Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ХББ-302топ Барахат А.

Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары

Кең мағынадағы инклюзивті білім беру - кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі.

Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені

жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру

жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:

- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды

қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол

жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;

- мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және

түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті

жағдай туғызу;

- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік

мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

2. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі міндеттері,

қағидаттары, тетіктері және шарттары:

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы

тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.

Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері:

- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және

ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;

- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік

негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды,

оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру) ;

- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде

сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;

- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды

компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;

- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;

- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік,

жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта

кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;

-инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

3. Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:

- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан)

анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;

- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне,

қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;

- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке

бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;

- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар

және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;

- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің

үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;

- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы

проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне

әлеуметтік ықпал;

- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму

проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы.

4. Инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы «Орта сапасы» - инклюзивті білім беруге барлық қажетті жағдайларды

жасаған ұйымдардың жалпы білім беру ұйымдарының жалпы санынан үлесі, бұл көрсеткішті білім берудің түрлі деңгейлері тұрғысында бөлек қолданылуға болады. Аталған индикаторда кедергісіз орта сапасының көрсеткіштері, инфрақұрылым қолжетімділігі, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау, білім беру бағдарламаларының бейімділігі және бағалау жүйесі, тең құқылы қарым-қатынас атмосферасы қамтылады;

«Қамту сапасы» - білім берудің әртүрлі деңгейі және ерекше оқытуды

қажет ететін адамдардың түрлі категориялары (мүмкіндіктері шектеулі,

оралмандар, жетімдер және басқа категориядағы адамдар) бойынша ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санындағы инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының үлесі;

«Қосу деңгейі» - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың

өкілетті өкілдерінің білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру деңгейімен қанағаттану дәрежесін шамалау;

«Қолайлы жағдай жасау деңгейі» - бейімделген, қолайлы білім беру

кеңістігін қалыптастыру, кемсітушілікке, бөлектеуге жол бермеу бойынша

шаралар қолдану, білім алуға қатысушылар арасында келіспеушіліктерді болдырмау; қоғам мен ата-аналар комитеті арасындағы мониторинг жүргізу мен бағалаудың транспаренттілігін қамтамасыз ету; қолайлы оқыту ортасын жасау деңгейін сұрау салу, сауалнама жүргізу тәсілімен зерделеу.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері

1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың

әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды

әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды

ұйымдастыруды;

- ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу

бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды) ;

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін

мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру

шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;

- үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;

- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу

жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын

бейімдеуді көздейді.

2. Кадрлық қамтамасыз ету:

- инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына

педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік

білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы

педагогика негіздері» пәндерін қосуды;

- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог

кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;

- ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.

3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін

метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік,

техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және

қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;

- білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық

құралдармен (тифло-, сурдо-және т. б. техникалар) қамтамасыз етуге және

мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы

орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.

4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:

- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері

бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды,

сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;

- әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші

құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары,

қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету-

педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-

педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді;

5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:

- нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;

- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа

да ресурстардың шоғырлануы;

- әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру;

- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби

бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау;

- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере

отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды

қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың күтілетін нәтижелері

Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

1. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру

үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру

және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;

- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу;

- жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Инклюзивті білім беруді енгізу
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Қолдау әрекетін әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жобалау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz