Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі


Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Факультет
Кафедра
ФИО
Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Курстық жұмыс
Жетекші:
Қостанай қ., 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1-тарау Синтаксис туралы жалпы түсінік
1. 2 Жай сөйлем синтаксисі
2-тарау Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері . . .
3-тарау Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
3. 1 Жай сөйлемді оқытудың теориялық негіздері
3. 2 Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі.
Қорытынды . . . 39-
Қосымша . . . 42-Әдебиет тізімі . . . 44-
1 тарау Синтаксис туралы жалпы түсінік
Синтаксис саласы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис гректің sintaxic деген сөзінен алынған. Бұл сөздің бастапқы мағынасын құрау. Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады. Бірі “сөйлеудің құрылыс жүйесі” деген мағынада, екіншісі - тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының аталуы мағынасында.
Синтаксистік жүйе - қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгейі. Ол - тілдің лебізді білдіру, жариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің басқа коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы жүзеге асады.
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде лебіздің мазмұн түрлеріне сай қалыптасқан синтаксистік тұлғалар бар.
Сөз - тіл білімінің барлық салалары мен деңгейлерінің нысаны болып келеді. Демек, сөз - синтаксистің де нысаны. Сөз синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері бар. Екінші сөзбен айтқанда, синтаксис сөзді өзіне (синтаксиске) тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады. Ол ерекшелік - тіркесімділік, яғни сөз синтаксистің қарауына түскенде, екі немесе бірнеше сөздің бағыныңқы-басыңқылық байланыс ыңғайынан зерттеледі.
Синтаксис морфологиялық тұлғаларды өзінше жұмсап, тек синтаксиске ғана тән формалар құрайды. Морфологиялық форма мен синтаксистік форманың айырмашылығы бар. Морфологиялық форма синтаксис үшін қызмет етпей, тек сөздің мағынасын, түрін құбылту үшін жұмсалатындары бар.
Морфологияны оқыту үстінде сөздің морфологиялық формасы немесе қысқаша морфологиялық форма деген атаумен белгілі грамматикалық ұғым аталып жүрді. Тілдің синтаксистік саласында да өзіне тән қалыптасқан форма - синтаксистік форма бар. Мысалы, сөйлем мүшелерінің түр-түрінің арнаулы көріну формасы бар. Сол сияқты болымды, болымсыз сөйлемдер, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер де белгілі синтаксистік формалары арқылы өзара ажырасады.
Синтаксис жөніндегі ғылым жалпы 3 салаға бөлінеді.
1. Сөз тіркесінің синтаксисі.
2. Жай сөйлем синтксисі.
3. Құрмалас сөйлем синтаксисі.
Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына байланысты болып келеді.
Сөз тіркесі екі мағыналы сөздің бір-бірімен мағыналық байланысы. Жай пікірді айтуға жай сөйлем қызмет етеді. Күрделі пікірді айтуға құрмалас сөйлем қызмет етеді. Мазмұны бұдан күрделі лебізді айтуға синтаксистік шалым, мәтін деп аталатын тұлғалар қызмет етеді.
1. 2 Жай сөйлем синтаксисі
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т. б.
3. -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы - толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? - Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? - сыртқа және қалай шықты - бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? - буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? - ол (Кәлен) . Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
2-тарау Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері
Сөйлем дегеніміз - әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты.
Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер : 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) ; 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер : 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем - бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем - негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы:
- Іссапарға кімдер барады?
- Жас қызметкерлер барады.
- Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақты сөйлем - екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы:
- Бұл ойды кім айтты?
- Тілек айтты.
- Тілек?
- Иә, Тілек.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:
1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
3. 2. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz