Оқушылардың коммуникативтік дағдысын айтылым әрекеті ар0ылы қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын айтылым әрекеті ар0ылы қалыптастыру
Филология және көптілді білім беру институты
6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының 2курс магистранты
Сандыбаева Жансая Тажимагамбетовна
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Р.С.Рахметова

Қазақстанның жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен қадам басуда. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың жастары табысты болуы үшін нені үйренуі керек? және мектеп қабырғасында негізгі білімді іліп шығатын оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты өзекті сауалдар шешімі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты екені анық. Тың бағдарлама оқушының білім алуда ғана емес, өмірде де табысты болуы үшін қажет дағдыны қалыптастырады. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және өзіеің өмірінде қолдана біледі деген сөз. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға ХХІ ғасыр дағдысы деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Отандық және шет елдік ғалымдардың қатысымдық дағды ұғымына жүргізген зерттеулерінде бірізділік байқалмайды. Себебі бір еңбектерде тілдік дағды деп қолданылса, екіншісінде коммуникативтік дағды, үшіншілерінде коммуникативтік құзыреттіліктер деп аталып жүр.
Осы қатысымдық дағды ұғымының мән-мағынасын ашу үшін, ең алдымен коммуникация ұғымын қарастырайық.
Қатысым ұғымының пайда болуы, қалыптасуы, тарихи кезеңдері болды. Қатысымның теориялық үлгілері: психоаналитикалық З. Фрейд және К. Юнгтың, экзистенциалистік М. Бубер және К. Ясперстың, көзқарастық М.Вебер, сонымен қатар футурологиялық А. Тоффлердің еңбектерінде талданып, ғылыми қолданысқа енді.
1970-ші жылдардың аяғынан бастап қарым-қатынасты жан-жақты қарастыратын зерттеулер пайда бола бастады.
Қарым-қатынас мәселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И. Лисина, К. Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған.
С.И. Ожегов сөздігінде қарым - қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы дәйектеледі. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым - қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контекстінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Л.П. Буева, М.С. Каган және т.б. қарым-қатынасқа философиялық тұрғыдан талдау жасайды және әрқайсысы ғылыми позицияларына сәйкес, қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ерекшеліктеріне, өзара байланысына орай әр бағытта қарастырады.
Қазақстан ықшам энциклопедиялық сөздігінде коммуникация (латынша communication - ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп пікірлесемін) - 1) қатысым жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; 2) сөйлесу, ақпарат беру. Коммуникация, негізінен , танымдық қызмет атқарып, тілдің көмегімен жүзеге асырылады [2].
Ал, философиялық сөздікте: Коммуникация - әлеуметтік өзара әрекеттің мәндік және идеялық-мазмұндық аспектісі. Оның мағыналық қабылдауына саналы бағдарлануы коммуникативтік әрекет болып табылады. Тілдің коммуникативтік құралы - қарым-қатынас, ой алмасу құралы делінген [3].
Сонымен қатар, отандық ғалым Ф.Ш.Оразбаева өз еңбегінде коммуникация терминіне былайша сипаттама берді: коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу үрдісін, тілдесу ерекшеліктерін , тілдің әлеуеттік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді [4]. Демек, ғалымның коммуникация ұғымын қатысым деп танығанын айта кетуге болады.
Қатысымдық терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның өзі ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа , екіншіден адамдардың өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді. Қатысым арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасып, бір адамның ойын екінші адам ұғады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы бір топтың түсінуіне, ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуне әкеледі. Осыдан барып, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы көрінеді. Қатысымдық ұғымының әлеуметтік сипаты осыдан келіп туады.
Қатысымдық терминінің тілдік қызметіне байланысты білдіретін мағынасы С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың Лингвистикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігінде анық айтылған [5].
Ал енді мақаламыздың өзегі болған дағды ұғымына талдау жасайық. Ең алдымен дағды дегеніміз не деген сұраққа жауап іздейміз.
Атақты психолог С.Л. Рубинштейн: Дағды - саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады, - деп түсіндіреді [6].
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша : Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әркет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы [7].
Ғалымдардың пікірлерінен ортақ мағына - дағдының бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болатын, яғни көп рет қайталау арқылы автоматты түрде орындалуға бейімделетін іс-әрекет екендігі анық.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағдылар сенсорлық (тікелей қабылдау) және зият болып бөлінеді. Дағдының бірнеше түрі бар: перцептивті, зияткерлік, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.
Оқыту үрдістерінде қатысымдық дағдыға бағытталған жалпы теоретикалық зерттеулер ресейлік және шетелдік ғалымдар Щукина А.Н, Гальский Н.Д, Жинкин Н.И, Ляховицкий Б.М, Пассов Е.И, Сафонова В.В, Выготский Л.С, Грайс Г, Демирджан Өмер, Демирел Өзджан еңбектерінде көрініс тапқан.
Отандық ғалымдардан қатысымдық дағды жайлы Сыздықова Р, Оразбаева Ф.Ш, Жанпейісова М.М. еңбектерінен көруге болады.

Бағдардамада оқытудың педагогикалық тәсілдері мен тілдік төрт дағдымен жұмыс түрлері қамтылған. Бағдарлама көптеген шетелдік ғалымдардың тың идеяларын сүйенеді, солардың бірі Д.Хэттидің мидың қызметін талда отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатыны, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Коммуникативтік: оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым - барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым - қатынас жасу дағдылары.
Тыңдалым және айтылым бойынша: берілген ақпаратты түсіну; негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген көзқарастарды аныұтау; қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру; тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану; тыңдалған материалды бағамдау; сөйлеу және тыңдацү
Айтылым бөлімі аясында оқушылар төмендегідей дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді:
Болжау;
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
Мәтіннен ақпаратты анықтау;
Негізгі ойды анықтау;
Сөйлеу мәдениетін дамыту.
Ғалым Левелт айтылымды дамытуда 1989 жылы төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау); қалыптастыру (мәтін құру); артикуляция (мәтінді айту); өзін - өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). Бірізділік пен жүйелілікке негізделген тұжырым әртүрлі үдерісте іске асады. Алғашқы әңгімелесудегі нақты алға ілггерілеуді ұсынған тәсілдердің бірі аудиолингвизм болды. Аудиолингвизм шығыс ақпаратына қарағанда кіріс ақпаратына бсаты назар аударды. Төрт кезеңнен тұратын цикл ұсынылды: қайталау, әңгімелеу, оқу, жазу. Әңгімелесу мәнмәтінмен тығыз байланысты: көптеген адамдар бір мезетте қатыс алады немесе ауызша сөйлесуге көмектесіп, ақпараттық хабарламаларды тексереді және түзетулерді ұсынады. Ауызекі сөйлеу тілі жазбаша тілге қарағанда бөлшектерден тұратын грамматиканы, шаблонды сөз тіркестеін және қайталауды қолданады. Осындай үдерістер тілге әсер етіп, әңгімелесу дағдысының бсақа дағдылардан бөлек екендігін көрсетеді. Осылайша, ауызша сөйлеу дағдылары бойынша сабақтар басқаша жүзеге асырылып, бағалануы керек. Скиэн (1998) анық сөйлеуге баса назар аудару жылдам, еркін сөйлеуге жеткізе бермейді деп тұжырымдайды. Оқушыларды жылдам сөйлеуге үнемі мәжбүрлеу көп жағдайда оның шаблонды тілді қолдануына әкелуі мүикңн. Скиэн және Фостер (1997) ауызша сөйлекге арналған әртүрлі тапсырмалардың осы мәселенің шешімі бола алатынын көрсетті: кейбіреулері барынша сауатты сөйлеугеарналса, ал кейбіреулері тез сөйлеуге бағытталмақ. Мысалды, егер оқушылар нақты ақпаратты іздейтін болса, олардың достары сауатты, барынша анық сөйлеуі керек. Ал дебат немесе пікірталас өткізуді көздейтін жаттығуларда жылдам сөйлеуге басты назар аударғаны дұрыс. Коммуникативтік тәсіл оқушыларға арналған тапсырманың олардың сауаттылығына назар аудармай, қарым - қатынса жасуына мүмкіндік беруді көздейді. Аталған әдіс қазірг кезде әртүрлі жастағы оқушылар үшін кеңінен қолданылуда. Байгейт (1999) жаттығуды қайталаудың сапаға әсер тететіндігін өрсетті. Мұғалім тарапынан нұсқау болмағанына қарамастан жаттығуды қайталайтын оқушы барыншса сауатты сөйлеп, сздік қоры анағұрлым толыса береді. Сондықтан тапсырманы таңдау оқушының сөйлесуіне әсер етеді, ал тапсырманы қайта орындау жылдамдықты арттырып, сауатты, анық сөйлеуге көмектеседі. Айтылым дағдысы бойынша: белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу; шешім шығару, қорытынды пікір жсасау; зерттеушілік (аналих, синтез); ақпаратты өңдеу дағдылары қалыптсады. Айтылым дағдысын қалыптсатыруда мұғалыім түрлі тиімді ідіс - тәсілдерді, ойын түрлерін қолдана отырып, тиімділігі жоғары бірнеше тапсырмалар түріне тоқтала өтсек:

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте): 1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар
Дағдылар
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
қарым-қатынас жасау қабілеті;
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
жауапкершілік;
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
өмір бойы оқуға дайын болу.
сын тұрғысынан ойлау;
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
проблемаларды шешу қабілеті;
ғылыми-зерттеу дағдылары;
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
АКТ саласындағы дағдылар.

Қазақ тілі және әдебиеті (Т1) пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды, тілдік өзара әрекет пен өзара түсінісу қабілеттерін дамытуға, сөйлеу тілін жетілдіруге бағытталған.

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, қоғамда өмір сүріп, дамып, жетіліп отыратындықтан оқушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші құрал ретінде де қзымет етеді. Кез - келген тілде халықтың дүние танымы, өмірге деген көзқарасы бейнеленеді. Тіл арқылы адам өзінің ойын, көңіл-күйін жарыққа шығарады, тіл арқылы бір-бірімен пікір алмасып, бір-біріне деген ілтипатын, ниетін, көзқарасын білдіреді.
Оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, ана тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік дағдыны қалыптастыру - мұғалімнің қолында.
Тілдің табиғи қызметі - оның қарым-қатынас құралы болу екендігіне сүйене отырып, оқушылардың коммуникативтік дағдысын қалыптастырудың - тілді оқытудағы маңызына тоқталамыз.
Қарым - қатынас ХХІ ғасырдың әлі де жан-жақты зерттелуі тиіс мәселесі, өйткені Ежелгі Греция мен ежелгі римде шешендік өнер риторикасының, эвиристика мен диалектиканың негізіде айтылған болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік төрт дағды
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Ағылшын тілі
Тілдің қатынас қызметі
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Шығармашылық ойлау дағдысы
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Пәндер