Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ
Орындаған: Төлеген Дана
Тексерген: Қалдыбаева Сафура
Тақырыбы:Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама .
1. Қазақ елінің халық болып қалыптасуы.
Қазақ мемлекеттілігінің бастауы көне ғасырдан бастау алған. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы сонау сақ үйсін ғұн қаңлы тайпаларынан бастау алады. Бастауын осы тайпалардан алған қазақ халқы құрамында қазірге дейін қаңлы, үйсін, дулат, алан, қыпшақ, алшын тайпалары бар.
Содан кейін V-XII ғасырларда түркі дәуірімен жалғасып, қазақ жерінде «Түрік, Батыс түрік қағанаттары», «Түргеш, Қарлұқ, Қимақ Қарахандар мемлекеттігі» пайда болды.
Одан кейін XIII ғасырдың басынан XV ғасырдың ортасына дейін Алтын Орда, Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы бірінен соң бірі қазақ жерінде билік ете бастады.
Біздің Отанымыз-Қазақстан тарихында XVғасырдың орны айрықша маңызға ие. Біріншіден, сан ғасырлық этникалық үдерістер негізінде қалыптасқан қазақ халқы төл мемлекетін құрды, екіншіден, тәуелсіздігі мен дербестігін сақтап қалудың алғашқы қатал сынақтарына төтеп беріп, халықтың санын, мекендеген аумағын ұлғайтудың, шаруашылық-мәдени тұрғыдан тұтасу мен нығаюдың іргетасын қалады.
Қазақ мемлекетінің негізін қалаған тұлғалар-Керей мен Жәнібек сұлтандар.
1465-1466 жылдан 1718 жылы Тәуке хан дүниеден өткенше, яғни екі жарым ғасыр ішінде қазақ хандығын 15 билеуші басқарған екен. Атап айтар болсақ, Керей мен Жәнібек хандардан кейін Бұрындық хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан секілді тұлғалардың есімі тарихта қалды. Бұл хандардың әрқайсысы заманы алға тартқан міндеттерді шешуге үлес қосты. Солай бұрынғы Дешті Қыпшақ, қазіргі Қазақстан аумағында құрылған қазақ хандығы өз дербестігін XIX ғасырдың 20 жылдарына дейін сақтап қалды.
2. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Қазіргі таңда біздің тәуелсіздігімізге 29 жыл толып отыр. Осы 30 жылға таяу уақыт ішінде Қазақстан Республикасы өзін әлемге танытып үлгерді. Елбасымыздың ұстанған саясаты арқасында Қазақстан Республикасы әлем мойындаған елге айналды.
Осы әлем мойындаған ел- біздің ұлттық мемлекет. Ұлттық мемлекет ұғымына ғылымы сипаттама беретін болсақ, “ұлттық мемлекет”- белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет. Ұлттық мемлекет болып қалыптасуда тарихтың маңызы ерекше. Яғни тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қазақ халқының халық болып қалыптасуына бірнеше тарихи оқиғалар кедергі болды және бірнеше ғасырға кешеуілдеді. Сонда да халық болып қалыптаса алды. Және өз тілін, өз жерін, өз мәдениетін сақтап қалды . Өз дамуының белгілі бір кезеңіне жеткен әр мемлекет уақыт өте келе өзінің ұлттық идеясын қалыптастыра бастайды. Ұлттық идея қалыптастастыруда әр елдің мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихи тағылымы маңызды рөл атқарады.
Яғни ұлттық идея дегеніміз этностық, діни, мәдени жағынан бір-біріне ұқсас адамардың бөлісетін ұжымдық жады мен мақсат мүддесі, дүние танымының, көзқарастары мен құндылықтарының жиынтығы болып табылады.
“Егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж. ), «Қоғамның идеялық топтасуы - Қазақстан прогресінің шарты» (1993 ж. ), «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру» (1994 ж. ), «Қазақстан Республикасын-да мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру» (1996 ж. ), «Еуразиялық Одақ" жобасы (1994 ж. ), „2030 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық дамуы“ (1997 ж. ), „Қазақстанның әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын“ жариялаған Президент Н. Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауы және т. б. Қазақстанда ұлттық идея қалыптастыруда осы мемлекеттік құжаттар маңызды орын алады».
Ұлттық идея ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени транформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы-мәдени, рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.
Сонымен қатар тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі-жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттік ұлттық идеяны жасау мәселесімен қатар, қазіргі модепнизациялау жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық илеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілу адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттігінен туған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz