Денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлері


Жоспар:
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
- Түйіндеме;
- Тұжырым;
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл -қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады .
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесі - қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі» ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз.
Негізгі бөлім
Денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану қозғалыс қабілетін жетілдіріп, баланың ой ұшқырлығын дамытады, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландырады, жолдастарына сенім артуға көмектеседі, жеңіске ұмтылдырады, мақсат қою, алдағы іс әрекетіне жоспар жасауды үйретеді. Қимыл-қозғалыс жаттығулары мен спорт түрлері адамның денсаулығын жақсартады. Маслоудың қажеттіліктер иреархиясындағы негізгі қажеттілік денсаулық, дені сау, күшті, төзімді тұлғада оқуға деген ынта, жігер, қуат жоғары денгейде болмақ. «Ел боламын десен бесігінді түзе» демекші дені сау, қуатты ұрпақ еліміздің келешегі.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл ағзаның дамуына қолайлы ықпал жасайды. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады.
Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақтылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді. Қысқы ойындар оқушылардың денсаулығын жақсартуға, әсіресе тыныс алу жолдарын шынықтыру, төзімділікке баулиды. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді.
Дене жаттығулары, сылап - сипау, козғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады .
Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады . Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды.
Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген . 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін, ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін.
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұракты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың рөлі зор. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн.
Балалық жаста спорттың кез келген түрімен айналыса беруге болмайды.
Гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы даярлығы, жүзу және т. б. сспорт түрлері сабақтары кезінде оқытылатын қозғалыс әрекеттері сияқты қозғалыс сипаты мен құрылымы бойынша ойындар білім беру мәніне ие.
Көп жағдайда спорттық ойындар төмендегі дене қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды: шапшаңдық, ептілік, күш, шыдамдылық, икемділік (иілгіштік) және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттері комплексте дамытылады. Бұл дыбыс, көру, тактильді белгілерге шұғыл жауап беру қажеттілігіне құрылған; шұғыл тоқтау, кідіру және қозғалысты жандандыруы бар ойындар.
Ойындағы үнемі өзгеруші күш, қатысушылардың бір қозғалыстан екіншісіне жылдам ауысуы ептілікті дамытады.
Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыстың белсенділігі жіне қуатты қозғалыстардың көп қайталануы бар спорттық ойындар шыдамдылықты дамытады.
Қозғалыс бағыттары жиі ауысыумен байланысты ойындарда иілгіштікті дамыту жүзеге асады.
Ойынды таңдау оның өткізілу орнына тікелей тәуелді. Үлкен емес, тар залда немесе аланшада кезектесіп қатысатын ойындар өткізіледі. Үлкен спорт залдарда немесе алаңдарда жүгіру, спорттық ойындар элементі, улкен және кіші доптарды лақтыруы бар ойындар өткізіледі.
Ойынды көшеде ұйымдастыру кезінде ауа-райы жағдайын ескерген жөн. Егер ауа температурасы төмен болса, қозғалыс белсенділігі жоғары ойындар таңдалады, өз кезегін күтіп, ұзақ тұратын ойындар ойнауға болмайды. Ал аз қозғалмалы ойындарды ыстық ауа-райында ойнаған дұрыс.
Ойынға тән белгілі бір қимыл-қозғалыс әрекеттерін нақты ереже бойынша орындауды спорттық ойындар деп атайды. Спорт ойындарына әр түрлі спорт құралдары пайдаланылады. Мұндай ойындар өте қызықты болумен қатар, адамның қимыл-қозғалысын жетілдіріп, ақыл-ойын өсіреді.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың - жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. «Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану . »Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел спорттық ойындары.
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды) .
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz