Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасның Білім және ғылым министірлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

"Құқықтану" кафедрасы

БАЯНДАМА

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі

Орындаған: Ю-19қ тобының студенті

Еслямгазиев А. К.

Қабылдаған:Ахмет Б

Петропавл қаласы, 2020

Мазмұны:

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы3

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi…. . 4

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi. . 5

Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негiздерi және оны жүзеге асыру шарттары. . 6

2

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.

Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.

Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

3

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:

1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi.

2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;

3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;

4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;

5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;

7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;

10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

4

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

5

Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
ҚР-ның экологиялық құқығы
Экология құқығы түсінігі
Экологиялық мәселелер
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Жер қойнауы және жер қойнауының пайдалану түсінігі
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz