Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»

Кафедрасы: «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында құқықтық және

әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы

Орындаған: Тасболат Е. Е .

Тексерген: Шынгысбаев Л. С.

Алматы, 2020 ж

Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы

Қазіргі заманда көптеген демократиялық мемлекеттер құқықтық мемлекет болуға ұмтылуда. Құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет. Бұл жерде адам, оның өмірі, құқығы және еркіндігі басты құндылық болып саналады. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституциясы да дәлелдеп отыр.

Құқықтық мемлекеттің тарихы сан ғасырларға созылып жатыр. Ол ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін жетті деседі. И. Кант ең алғаш құқықтық мемлекеттің философиясының негізін жасады. Құқықтық мемлекет- азаматтардың құқығын қорғауды, билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін талап етеді. Құқықтық мемлекет ең алдымен барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар бағынуы тиіс құқықтық ережелермен ерекшеленеді. Ал оның басты принципі ретінде -құқық үстемдігі саналады. Құқық үстемдігі деп отырғанымыз - бұл заң үстемдігі. Заң үстемдігі деп отырғанымыз- күнделікті өмірде болып жатқан қоғамдық қатынастардың заң аясында жүруі және де егер заңға қайшы әрекеттер байқалатын болса заң жүзінде шара қолданылуы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына бүгінгі таңда 29 жыл толғалы отыр екен. Бұл жылдар қазақ халқына оңай соққан жоқ. Сол жылдар арсында қазақ халқы сан түрлі қиыншылықтарды да, алға ілгерілеушіліктерді де болды. Алғашқы күннен бастап ақ Қазақстан Республикасы зайырлы, әлеуметтік демократиялық мемлекет құру бағытын ұстанды.

Құқықтық мемлекет - біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес, бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан, халықтан елеулі күш -жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салауатты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және моральды - адамгершілік негіздерін дамыту қажет. Құқықтың жаңартылуын жеделдету, оның өнімдерін қолдану және қорғау механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтынның бәрін жүзеге асыру шараларын белгілеу қажет.

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз- халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың бас бостандығын, заң бостандығын қорғауға, қоғам мүшелерінің денсаулық сақтау құқығын, білім алу құқығын, халқаралық, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік саясат жүргізетін мемлекет.

Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы - әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген) құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатын теңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.

Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік саясат сатылы түрде бейімделіп келеді. Осы салады көптеген заңдар қабылданған: «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы» және де халық тұрмысын жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», «Тұрғын үй қатынастары туралы» сынды заңдарды атап өтуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы туралы
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Азаматтық қоғамның құрылымы
Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Мемлекет және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz