Оқушыларды еңбекке баулу арқылы технология сабағында оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір мемлекеттің мәдени - экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына оа ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан да жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек [1, 123 б. ] .
Оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай даярлау, баспасөз құралдары, жүздесулер, пікір таласулар, қазіргі ақпараттар мен көне мұраларды зерттеу арқылы байытылып отырылады. Сондай - ақ, нормативті заңдар, теориялар мен концепциялар, білім беру мекемелері мен қоғам құныдылықтары. Салыстырмалы түрде жүргізілетін педагогикалық зерттеулер мәдениетті байытудың ең тиімді әдісі болып саналады. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан - жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай - ақ оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми - техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік - экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң артілерімен бекітіледі. Ал, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты оқушының қабілет - қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кісіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелерге қатысу т. б. болып жалғаса береді [2, 25 б. ] .
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында имандылық, адамгершілік тәрбиелерде бірқатар педагог - ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға болады. Атап айтқанда: М. Қоянбаев, С. Әбдіғаппарова, К. Қожахметова, Ғаббасов С. Себебі, халық дәстүрлері жастар тәрбиесінде негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша Қ. Қабдықайырұлы, кәсіпке оқыту Д. Қоңыратбай.
Қазіргі заман мәдениеті талабына сай бұйым әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А. Байбатшаева, киімді көркемдеп сәндеу С. Жолдасбекова толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға Зюзин А. И., Исаев И. К., Осипова, Бернина Артиста 180, балалар және әйелдер киімдерін сәндеу Бағжаева А. /6/, сырт киімдерді әзірлеуде Литвина В. Киімді конструкциялау және модельдеу бойынша Махмутова К. Ал, стильдерді қазіргі заман талабына сай таңдауға Гофман А. Б. "Мода и люди", киімдерді жобалау Коробцева К т. б. "Тігін бұйымдарының техникасы мен технологиясы" Ұзақова А.
Жұмыстының мақсаты. Оқушыларды еңбекке баулу арқылы, технология сабағында оларды қазіргі заман талабына сай кәсіпке бейім болып өсуін, кемелденуін және нарық жағдайында оңтайлы жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ете отырып оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді. Қазіргі заман мәдениеті стиліндегі киім үлгілерін пайдалануға, "Технология" интегративті білім саласы, "Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу", "Қолөнер және дизайн", "Тұрмыста қызмет көрсету еңбегі" бағдарламаларына талдау жасалынды.
Зерттеу болжамы. Оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауға болады. Егерде:
- оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауда;
- оларды жаңа ағын көздері және ақпаратты технологиялармен жұмыс жасау мүмкіндігі ескерілсе.
Жетекші идея. Мектеп оқушыларын қазіргі талабына сай кәіспке оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістері. Оқушыларға қазіргі мәдениет талабына сай кәсіби білім беру.
Зерттеу пәні. «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу».
Зерттеудің жаңалығы:
- қазіргі заман мәдениеті талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық тігін машиналары мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін киім үлгілерінде қолдану ескерілді;
- ақпараттық технологиялық тігін машиналарына мәлімет берілді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы.
Мектепте оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау барысында қазіргі заман мәдениетіне тән ұсыныстар, олардың танымдық ой - өрісі мен іс - әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді.
1. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
1. 1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным-сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени-экономикалық байланысы әсірінен жылдар бойы өзгеріп отырды. Қазақтардың киімнің етек-жеңіне оқа тігетіні, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетіні, сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтыны - түркі-қыпшақ заманы кезінде туған дәстүр. Бұл қадам жын-перілерден, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген. Қазақы белбеу, қапсырма, бойтұмар, нәзік белдіктерге өрнектелетін әр түрлі құстардың, жыртқыштардың, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау-тастың кескінін беру ежелгі сақ, үйсін тайпаларынан қалған мұра. Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған. Қазақстанның кейбір өңірлерінде етек-жеңге екі-үш қатар бүктесін, яғни қосетек тіккен. Ал оңтүстікте осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Тақиямен қатар, белдік те қыздық дәуреннің белгісі саналған. Қыз бала белдігін арындай қорғаған, оның жоғалтып алу - арынан айырылғанмен бірдей болған. Қос етекті көйлек тек қыз балаға тән киім. Баласы бар әйелдерге шымқай түсті матадан тігілген. Кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі саналатын. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел тұрмыс құрған соң ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетін. Кимешектің шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген атаулары бар. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар болған. Ұлы жүздің ерлер шапаны көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік еліне көршілес өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарының киім үлгісінің әсері болғаны байқалады. Орта жүз өкілдері орыс, татар халықтарымен аралас-құралас болғандықтан бұл олардың киім үлгілері мен киім киістеріне де әсер етті: шапандары көбінесе бір беткей матадан тігіліп, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болды. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Өрнектермен кестеленген күдері бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған. Егде тарта бастаған еркектің киім-кешегі әдетте жігіттің киіміне тән элементтерден тұрғанымен, пішімі молдау, шалбары кеңдеу болып тігілетін. Қарттардың киімі мейлінше қарапайым, көбіне көктеп тігілетін және әшекейсіз болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қарттарға арнайы жейде, жырым балақты шалбар, арасына түйе жүн салып сырылатын көкірекше, бешпет, шекпен, шапан тігілетін. Түйе жүнінен бастырылып, шұғамен тысталатын күпі - малшының басты киімі саналған. Қазақ қоғамында шұғамен немесе барқытпен тысталған пұшпақ ішік жоғары бағаланған. Аса сәнді ішіктің қаусырмасы мен шалғайы кәмшат немесе сусар терілерімен көмкерілген. Сырт киімнің көне түрлерінің бірі - кебенекті шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ, қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артында жарма қалдырып, шалбарымен қоса пішкен. Шапанға ұқсас болғанымен, тік немесе күләпара іспетті жағасы бар кебенекті жылқышылар үскірік аяз бен ызғырақ желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің сыртынан киген. Қаусыра киілетін сырт киім түймеге бекітілмейтіндіктен, ерлер кісе белбеу таққан. Оның кәдімгі белдіктен айырмашылығы - бұрынғы аңшылардың садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарының, мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты. Кісе металл шытырларымен безендірілген. Ерлердің бас киімі бөрік көбіне кәдеге жаратылған аң терілерінің атымен: құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған. Оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген, түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Батыс Қазақстан, Атырау жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жалпақ және биік түрмелі үлгілері көп. Әр облыста (әр жүзде) тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. Олардың әрқайсысын “арғын тымақ", "үйсін тымақ", "найман тымақ" деп немесе "ұлы жүз үлгісі", "орта жүз үлгісі", "кіші жүз үлгісі" деп түр-түрге бөліп айтады. Жекей тымақ деп - жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей - сәнді деген сөз. Егде жастағы ер адамдар дөңгелек тақиясын басынан тастамаған. Сыртқа шыққанда оның үстіне бөрік, тымақ, қалпақ киетін болған. Тақияның ең қарапайым әшекейі - шеңберінің айналасына берілетін иректелген сызықша. Жастардың тақиясы күмбезінің төрт жағынан жібек немесе зерлі жіптермен шұғыла, гүл тағы да басқа өрнектермен көмкерілетін болған. Үйлену салтанатына арнап қалындықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамала қыстырылатын қаңқа ретінде биіктігі 20-30 сантиметрдей келетін бағалы аң терісімен көмкерілген «сүйір бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрінетін. Үйлену тойына бұрын қалыңдық сәукеленің орнына зерлі қасаба да киген. Оған дәлел - қазақ тілінің лексиконында «қасабалы қалыңдық», «қасабалы келіншек» деген тіркестердің сақталып қалғандығы. Қасабаның маңдайына әр түрлі шытырлардан, інжу, маржан, перуза секілді тастардан тізілген дөңгелек табақшалармен бекітілген қыстырма ілінеді екен. Ал оң жағына, самайдың үстіне туралап маңдайдағыдан ұзынырақ күміс қоңыраушалармен үшталған бес-алты тізбектен тұратын салпыншақ қыстырылатын болған. Бұл жас келіннің жүйкесін жұбатады-мыс деген ескі ұғымнан туған түсінік болса керек. Қасабаға "қалыңдық сұқ көзден аулақ болсын" деп үкі қадаған. Ежелгі салтпен келіншек той өткен соң қасабаны үкісіз, желексіз киіп, құламасына орамал салған. Қазақтарда қаралы киім болмаған. Әйелдер әдетте бұрымын тарқатып, шашын жаятын да, киіміндегі әшекейлерді жұлып тастап, иығына қара жамылатын болған. Ал еркектер жағы сұр түсті шыт пен сәтеннен қаралы белбеу буынып, таяққа сүйеніп, өліктің денесі қойылған үйдің алдында көңіл айтуға келгендермен көрісіп, олармен бірге үйге құран оқылып, жұбату айтылатын кезде ғана кіретін. Етіктің өміршеңдігін арттыру үшін еркектер оң мен солға ажыратылмайтын етік киген. Ал аяқ-киімді оң-солға бөлу үрдісі еуропалықтардың ықпалымен таралған. Қолдан иленген көннен тігілетін саптама етік шаруашылық үшін өте ыңғайлы болған. Оны адамның аяғы мен тізе буынын суықтан сақтауға бейімделген қозы жүнінен басылған байпақтың (ұйық) сыртынан киген. Қарапайым шаруа қазақтар шөгінді, қиыршық тасты таулы жерлерде етіктің сыртынан табаны мен өкшесі мұқалмас үшін шикі қайыстан тігілген шарық киетін. Етіктің табанына киізден ұлтарақ салатын болған. Мұның бәрі аяқтан аяз (ызғар) өтпес үшін пайдаланылған. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Кебіс - мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген. Жас жігіттер, серілер мықшима етік киген. Оның өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген.
1. 2 Қазақ ұлттық киімдерін жасау ерекшеліктерін талдау
Қазақ киімі халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі. Халқымыздың сезімталдығын, аса зор эстетикалық талғамын аңғартатын қарқара, шұрақ айырқалпақ, қасаба сияқты зерлі - кестелі бас киімдердің, бұрын бір ата елдің, кішігірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде, қыз ұзатып, келін түсіргенде ғана киетін, кәдесіне лағыл, жақұт, інжу, маржан, перуза, ақық секілді бағалы тастар, алтын - күміс шытырлар жаратылған сәкәгүлді, құйма төбелі сәукеле, тіптен кемер белбеу, кісе белдік, қыздар буынатын ширатпалы нәзік белдік күмістеген таптаурын кебіс, көксауыр етік секілді, қол өнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін заттардың, алтынмен аптап, күміспен күптеген алқа, тарақша, шолпы, бойтұмар, сырға, білезік, сақина жүзіктердің болғаны әсемдікке құштарлықты көрсетеді. Мұның өзі қазақы киімнің табиғаттағы екі жақтылықты - тұрмыс қажеті мен сымбатты болу қамын аңғартатын жәйт. Өйткені заттық өндірістің өзі сайып келгенде, халықтың сезімталдың талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс.
Қазақтағы киімді солға қаусырынатын, шалғайына, етек - жеңіне оқа тігетін, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетін, сәбидің, қыз - баланың, сал серілердің бас киіміне үкі қадайтын дәстүр о баста табиғаттан тысқары, пайымдауға сыр берметін сиқырлы - сұғанақ күштердің, дәлірек айтқанда, жын, перілердің салқынын бойына тартып, пәле-жаладан, сұқық көзден, ауру-сырқаудан сақтайды мыс деген көне түркі-қыпшақ заманна қалған ескі ұғымнан туған.
Бірақ кейіннен бірте-бірте қазақша киінудің жөн-жобасына, киім-кешекті сәндендіру жүйесіне енген. Мұны біз қазақы шапанның, сеңсең тонның тыс айқара қаусырынылатынынан, өңіржиексіз кимешектің - келіншекті, ал үкісіз тақияның - қыз баланы, әсіресе оның бұрымы жоғын ұсқынсыз етіп көрсететінінен де аңғарамыз.
Қазақы киімге қатысты зергерлік заттарға әр түрлі құстардың, жыртықштардың, бал арасының, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау тастың кескінін беретін дағдының ерте заманнан келе жатқанын және оның ежелгі сақ, үйсін тайпаларының мәдени жетістіктерін бойына сіңірген.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім - кешекті әр жерде мүмкіндігіне қарай өзгеше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән ұқсастығын, пішімін, бояу - нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерін ажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек - жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырмалармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік деп те атайды) буынады екен.
Қалыптасқан дәстүр бойынша үкілі тақия, әсіресе қыздық дәуреннің белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылықпен безендірілген. Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айрылғанмен бірдей болған.
Қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. қазақстанның Оңтүстігінің, Сыр бойы мен Талас - Шу атырабының талас отырықшы немесе жартылай отырықшы қағазы жазда арнайы басылған жұқа ақ киізден үшкілдеп, сүйірлеп пішілетін, тігісі қиылысқан жерлері қара жолақпен жабылатын, қайырмасы қара барқытпен тысталатынқалпақ киген. Оның қазақы, жырық, құйма, керей нұсқа деп аталатын түрлері болған. Орталық және Батыс Қазақстанның шонжарлары көбіне сәндік үшін аласа шошақ бөріктің үстінен алтын зермен кестеленген шымқай күрең немесе қызыл барқытпен, қайырмасы жасыл мәуітімен тысталған биік қалпақ киетін. Оны әр жерде әр түрлі атпен айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ деп атап келген. Қасабаның маңдайына әр түрлі шытырлардан, інжу маржан, перуза секілді тастардан тізілген дөңгелек табакшалармен бекітілген қыстырма ілінеді екен. Ал оң жағына, сатайдың үстіне туралып, маңдайдағыдан ұзынырақ күміс қоңыраушалармен ұнталған бес - алты тізбектен тұратын салпыншақ қыстырылатын болған.
Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени - тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім - кешегі ұрпақтан - ұқпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Ата - бабаларымыздан келе жатқан үй тұрмысындағы заттарды да сән үлгісі жалпы киімге қолданып көру мүмкіншілігі бар деп ойлаймын.
Осы жайыттарды қолдана отырып, қазір біздің дизайнерлеріміз қалыңдық, қыз ұзату көйлектерін, қамзолдарымызды «қабу» қолөнер әдісін қолданып түрлі нақышта және де шынжыр - тамбур кестемен кестелейді.
Қабу - «Стежка».
Бірнеше қабат матаны бірлестіріп тігу қолөнері бұрыннан белгілі. Көптеген мұражайлардан қабылған көрпе, киім кездестіруге болады. бұрын қабу өнері қолмен кестеленсе қазіргі заманда тігін машиналарымен күрделі ою - өрнектер жасауға болады.
Матаның фактурасын байыта түсу үшін қабу өнерін қолданады.
Астар матасының үстінен синтепон қойылады, оның үстінен негізгі матаны қоямыз. Астар матасының көлемі үлкен болуы тиіс. Өйткені ол кішірейеді. Тігін машинасымен жұмыс бағытында қабыған кезде қабылатын зат созылып, жылжып қалмауы керек. Сондықұтан ол затты асылдыртпай үстелдің үстіне жайғастырып тіге бастау керек. Қабу ою-өрнегінен соң оң жағына түсіру қажет.
Қабуды матаның ортасынан бастау керек. Машина тігісі үзілмей жалғасуы керек.
Дизайн инновациялық іс - әрекет болып табылады, дегенмен де ол жаңадан ойлап табылып, енді ашылған жаңалық емес, одан айырмашылығы оның проектілік міндет түрінде қалыптасқан нақты мақсаты бар. Біздің ғылымда ұзақ уақыт бойы «дизайнды», «көркемдік конструктілеу » деп түсініп келді.
Көркемдік конструктілеу - тұжырым жасау, нақты мақсаттарды анықтау, объектіні талдау, жобалау, проектілік құжаттарды өндеу және заттық образын жасау кезеңдерін қамтитын проектілік міндеттерді шешу процесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz