Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мәлік Бауыржан

КДР 2-курс

1. «Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі» атты эссе жазып жіберу!

Қандай қоғам болса, отбасы да сондай деп айтады. Қоғамда жүретін барлық өгерістер отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады.

Отбасы - қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Бұның бәрі балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас кезінде дамиды және біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының орнықты стереотипіне айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе аласыз. Сондықтан отбасы бұл мәселемен мақсатты бағытталған түрде айналысуы, өмір ерте сатысында индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс. Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері, сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды немесе бұл жерде кезекті ұрпақтың санасына «қандай да бір «нормалардың» минимумын сіңірумен қатар, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге рухани алғышарттарды құра отырып, сыбайлас жемқорлыққа мықты иммунитет қалыптастыру туралы сөз болады.

2. « СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» тақырыбын конспектілеу, баяндама жасап жіберу:

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Сот жүйесіндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын одан әрі іске асыру 2018-2020 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, мыналар оның негізгі басым бағыттары болып табылады:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әрі жүйелі басты шарты ретінде тәуелсіз сот төрелігін нығайту;

- заңнаманы одан әрі жетілдіру;

- сот процесіне қатысушылар арасында жүргізілетін кезеңдік әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту;

- соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақтылы тереңдету;

- соттардың жұмысының анықтығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жолымен арттыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып отырған алдын алу-профилактика шараларының тиімділігін арттыру.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын
шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері
әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың
мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің
қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік
басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын
төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына
ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының
XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау
және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты
жолға қою маңызды» деді
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан,
сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қайта құруды және ұлттық экономиканы
жаңғыртуды жүргізуге кедергі келтіреді, қоғам ішінде мемлекеттік
институттарға деген сенімсіздік пен үрейдің пайда болуына әкеледі.
Осыған байланысты, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің
алғашқы күндерінен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен тетіктерін
қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді.
2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес,
сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды
атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік
берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік
берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың
өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты
мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші
тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Ұлттық құндылықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесі
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz