Зар заман ақындарындағы сопылық сарын
Зар заман ақындарындағы сопылық сарын
Сопылық дүниетаным қазақ даласы үшін жат дүние емес. Тарихшыларымыздың зерттеулерінде 12 ғасыр орта азияға дін келе бастаса, соның ішінде қазақ жұртына Ислам діні сопылық жолмен тараған деген тұжырым бар. Сондай-ақ исламды таратуда йасауйиа, накшбандйиа тәрізді сопылық ағымдар - тариқаттар ерекше орын алды. Жалпы Йасауиден Шәкәрімге дейінгі қазақ даласының ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарында сопылық дәстүрдің негізгі рухани қайнарлардың бірі болғаны және бұл тарихи-мәдени сабақтастықтың кешегі кеңестік дәуірге дейін сақталып келгені баршаға аян. Әсіресе қазақ әдебиеті мен поэзиясында сопылық сарындар кеңінен көрініс табады.
Жалпы сопылық ағымның негізгі ұстанымы мен мақсатын дұрыс түсініп, оның тарихи мәнін анықтасақ, оның маңызы мен қажеттілігін ұға аламыз.
Жалпы сопылық негіз Исламнан басқа нәрсе емес. Ислам ғылымы үш бастау бұлағынан құралады. Олар Иман, Ислам және Ихсан негіздері. Ал сопылық ағым осы ихсан тармағы болып табылады. Кейінірек тасауф ғылымы ретінде қалыптасты.
Ғұламалар сопылық ағымға берген анықтамларына қарасақ, Тасауф өз ішіне ақиданы (сенім), мораль, әдептілік және өзін тәрбиелеу жолындағы күрес, Аллаға құлшылық секілді құндылықтарды өз ішіне қамтып, оның негіздері Ислам (құлшылық), Иман (сенім), және ихсан (тазалық) болып табылады. Ол дегеніміз Алла тағала өз құлын үзіксіз бақылап тұратындығын сезіну, сонымен қатар, құран мен сүннетке ілесу дегенді білдіреді. Оның мақсаты Аллаға және оның елшісіне шын бойынсұнған халде, өзінің құмарлығымен күресіп, рухани биіктікке қауыштырып, адамды жағымсыз қылықтардан тазалап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру. (1.15 бет.)
Зар заман кезеңінің ірі өкілдерінің бірі Әбу Бәкір Кердері (Алла рахымына алсын):
Сопылық жолы ауыр жол
Ұстансаң оны тәуір жол.
Сопылықты ұстансаң,
Оқыған көп ғалым бол деуі арқылы сопылық асқан білімдарлықпен ғана құны болатынын айтады.
Имам Ахмад әр-Рифаи (Алла рахымына алсын) айтады: Тарихатқа ілескен сопы, пайғамбар сүннетімен жүреді, егер ол сүннеттен алыстаса, ол тариқаттан да алсытағаны деп тұжырым жасаған. (2.63 бет)
Ислам дінін Алла тағаланың адамзат баласына жіберудегі мақсаты да сол, пендені ең жоғарғы моральдық құндылыққа тәрбиелеу. Ислам дінінің де өзегі, негізгі мәні сол.
Мы можем назвать тасауф и очищением, и борьбой со своими страсями, в Коране по этому поводу есть аяты: А тому, кто боялся предстать пред своим Господом и удерживал себя от срастей, обителью будет Рай. Также суфизм можно назвать благодеянием, искренностью, ихсаном, воспитанием, но в любом случе мы будем вынуждены употреблять именно термин суфизм, так как он сохранился исторически. (1.17 бет.)
Осы тұста Сопылық жолдың ислам негіздеріне сәйкес келетіні туралы Мухаммад Садық әл-Гамаридің (Алла рахымына алсын) фатуасын мысалға алуға болады. Ол айтады: Сопылықтың негізін құрушыларға келетін болсақ, онда біліңіз, оның негіздерінде Жебрейіл періште арқылы пайғамбарға берілген Құдайлық дін жатыр. Суфизм - ізгілікті істер (ихсан), ал ол өз кезегінде пайғамбар хадисінде келгендей діннін үш өзегінің бірі болып табылады. деген. (3.6 бет)
Хазіреті Омардың (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені жеткізіледі: Бір күні біз Аллаһ елшісінің (с.а.с) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, бойында сапар ізі көрінбейтін және арамыздан оны ешқайссымыз танымайтын бір адам келді. Ол пайғамбарымыздың тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойып: Әй, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар берші, деді. Аллаһ елшісі (с.а.с): Ислам дегеніміз-Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ екеніне әрі Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етуің, намазды толық орындауың, зекет беруің, Рамазанда ораза ұстауың және жолын шамаң келсе үйге (Қағбаға) қажылық жасауың, деп жауап қайтарды. (Әлгі адам): Сен рас айттың, деді. Сонан соң ол: Енді маған иман жайынан хабар берші, деді. Аллаһ елшісі (с.а.с): Иман дегеніміз Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, ақырет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің, деді. Ол тағы да: Сен рас айттың деді. Сонан соң: Енді ихсан жайында хабар берші,-деді. Ол кісі (с.а.с): Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың. Егер сен оны көріп тұрмасаң да ол сені көріп тұр, деді... (12)
Мухаммад Садық әл-Гамари (Алла рахымына алсын) сөзін жалғастыра келе: Сіздер білгендей бұл хадисте ислам дінінің үш негізін келтірген. Егер адам ең болмаса (бұл жағдайда ихсан) осы үш негіздің бірін орындамаса, оның дінінде кемшілік болады. Тариқат жолы адам баласының иманы мен исламы толық болағаннан кейін дінді Ихсан жолымен кемелдендіруге шақырады. (3.6 бет)
Ибн Халдун (Алла рахымына алсын) өзінің кітабында: Бұл ғылым (тасауф), Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін қалыптасқан, шариғат ғылымдарына жатады. Тариқат негіздері сахабалар мен табиғиндер жүріп өткен тура жолдан тұрады. Бұл жол құдайға құлшылық қылу, толығымен Аллаға берілу, дүниенің рахаттары мен жылтырағынан бас тарту, бұл дүниеге қатысты аскеттік ұстаным секілді жоғарғы дәрежелерден тұрады. Көптеген саляфтар осы прицептерді ұстанған (5.329 бет)
Шортанбай Қанайұлы сопылықтың осы тұстарын шығармаларына арқау еткен.
Қатын, бала малдан кешіп,
Тәркі дүние болмасаң,
Кеше, күндіз зар жылап,
Тағат тақия қылмасаң,
Рахатымен жатқанға
Дидар құдай табылмас-ты (4.21 бет)
Әбул-Аббас Сәһл ибн Саъд әс-Саъдидің (Алла оған разы болсын) былай дегенін жеткізеді: (Бір күні) пайғамбарымызға (с.ғ.с) бір адам келді де: О, Алланың елшісі маған оны орындасам Алла сүйетін және адамдар жақсы көретін бір амал айьшы, - деді. (Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): Мына дүниеден баз кеш, сонда сені Алла жақсы көреді және адамдардың қолындағы нәрсеге қызықпа, сонда сені адамдар жақсы көреді,- деді. (6,284 б)
Шынайы рух тазалығына жетудің алғы шарты және маңыздысы дүниеге құнықпау. Себебі түптеп келгенде адамды дүниеге құнығудан басқа ештеңе бұза алмайды. Шортанбай зар заман өлеңінде шариғат бекіткен дүниеге қатысты мәмле бұзылғанда адамзат азғындыққа ұшырайтынын айтады.
Байлық бастан асқан соң,
Жанның бәрі мас болды,
Бір-біріне қас болды. (4.15)
Адамның жүрегінде иман мен дүниеге махаббат қатар тұрмайды. Жоғарыдағы хадисті Ибн Хажар әл-Хайтами (Алла оған разы болсын) Бұл ислам негізін құрайтын төрт хадистің бірі деп баға берген. (6,285 б)
Адам қанша талпынып, тыраштанғанымен Алланың маңдайына жазған несібесінен артық жей алмайды. Бұл бұлжымас қағида. Сонымен қатар қанша мал жиғанмен ахиретке алып кетері кебіннен басқа ештеңе емес. Адамдар көп мән бермейтін, осы бір аксиомалық ақиқатты Шортанбай (Алла рахымына алсын) назарынан тыс қалдырмаған;
Бұл дүниеге көңіл қойма!
Қонақ келсе арық сойма,
Есің болса өзіңді ойла,
Алты құлаш бөзден басқа
Артық пайда табылмас-ты.
Тағы бір өлеңінде Шортанбай (Алла рахымына алсын) ақын дүниенің алдамшылығын тілге тиек етеді.
Тақуа да болған ғалымдар
Бұ жалғанда не етеді?
Баяны жоқ шіркінді
Бір күн тастап кетеді.
Малдың көзін сүйгендер
Мінбей, кимей өтеді.
Бір кісі емес, әркімнің
Басында бар, сөйтеді.
Дүниенің сүрсең дәуірін,
Басылар сөйтіп әуірің,
Иман - жанның жарығы.
(4.68 бет)
Осылайша тасауф ғылымындағы таза рух жетістігіне жетуді көздеген адам дүниені мақсат етіп, ахирет игілігіне жете алмайтындығын жырлаған. Шортанбай (Алла рахымына алсын) тасауф ілімінің мөлдір бұлағынан қанып ішкен дін қайраткері болғандықтан, шығармаларында сопылық сарындар басымдылыққа ие.
М.Әуезов (Алла рахымына алсын) өз зерттеулерінде мұны тілге тиек еткен. Қазақ әдебиетінде дін сарынын алғаш бастайтын ақын осы Шортанбай (Алла рахымына алсын) болса, бұл өзі мұсылманшылықты исламның дін кітаптарынан алған адам болады. Ең алғаш жазып жырлаған, оқыған ақын да осы болуға ылайық. Кітап жолындағы ұстазы, үлгісі, Орта Азия мен иран, араб сопылары. Осы жағынан қарағанда Шортанбайдың (Алла рахымына алсын) зар-замандарының көп үлгісі, көп сарыны Қожа Ахмет Яссауидің Дивани хиқметіне ұқсайды. дейді. (4,187 б)
Шортанбай (Алла рахымына алсын) дүние салар шағында бойына біткен сопылық тәрбиенің әсерімен артындағы ұрпағы үшін қам жеп, өзінің өсиет өлеңінде де, сұм дүниеге алданып қалмаңдар деп аманат қалдырады.
Адамның жалған дүниесі,
Дүние жолдас қимасы.
Дүниені жолдас демеңдер,
Көп болар оның күнәсі.
Осы шумақ Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінің мәнін ашады. Алла елшісі(с.ғ.с); Дүниеден сақ болыңдар. Мұхаммедтің жанын уысында ұстаған Алламен ант етейін, дүние Һарут пен Маруттың сиқырынан да күшті деп ескертеді. (7,16 б)
Дулат Бабатайұлы (Алла рахымына алсын) да дұрыс адам адам болу үшін, дүниеге қатысты мәмілені өсиет еткен.
Дүние қолдың кірі.
Өсиетім байларға -
Көп қуанба малдарға,
Кетеріне келгенде,
Киімге жұққан кірмен тең.
(8,108 б)
Әй, азамат, тату бол!
Әлі-ақ көзің жойылар,
Мынау жалған дүниеңіз,
Батып кеткен күнмен тең.
(8,112 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz