Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызы мен жолдары


М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Агротехнологиялық факультет
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі
Реферат
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызы мен жолдары
Орындаған: Даркеев Р. Т. (ТПП-19к)
Тексерген: Кусаинов О. Ж.
Петропавл 2020
Қазақстан - бүгінде 40-тан астам конфессияларда біріккен 130-дан астам этнос достықта және келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Біз Қазақстанның барлық тәуелсіз жылдары бойы түрлі этникалық топтардың арасындағы келісімді сақтай алдық. Қазақстанда посткеңестік кеңістікте орын ала бастаған ұлтаралық жанжалдардың қаупін дер кезінде бағалай алдық. Мұны ең бірінші мемлекетіміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев түсінді. Қоғамда тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің ішкі саясатының бағытының негізгі ірге тасына айналды. Бізде өте ұзақ уақыт бойы халықтар арасындағы өзара қатынастардың ерекше дәстүрі қалыптасқан. Бүкіл әлемде қазақстандық этникааралық келісімнің үлгісі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдырдың еркімен біздің ортақ отанымыздың территориясына келген барлық этникалық диаспораларға қазақтардың төзімді және шыдамды қатынасы жатыр. Мысалы, славяндық халықтардың басым көпшілігі Қазақстанға XIX-XX ғасырлар тоғысында Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай көшіру жылдары келген. Сталиндік тоталитарлы тәртіп жылдары байтақ Қазақстанымызға он мыңдаған саяси тұтқындар келді. Қазақстан лагерлі республикаға айналды. Өткен ғасырдың 30-40 жылдары бұрын Қиыр Шығыс, Күнгей Кавказ, Солтүстік Кавказ, Қырым, Еділ арнасы және т. б. жерлерден соңды болып көрмеген жаппай жер аударулар басталды. Тың және тыңайған жерлерді игеру, жаппай кеңестік индустриялдық құрылыс жылдары жүз мыңдаған жастар Қазақстанда жаңа Отандарын тапты. Кез келген осы сатыларды қазақтар қоныс аударғандарды ерекше жылулықпен және жайдарылықпен қарсы алғандарын еске сала кету қажет. Ең күшті дағдарыс кезеңі республикада өткен жүз жылдықтың 90-шы жылдарының бірінші жартысына тұс келді. Бұл мемлекеттіліктің өркендеу кезеңі болатын. Шетелдік мемлекеттермен байланыстар орнатылу үстінде болды. Республиканың алғашқы Конституциясы қабылданды. Жеке валютасы енгізілді. Елдің экономикасы аса қиын дағдарысты басынан өткізіп жатты, қоғамда әлеуметтік мәселелер асқынды. Халықтың республикадан тыс жерлерге кету процесі басталды. Отандастарымыз мемлекеттен тыс жерлерде өздеріне жақсы тағдырлар іздеуді бастады. Немістер - Германияға, гректер - Грекияға, орыстар - Ресейге, украиндықтар - Украинаға және т. б. жақтарға кетіп жатты. Қоғамда тіл, азаматтық және көші-қон мәселелері көтерілуіне байланысты елдегі жағдай шиеленісе түсті. Елде үйлестірілген тіл саясаты жүргізілуде және Қазақстан осы мәселені өткір күйзелістерсіз шешкен аз мемлекеттердің бірі болып табылады. Бүгінде мемлекет азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуінің табиғи процесі жүріп жатыр. Республиканың тілдік байлығы жалпы қазақстандық мәдениетті толықтырудың және көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайтудың маңызды факторы болып отыр. Мемлекет басшысы қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Оның барлық баяндамаларында елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығы атап өтіледі. Сондықтан еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың, этносаралық келісім мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасының бастамасымен елімізде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу, үйлестіру жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйым құрудың жолдары алдын ала қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда ҚХА - Қазақстандағы тұрақтылық пен тұтастықты берік сақтаудың маңызды тұғырларының бірі. Егемендіктің басынан бастап Қазақстанның барлық диаспораларына туған тілдерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін дамытуға тең мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, 1995 жылы президент Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен республикадағы ұлтаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты реттеу және қолдау көрсету бойынша көмек көрсетуге бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бірегей қоғамдық институты құрылды. Мемлекеттің Конституциясына енгізілген 2007 жылғы өзгерістер мен толықтырулар Ассамблеяға ел Парламентіне өзінің 9 өкілін өкілдеуге мүмкіндік берді. 2006 жылы барлық ірі ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер орналастырылған Бейбітшілік және Келісім сарайы («Пирамида») қолданысқа берілді. Мемлекет басшысы қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Оның барлық баяндамаларында елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығы атап өтіледі. Қорытындылай келе, жоғарыдағы аталған сан-салалы теорикалық және практикалық қағидаттар мен тұжырымдарды саралап, мынадай түйін жасауға болады: адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығының түрлері қоғамдық дамудың белгілі бір сатыларында туындап, аса маңызды категорияларға айналды, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орайлас адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz