Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы



Жоспар

1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.
4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я.А.Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық
қызметі мен теориясы. (1592-1670жж).
Жоспар
1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.
4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.

1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян
Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр
ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін
күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық,
сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында
табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды
(Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды,
гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге
қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша,
жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең
болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады.
Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық
ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я.А.Коменский 1592
жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын
жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске
бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары”
қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта
мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда
математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол
кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде,
Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар
үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол
жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский
өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін,
Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып
тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының
священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді:
мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап
етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін
оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың
табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын
қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында
насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше
педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.
Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы
бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып,
реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен
кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я.А.Коменскийге өз отанын
тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің
салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның
қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында
орын тапқан Я.А.Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия
басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен
мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі
жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға
ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік
іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары
мен тәсілдері кеңінен мадақталды.
Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және
бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен,
педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді.
1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты
оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632
жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді.
1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды.
Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.
“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық
тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы – дмдактикасының негізін қалаған ғылыми
еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген
елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта
ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және
Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен,
мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен
айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа
әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына
негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты
даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние
жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең
құнды оқулық ретінде есептеліп келді.
1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк
соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші
рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен
айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды,
өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып
шығарды.

2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы
факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның
өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех
ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму
бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.
Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің
шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын
материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды,
тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің
ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.
Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас
ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның
шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары
өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі
жақтылығы.Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға
болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни
талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға
болады.
Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде
өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен
қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі.
Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде
қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы,
прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын
айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы
озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық
тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.
Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері
болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше
сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы
бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан
қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген.
Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады.
Каменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді.
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан
білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай
әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің
түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және
басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана
тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың
жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай
білуге міндеттейді.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық
балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды:
“Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана
жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың,
байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда
және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп
жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі
жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей
демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта
болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану.
Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе
жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің
сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі
экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.

3. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.
Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол
кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып,
ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың
нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін
ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.
Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене
отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта
бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап
заңдарына бағындырылған.
Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасау тұжырымдады, ол
негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам
табиғатына” негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің
педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі
сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді.
Мысалы, оқытуды жалып пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас
қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-ұйренудің жеке
бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан
бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі
оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері
дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды,
ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның
жеке бөліктерін салады.
Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-
әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының
дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады.
Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті.
Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың
психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту
үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды.
Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп,
Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған
оқыту үрдісі болып табылады.
Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның
ішінде негзігі педагогикалық шығарма – “Ұлы дидактиканың негізіне дұрыс
тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және
ХІХ ғ.ғ педагогиалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика
(Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т.б.) бұл қағиданы әртүрлі
қарастырды.
Коменскийдің айтуынша, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде өсімдіктер
және жануарлыар жүйесінде, сонымен қатар адамдарға қатысты іске асатын
табиғаттың негізгі, жалпы заңдарына бағынады.
Коменский “мектептің жұмыс тәртібін табиғаттан үйрену керек” деді.

4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы
заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін
және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам
табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне
сүйену кездеседі.
Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы
6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
1) балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
2) жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;
3) жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;
4) ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге
бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене
жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады;
жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары – тілі мен қолы
дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары
деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта – ерік-қайраты мен
қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім
берудің ерекше сатысын ұсынады.
1) 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың
басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
2) Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті
жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
3) Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын
мектебі немесе гимназия ұсынады.
4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе
облыстарда – академия ұсынады.
Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің
демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды.
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты
талдады.
Аналық мектеп – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда
негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің
идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас
кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу
қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан
алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз,
тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды,
табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды
ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы жағырафия
ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке
тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет,
тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)
Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра
отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне
қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез
және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б.
Бірақ Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше, шәкірттер
мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет,
азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және
жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу
қажеттігіне тоқталды.
Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш
оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің
ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту
өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі
мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.
Латын мектебін немесе гимназия ұйымдастыруды Коменский әрбір қалада
белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән
“жеті ерікті өнерлермен” ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше
мән берді.
Академияда Коменский сол кездегі жоғары оқу орынары тәжірибесінде
кеңінен қолданылған үш факультетті ұйымдастыруға, діни, заңгерлік және
дәрігерлік.

5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе
ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған
схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары
оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің
және ақылдылардың түрмесі деп атады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Оқыту теориясы туралы
Ян Амос Коменскийдің ізгілік педагогикасындағы рухани құндылықтар
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
Мектеп оқуының жүйесі
Ян Амос Коменскийдің дидактиканың негізін салушы
Ұлы дидактика еңбегінің педагогикалық маңызы
Пәндер