Үйлену фольклоры
Үйлену фольклоры
Қай елде, қай кезеңде болмасын адам баласының ер жетіп, қоғамның, белді
мүшесі болуының басты белгісі - оның өз алдына шаңырақ көтеріп, отау тігуі
болып саналады.
Құда түсуге келген жаушылар сөзін: Сізде - аққу - бізде - сұңқар,
ілдіргелі келгенбіз, - деп тұспалдап бастайды. Оның өлең түріндегі нұсқасын
Қамбар батыр жырындағы айттыра келгендегі Келмембеттің сөзінен көреміз:
Арғымақ ат бізде бар,
Алтын жабдық сізде бар.
Алмас пышақ бізде бар,
Піскен қауын сізде бар,
Тілдіргелі келгенмін.
Көк қаршыға бізде бар,
Қоңыр үйрек сізде бар,
Ілдіргелі келгенмін.
Аушадияр - қыз ұзату тойында айтылатын жанрлық түрдің бірі. Бұл жыр
жөнінде ертеректе жарық көрген зерттеу еңбектерде жарық көрген зерттеу
еңбектерде мағлұмат жоқ. Соған қарағанда, ол Қазақстанның белгілі
аймақтарында ғана айтылып, кейіннен ұмытылып кеткен жанрлық түр сияқты.
Оның аты да, мазмұны да бұл түрдің ислам діні орныққан кейінгі кезде
шыққанын айғақтап тұр. Аушадияр жөніндегі алғаш мағлұмат 1988 жылы
Біздің Отан газетінде жарияланды. Оның дерегін айтып, мәтінінің
жариялануына қозғау салғандар - шетелдегі қазақтар. Бұдан кейін белгілі
қаламгер - журналист, ескі мұра жанашыры Уақап Қыдырханов Қазақ әдебиеті
газетіне Аушадияр атты көлемді мақала жариялап, әлем қазақтарына
аталмыш жырдың дерегін іздеп жар салды.
Беташар - үйлену ғұрпының екінші кезеңі - келін түсіру тойында
орындалатын бірден - бір жанрлық түр. Әрине, қыз ұзату тойындағы сияқты
келін түсіру тойы кезінде де атқарылатын ғұрыптар мен ырым - жырымдар
жетерлік. Мәселен, келе жатқан келіннің алдына арқан керу, атасының үйіне
әкеліп отқа май құюдан бастап, жас келіншектің қолынан шай ішуге дейінгі
ғұрыптық шаралардың барлығы ойын - сауық, балуан күрес, ат бәйгесі, көкпар
сияқты думанмен қоса атқарылады. Солардың ішінде өлеңмен өрнектеліп, ұзақ
жырмен толғанып айтылатын ғұрыптық рәсім тек беташар ғана.
Ұзатылатын қызға арнайы тіккізген сәукеле кигізіп, шымылдық артына
жасырады. Сонымен қоса, сәукеленің он бойын төгілте жабатын ақ желек
болады. Ақ желек шымылдық жоқта щымылдықтың рөлін атқарады.
Жалпы, әкесінің үйіндегі қыздың орны киіз үйдің оң жақтағы қадірлі
орында болады. Келін боп түскен соң ол орын - үйдің сол жағына ауысады. Бұл
жерде де қызды шымылдық артына жасырудың немесе оның бетін желекпен
жабудың үлкен ғұрыптық мәні бар. Біріншіден, ол қызды әдеттегі тірліктен
бөлектеудің нышанын білдіреді, яғни, ұзатылатын қыз жаңа әлеуметтік
мәртебеге ие. Сондықтан, оны бүкіл тұрпатымен бөлектеп көрсету қажет.
Екіншіден, бұл дүниеден бөлектенген қыз - өте кірпияз, оны көз тию, тіл тию
сияқты сыртқы әсерден қорғау ләзім, үшіншіден, қыздың да сыртқы ортаға
тигізер әсері болуы мүмкін деген түсініктен туған рәсім. Қыздың желегі
беташар рәсімі аяқталғанша ашылмайды. Және де ол желектің өзін жалаңаш
қолмен ашпайтын болған. Мәселен, ертеректегі деректерге сүйенсек, бет ашуды
желекті үкіленген қамшымен немесе басына ақ шүберек байланған таяқпен,
кейінгі кезде домбыраның басымен ашады. Мұның барлығы - жас келінді кие
(сакральды) тұтудан туындаған салт.
Беташарды кез келген адам айта бермейтін болған, оны ел ішінде
ақындығымен, өнерімен танылған, әдет-ғұрып, салт-санаға жетік жігіт ағасы
атқарған. Беташарды міндетті түрде жігіт айтады, мұнын да өзіндік мәні болса
керек. Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша, ертеректе беташар көбінесе
әндетілмей, тақпақтап айтылғанға ұқсайды. Сондықтан, оны ғалым өлеңді
сөйлемдерге жатқыза отырып, онда әннен гөрі мазмұнға көбірек көңіл
бөлінетіндігін ескертеді.
Беташардың мән-маңызы мен мақсат-мұраты жөнінде Ахмет Байтұрсынов:
Беташар өлеңінің не мақсаттан туып, не үшін айтылатынын тексерсең, мұнда
үлкен мағына бар екенін айыру қиын емес. Беташар - беті ашылған жастың
бетін ашып, өмір таныту, әрбір елдің өзі қолданған жол-жобасын түсіндіру.
Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ортасына келгенде, сол
қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін тануға керек. Солардың әрқайсысының
орнын білу керек. Жаңа қауымның қадірлейтіні кім, ұлық тұтып сыйлайтыны
кім, жаста еркелетіп аялайтыны кім, жас келіннің бұларды топ алдында танып,
біліп алуы қажет. Үлкендердің алдында келіннің тәжім қылуы - сол жаңа
шарттарға көндім, қабыл алдым дегеннің белгісі.
Екінші үлкен мағына: беташарда қазақ елінің жаңа түскен келінді
келешекте ана болуға, қадірлі келін, үлгілі жеңге болуға үйретеді. Бұл өлеңнен
қазақ жұртының әйелге жалпы көзқарасы білінеді. Әйел - үй ішінің, ауылдың
ағайын ортасының ұйытқысы. Солардың жарастығы, гүлі, берекесі. Күйеуі -
сүйеніші, тірегі. Дос тауып, туысқан құрып беретін көмекшісі, досы. Өлеңде
сол міндеттер толық айтылады - дейді [39.169]. Шынында да, беташарда
дәстүрлі қазақ қоғамының келінге қойылатын ахлақты (моральдық)
ұстанымдары жан-жақты жырланады. Оны өлеңнің мазмұндық -
композициялық құрылымынан айқын аңғаруға болады.
Некеқияр. Қазақ жеріне ислам дінінің орнығуынан пайда болған жанрлық
түрдің бірі - неке қияр. Жалпы отбасылық ғұрып фольклорында көне тәңірлік
діннің өзегі берік сақталғанмен де, өлең мәтіндерінде ислам дінінің әсері де
молынан ұшырасады. Ол бісмілла сөздің басы екен, - деген сияқты рәсім
басталардағы әлқиссадан басталып, өлең өзегіне шым-шымдап енгенін
байқау қиын емес.оның біраз көрінісін Аушадияр жырынан байқасақ, жар-
жар, сыңсу, беташар мәтіндерінен де молынан кездестіреміз. Ал жоқтауларда
оның тамыры тереңірек бойлаған. Онда пайғамбардан қалған сүнненттер
таратыла айтылатын сәттер аз емес. Ал неке қияр болса тікелей ислам дінінің
ғұрпынан туған жыр. Шариғат бойынша неке қию рәсімі бойынша молда екі
жасқа неке суын ішкізіп, дұғасын оқып, некелерін бекіту үшін екі адамды
куәлікке тартады, бірақ куәлік сөзін өлеңдетіп айту шарт емес. Ал қазақ
арасында ол өлеңге айналған. Мұның өзі қазаққа қара сөзден, өлең оңай
екендігінен болса керек. Оны алғаш ғылыми айналысқа түсіруші -
А. Байтұрсынов.
Ғылымда ертеден сөз болып келе жатқан жанрлар - үйлену тойы мен
өлімге байланысты фольклор. Үйлену тойына байланысты айтылатын
шығармаларды алғаш жеке топтаған М. Әуезов Қыз ұзату үстіндегі салт
өлеңдері десе, Б. Кенжебаев, М. Сильченко, Б. Уахатов, Ш. Ыбраев
Үйлену салт өлеңдері деп айдар тағады. М. Әуезов, әсте, аталмыш топқа
қатысты шығармалардың денінің (беташардан басқасы) қыз ұзату ғұрпы кезінде
айтылатынын негізге алған, тіпті, беташардың өзі сол ғұрыптың соңғы нүктесі
іспеттес.
Ғылыми еңбектердің көпшілігінде соңғы кезеңде сыңсу атауы тұрақты
қолданылып келеді және терминдік мағынасы айқындалып орнығып қалғандай.
Оның үстіне ол рет - ретімен орындалатын (үй-үйді аралап - танысу, әркіммен
құшақтасып көрісу, қоштасу, жұбату айту, т.б.) көп құрамды, күрделі ғұрыптық
рәсім. Тіпті, қыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz