен, дене тұлғадан жəне құйрықтан тұратын торшаға айналады. Спермий басы ядролық заттардың шоғырланған жері. Спермий денесі мен құйрығы цитоплазмадан түзіледі. Спермий басының апикальдық ұшында цитоплазманың бір бөлігі мен Гольджи аппараты шоғырланады. Олардан торшаның бас қапшығында акросома қалыптасады. Бұл органоид спермий басының аналық торшаға енуі үшін қажет. Ал құйрық спермийге қимылдағыштық қасиет береді. Спермийдің жалпы ұзындығы 50-70 мкм болады. Бір түлік өкілдерінде спермийдің жетілу мерзімі шамамен бірдей, ал əр түлік малда ол əртүрлі. Мысалы, сперматогенез мерзімі бурада 56, бұқада 54, қошқарда 49, айғырда 42, қабанда 34, қоянда 41, төбетте 56, қоразда 25 күнге созылады. Бастапқы аталық жыныс торшалары ирек түтікшелер ішіндегі сертолий торламасының іркілдек затында орналасады. Бұл зат бастапқы жыныс торшалары мен жетіле бастаған спермийлерді нəрлендіріп, бұзылудан сақтайды. Жетілген спермийлер гиалуронидаза ферментін бөлу нəтижесінде іркілдек затты сұйылтып, ирек түтікше өзегіне өткеннен соң, сілтілік орта əсерімен 134-сурет. Сперматогенез жəне овогенез схемасы: Сперматогенез: 1 - сперматогониялар, 2 - бірінші реттік сперматоцит, 3 - екінші реттік сперматоцит, 4 - сперматоциттер, 5 - спермиялар. Сперматозоид: 1 - торша басы, 2 - мойыны, 3 - тұлғасы, 4 - құйрығы, 5 - акросома, 6 - ядро, 7 - мембрана, 8 - центриолалар, 9-орталық жіпше, 10 - шиыршықты жіпше. а - көбею, б - өсу, в-жетілу, г - қалыптасу кезеңдері. Овогенез: 1 - овогонийлер, 2 - бірінші реттік овоцит, 3 - екінші реттік овоцит, 3а - бірінші бағыттаушы денешік, 3б-екінші бағыттаушы денешік, 4 - гамета (жұмыртқа) 392 қозғалғыштық қасиетке ие болады. Содан кейін аталық торшалар тік түтікшелер, ен торы, еннің шығару өзегі арқылы ен қосалқысына өтеді. Ен қосалқысы үш бөлікке - қосалқы басына, тұлғасына жəне құйрығына, бөлінеді. Қосалқы өзегі - ирек түтікше. Оның ұзындығы 50 метрден (қошқарда) 85 метрге дейін (айғырда) жетеді. Қосалқы басының өзегі өте жіңішке (0, 1-0, 2 мм) келеді де, ол бірте-бірте кеңейіп, құйрық бөлігінде оның диаметрі 1-2 мм дейін өседі. Ішкі жағынан өзек əлсіз қышқыл реакциялы секрет бөлетін биік цилиндр пішінді эпителиймен көмкерілген. Ен қосалқысы өзегінде спермийлер өте көп мөлшерде (бұқада 20-40 млрд) жиналады. Бұл жерде олар 8-20 күн аралығында біраз морфофункциялық өзгерістерден өтеді. Қосалқы өзегінің оттексіз қышқыл ортасында спермийлер əбден жетіліп, анабиоз жағдайына келеді, тығыз липопротеидті қабыққа оралып, теріс зарядқа ие болады, олардың антигендік қасиеттері өзгереді. Бұл оларды ортаның қолайсыз əсерлерінен, ісініп кетуден, жабысып қалудан сақтайды. Ен қосалқысында спермийлердің жетілуі барысында цитоплазмада шашылып жатқан митохондриялар орталық жіпше маңына жинақталады. Бұл спермийлер қозғалған кезде оларды қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ен қосалқысы қан жəне лимфа тамырларымен, жүйке талшықтарымен жақсы жабдықталған. Осының арқасында спермийлер қажетті мөлшерде қоректік заттармен қамтамасыз етіледі де, алмасу өнімдері жинақталмай, дер кезінде шығарылып отырады. Қолайлы жағдайлардың туғызылуымен байланысты ен қосалқысы құйрығында спермийлердің өміршеңдік қабілеті ұзақ уақыт (1-2) ай бойына сақталады. Аталық жыныс торшаларының түзілу, жетілу жəне сақталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады. Ыстық кезде ұма еттері мен енбау босаңсып, ен салбырап кетеді де, ұмадан тер бөлініп, булану нəтижесінде температура төмендейді. Суық кезде ұма еттері жиырылып, тері бүріседі де, ен құрсақ қабырғасына тартылады, қан тамырлары тарылып, жылу бөлу азаяды. Ен температурасының 38-400С-ға дейін жоғарылауы қалыптасқан спермийлердің бұзылуына, олардың түзілуінің тоқтауына соқтырады. Сондықтан екі жақты крипторхизм (еннің ұмаға түспеуі) жағдайында аталық торшалардың түзілуі бұзылып, аталық мал ұрықтандыру қабілетінен айырылады. 393 Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шəуеттік жол деп аталады. Ол оң жəне сол жол болып бөлінеді. Шəуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып, несепжыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады. Шəуеттік жолдың қызметі - шəуетті ен қосалқысынан несеп-жыныс өзегіне жеткізу. Оның қабырғасы үш қабаттан: кілегейлі, етті жəне сірлі қабықтардан тұрады. Жолдың кілегейлі қабығы жыбырлағыш эпителиймен астарланған. Етті қабат бойлама жəне сақиналы ет талшықтарынан құралған, олардың жиырылуы нəтижесінде шəует шəуеттік жолмен жылжиды. Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігінде қосалқы жыныс бездерінің (көпіршік тəрізді, қуық алды, баданалық (купер) жəне уретралық) өзектері ашылады. Айғырда көпіршік тəрізді бездер қою, шұбалыңқы, ал бұқа мен қошқарда - сұйық секрет бөледі. Қуық безі айғыр мен қабанда жақсы жетілген, олар сұйық секрет бөледі. Бұл без бұқа мен қошқарда нашар дамыған. Баданалық без қабандарда жақсы жетілген, ол жабысқақ секрет бөледі. Қосалқы без секреттері шəуетті сұйылтады, сперматозоидтардың қимылын жандандырады, несеп-жыныс өзегін шайып, зəр қалдығынан тазартады. Несеп-жыныс өзегі жамбас қуысының төменгі жағымен шонданай доғасына дейін барады да, күрт төмен бұрылып, жыныстық мүше құрамына кіреді. Жыныстық мүше - ұзынша пішінді, қос кеуекті (кавернозды) денеден жəне несеп-жыныс өзегінен тұратын орган. Несеп жыныс өзегі жыныстық мүшенің астыңғы жағында, кеуекті денелер арасындағы сайда орналасады. Жыныстық мүше арқылы шəует аналық жыныс мүшесіне ендіріледі, зəр бөлінеді. Жыныстық мүше түбір, дене жəне бас бөліктерге бөлінеді. Кеуекті денелер түбірінен екі айырылып, аяқшалар арқылы жамбастың шонданай доғасына бекиді. Əр аяқша мықты дамыған шонданай-кеуектік етпен оралған. Аяқшалар біріге келе жыныстық мүше құрайды. Оның сүйірлене біткен басында несепжыныс өзегі ашылады. Кеуекті денелер сырт жағынан тығыз дəнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Одан кеуекті денені көптеген үңгір-қуыстарға (каверна) бөлетін перделер тарайды. Бұл перделер ет талшықтарымен жабдықталған жəне олар қиылыса келе кеуекті тор құрайды. Үңгір қуыстар іш жағынан эндотелиймен көмкеріліп, түрленген тамыр арнасын құрайды. Жыныстық қозу кезінде үңгір қуыстар 394 қанға толып, шонданай-кеуектік еттің жиырылуы нəтижесінде вена қанының ағысы бөгеледі де, жыныстық мүшенің көлемі үлкейеді, ол қатаяды. Бұл құбылысты қобу (эрекция) деп атайды. Жыныстық мүшенің бас бөлімі екі қатпарлы тері бүкпесі - күпек ішінде орналасады. Күпек сырт жағынан терімен қапталған, ал оның ішкі беті жұқа көп қабатты эпителиймен көмкерілген.

Аталық мал жыныс ағзалары қызметінің реттелуі. Жыныстық рефлекстер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбеюдің мәні
Жыныстық және физиологиялық жетілу
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
Туғаннан кейінгі аурулар. Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі
Ұрғашы малдың жыныстық циклы
Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы
Туғанан кейінгі аурулар туралы ақпарат
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғанан кейінгі аурулар
Аналықтардың бедеулігі
Аналық ұрық безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz