Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Шығыстану факультеті, 107-топ, аударма ісі

Қоңырбай Гүлбаршын Алмасбекқызы

Семинар 7. Әдеуметтану

  1. Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні.
  2. Дін қоғамдағы әлеуметтік институт ретіндегі рөлі.
  3. Діннің құрылымы мен әлеуметтік функцияларын атаңыз?
  4. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал қандай

1. Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез‑құлқына қалай әсер ететінін көрсетуге тырысады. Сондай‑ақ әлеуметтану ғылымы дін атаулыны қоғамның әлеуметтік жүйешіктерінің маңызды элементі ретінде қарастырып келеді.

Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.

Дін деп (лат . reliqio - құдайшыл, әулие, табыну заты) ‑ әлеуметтік қауымның, топтың, индивидтің әрекеті мен ойлауын бағалаушы тануға мүмкін емес бір трансценденттік сатының өмір сүретіне сенім жүйесін айтамыз.

Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э. Дюркгейм, М. Вебер, К. Маркс, Т. Парсонс т. б. болды.

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушы, Париж және Бордос университеттерінің профессоры. Оның басты шығармасы: «Діни өмірдің алғашқы түрлері Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталады. Автордың негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру қажеттіктерінен пайда болған. Дюркгейм дінді әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жаратылған негізгі әлеуметтік институттардың бірі, сондықтан оны зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады.

1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің басты шығармасы: «Протестант және капитализм рухы» деп аталатын еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың мінез‑құлқы мен ойлау тәсіліне мән‑мағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.

К. Маркс (1818-1883) марксизм ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті философ және публицист. Оның дін әлеуметтануы саласындағы шығармаларының ішіндегі ең бастысы - «Гегельдің құқық философиясына сын туралы» атты еңбегі. Онда К. Маркс дін адамдардың ауыр әлеуметтік жағдайларына байланысты пайда болды және ол жағдайлар жөнделген кезде дін өзінен-өзі жойылады деп қорытынды жасады.

1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ әлеуметтанушысы, профессор Толкот Парсонс «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп аталатын басты шығармасыдағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек дейді.

Діннің пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі - діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әртүрлі жағдайларға байланысты бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан табады.

Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлық талпыныстарымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлайды. Осының негізінде олар туралы жалған түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылы, судың тасуы, жердің сілкінуі, өрт, жұт сияқты дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады.

Үшінші қажеттілік таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп, діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды ‑ оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады. Діндердің пайда болуының әлеуметтік-таптық себептері осындай.

2. Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, іргетасы іспетті категориялар жүйесі, заңдары мен қызмет салалары бар.

Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалдары. Ал екінші жағы - діннің, діни көзқарастың, діни элементтер мен функциялардың қоғамға тигізетін ықпалы.

Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі еске алу қажет. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни санадан, діни мінажаттан және діни ұйымдардан.

Қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде діни сана ‑ діннің негізгі элементтердің бірі. Дін екі деңгейдегі құбылыстардан құрылады. Бірінші деңгейі діни психология, ал екінші деңгейі діни парасат, ақыл-ой құбылыстары, яғни діни идеология.

Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады деген-ді. Дегенмен қоғамдық болмысты, адамдарды коршаған дүниені діни психологиядан гөрі діни сана тереңірек және толығырақ бейнелейді.

Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Бұл діни сана құрылымында теориялық деңгейді танытады. Діни идеология ‑ діни ғұламалардың, діни кайраткерлердің жасаған идеяларының жүйесі. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады.

Діни құрылымының келесі элементі - « діни мінажат ». Ол дін мен оны ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары да мүмкін немесе ойдан шығарылған болуы да мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.

Дін құрылымның үшінші негізгі элементі діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы діни ұйымдар болып табылады. Діни ұйымдарға ең алдымен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар бұған діни секталар, діни оқу орындары, діни мүліктер, діни қозғалыстар, діни баспа, әйелдер, жастар діни орталықтары, діни саяси-әлеуметтік қозғалыстар мен олардың партиялары жатады.

3. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М. Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтанудың арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.

Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты - дүниеге көзқарастық қызметі. Дүниеге көзқарас ‑ адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолютті күш деп түсіндіреді.

Дін қызметтерінің екінші бағыты бағалаушылық қызметтер. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен - отбасының, оның мүшелері мен туған-туыскандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдет-ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге-өсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштер бейнелері - әулие, періште, құдай бейнелері жатады.

Дін қызметтерінің үшінші бағыты - реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, адамдардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін - ондағы адамгершілік қағидалар. Осы қағидалар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.

Қазіргі заманда дін идеологиялық әсер етудің күшті құралына айналып отыр. Амбициозды саясаткерлер мен террористік ұйымдар дінді өздерінің мақсаттарына жету үшін де пайдаланып келеді.

4. Діннің қоғамдағы қызметтерінен оның қоғамдағы рөлі шығады. Діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бөлек екені белгілі. Дінді мемлекеттен бөлу мәселесін Алаш жетекшілері де көтеріп еді. Әрине, Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары дінді мемлекеттен бөлу керек дегенде, екеуінің арасына қытай қорғаны салынсын деген ойда болмаған шығар. Өйткені дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ. Қоғам дінсіз өмір сүре алайды. Бұған кеңес өкіметінің шындығы дәлел.

Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлінің ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке, имандылыққа шақырған және т. б. адамгершілікті насихаттаған қағидаларын мектептерде оқытуға болар еді деп ойлаймыз. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Жаһанданудың кері әсеріне ұлттық иммунитеті күшті халық ғана төтеп бере алады. Ал дін - ұлттық иммунитеттің рухани негіздерінің аса маңыздысы.

5. Адамзат санасының ерекше бір түрі ретінде дін қоғамның саяси жүйесінің сипатына байланысты бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, кейде кемерінен шығып, кейде жуасып талай ғасырды артқа тастады. Жер бетінде пенденің барында әлі талай асулардан өтер. Өйткені адам дінсіз өмір сүре алмаса, дінге де адамсыз өмір жоқ. Мемлекетке қатысты да осыны айтуға болады.

Кешегі Кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік (құдайға сенбеушілік) идеология, дін халыққа апиын деген тұжырым үстемдік етті. Жаңа кеңестік заманды қолдаушылар «құдайсыздар қоғамын» (общество безбожников) құрып, өздері соның белсенді мүшесі болуға тырысты. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, жер-жерлерде дінге қарсы үгіт-насихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинфильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылып, тіпті мал қора етілді. Мұның барлығы адамның өзіне сенімін жоғалтты.

Ғасырлар күткен Тәуелсіздік қана қоғамымызда діннің қайта жаңаруы мен жаңғыруына жол ашты. Еліміздің ең алғашқы құжаты - «Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда республика территориясында тұратын азаматтардың діни нанымына, Қазақ ССР Конституциясы шеңберінде жұмыс істейтін діни ұйымдардың мемлекет және қоғам өміріне қатысуы үшін тең құқыққа ие болуға кепілдік берілді. Ал 1992 жылдың 15 каңтарында қабылданған "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таныды. Діни бірлестіктер қызметі құқықтық жағынан реттелді.

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының бірінші тармағындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп тайға таңба басқандай айқын жазылды. Сондай-ақ бұл құқықтық норманы жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс екендігі айтылды.

Мұның барлығы тәуелсіз мемлекетіміздің дін саласындағы бетбұрысын айқындаған, еліміздегі діни кеңістіктің оңалуына игі әсер еткен алғашқы құқықтық қағидалар еді. Бұл әркімнің өзінің дінге көзқарасын дербес айқындауға, ұстануға немесе ұстанбауға еркіндік берді. Дінге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркенінің, рухани байлығының бір көзі - дәстүрлі дінімен қайта қауышты. Дінге сенушілер көбейіп, діни бірлестіктердің саны артты. Мешіттер көбейіп, ол имандылық пен ізгіліктің орнына айналды. 1990 жылы Қазастанда 671 қана діни бірлестіктер болса, қазір ол 6 есеге көбейіп, 4000-нан асты. Соңғы 300 жылдай патшалық Ресейдің отарында, кеңестік қыспақта болып, теперіш көрген осы аймақтың ежелден жалғыз иесі қазақтың дәстүрлі исламдық діни бірлестіктері 46-дан 2337-ге өсті. Көптеген діни мектептер ашылды. Бір қатар жастар шетел діни оқу орындарында білім алуда. Қажылыққа барушылық дәстүрге айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Діннің әлеуметтік құрылымы
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Философия (лекциялар)
Әлеуметтану бойынша дәрістер
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Діннің мәдениет қалыптастырудағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz