Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

II бөлім Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері

2. 1 Тарихи шығармалардағы лексиканың тақырыптық топтары

Тіл-тілдің сөз байлығы әрқашан мағына байлығымен астасып, тығыз байланыста болатыны белгілі. Сондықтан да лексикалық жүйенің дамуы жаңа сөздердің, терминдердің пайда болуы, өзге тілден енген лексикалық бірліктердің көлемі негізінде ғана жүзеге аспай, ол тілде бұрыннан бар сөздердің семантикасының дамуы, әр түрлі үстеме мағыналардың пайда болуы, тілдік бірліктердің ассоциативті-бейнелі әлеуетінің жүзеге асуы негізінде де көрініс табады. Ал тіл көріктігінің, сөз мағынасы өрісінің кеңейіп, жетілуі, әсіресе, көркем шығарма тілінен байқалатыны сөзсіз. Бұл тұрғыда қазақ халқының өмірінде өшпес із қалдырған тарихи оқиғаларды, халқының тіршілігін, мәдениетін, дүниетанымын бейнелеуімен, ана тіліміздің мол мүмкіншілігін айқындай түсуімен, тілдің тарихи даму барысын көрсете білуімен ерекшеленетін тарихи шығарамалар тілі айрықша болып табылады.

Қаламгердің ұлттық тілдің қорын қаншалықты терең меңгергендігіне, тілдің даму заңдылықтарымен жақсы таныстығына баға беру көркем әдебиет тілін зерттеушілердің алдында тұрған міндеттердің бірі. Қазақ көркем әдебиетінде тіліміздің бар байлығы сарқа пайдаланылып, әр қырынан жұмсалады. Сол себепті, көркем әдебиет тілі ана тіліміздің баюы жолында маңызды орынға ие. Әдебиеттің әр жанрында дүниеге келген шығармалардағы өзгерістер "тілдің өзгерімпаз саласы" лексиканың өзгеріп, дамуына әсер етеді. Бұл процеске көркем туындылар ішінде тарихи жанрдағы шығармалар белсенді кіріседі деуімізге болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ғалым Р. Сыздықованың мына тұжырымын келтірейік: Өткен дәуірлердегі өмір шындығын дәл суретгеу үшін, сол тұстардағы реалийлерді (сол замандарда орын алған, болған зат, кұбылыс т. т. ) дұрыс атау үшін және кейіпкерлерді өз заманының тілінде сөйлету үшін, жазушы көне, сирек сөздермен өзі жасаған қолтума сөздерді шығармасының тіліне енгізеді. Мысалы, Т. Ахтановтың "Ант" драмасындағы талқы ("жиын, тексеру"), кеп ("ой-пікір, айтпақ сөз"), шерік ("әскер, жауынгер"), қарындас ("рулас, ағайын"), тауарих ("тарих"), мәмләкат ("мемлекет"), құлдық ("тілек"), жебей көргін, қайтармағыл сияқты сөздер - тарихи стилизация жөнінен "тірілген" көненің көздері. Д. Досжанов "Жібек жолы" романында зертас ("мозаика"), қышкер ("кірпіш кұюшы"), самала ("полк"), ғар ("гарема"), жолбике ("керуенбасы, қолбасылардың жолға, жорыққа өзімен бірге алып шығатын әйелі"), жидашы ("салық жинаушы"), дабылкеш ("барабан соғушы"), тақылдақ ("соғыс қаруының аты"), күншілік (жер өлшемі), лек ("отряд"), шынтақ ("градус") т. т. сөздердің бірқатарын өзі жасап, бірқатарын бәлкім, тарихи документтер тілінен алып, өз тіліне қосқан. Бұлардың барлығы кұлаққа жаттау, тосын, кейбіреулерінің жасанды, әдеби нормадан тыс дүниелер болып көрінгенімен, қолданылу мотивтері орынды, сәтті алынған, әдеби тілге ену потенциясы күшті сөздер [ 9. 27] .

Тарихи туыңдыларда қозғалатын тақырып, суреттелетін дәуір әр кезеңді қамтығандықтан, лексикасының тақырыптық топтары да әр түрлі. Тарихи шығармаларға қойылатын шарттардың бірі- оның лексикасының сөз болатын дәуірмен үндес, сәйкес келуі екені белгілі. "Жазушылар да құрылысшылардың кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқтандырып өмірдегі сан алуан кұбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образ жасайды" [2. 36] . Ал тарихи шығарманың алтын діңгегі көнерген сөздер болыптабылатыны сөзсіз. " . . . көнерген сөздер әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырасады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы туралы шығарма жазуда автор сол өзі суреттеп отырған уақыттың тілімен сөйлейді" [ 2. 54] . Осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы өмір шындығы суреттелетін тарихи романдар лексикасын мынадай тақырыптық топтарға (шартты түрде) жіктеуге болады:

1. Ұрыс-соғысқа қатысты сөздер (кару-жарақ, сауыт-сайман, әскери атақ, әскери құрылыс, құрама атаулары) ;

  1. Қоғам өміріне қатысты сөздер (ел басқару ісіне, әлеуметтік құрылысқа байланысты тілдік бірліктер) ;
  2. Этнографизмдер (әдет-ғұрып, салт- дәстүрге қатысты бірліктер) ;
  3. Дінге және діни сенімге қатысты сөздер.

Тарихи сипатты танытатын көнерген сөздердің үлкен тобын ұрыс-соғысқа қатысты сөздер құрайды.

Сойыл, қалқан, алдаспан, шоқрар, найза, қылыш, айбалта, зұлпықары, бердеңке, мылтық, шойын доп т. б. қару-жарақ аттары , ақ бадана, кұрыш шарайна, бектер сауыт, алтынды дулыға, т. б. сауыт-сайман атаулары тіркестер тарихи шығармаларда молынан кездеседі. Әскери шен атауларына қатысты аламан, крлбасшы, сардар, сарбаз, дойыр, дәудәй, ноян, зайсан т. б атауларды және жүздік, жасақ^ түмен, лек т. б. әскери кұрама атауларын орнымен қолдану жазушының тарихты баяндау барысындағы ізденімпаздығын танытады. Бұлғақ, оңғақ, бүліншілік, шабынды, қырғын, аласапыран сияқгы жекелеген сөздер мен крл тапсыру, шылбыр салысу, аман беру, ақсүйек қылу төрізді сөз тіркестері тарихи дөуір келбетін нақ танытуға қызмет етеді. Соғыска ғана тән: -ұррах-ша, ұррах-ша, хэс-ек, хэс-ек дыбыстық еліктеуіштер оқырманға оқиғаны әсерлі жетуіне септігін тигізеді.

"Заман шындығын танытатын көнерген элементтер (жеке атаулар, сөз жұмсау модельдері, сөз құрастыру үлгілері: көне жалғау-жұрнақтармен ескіше сөз қосарлар т. т. ) - көркем әдеби тіл нормасына сай түсетін, мотивті қолданыстар болып саналады. Бұл зандылықты түсініп, оның көркемдеу әдісінің бірі деп тұту-қазақ прозасында, әсіресе тарихи-роман-повестерде әуел бастан дұрыс танылып, орын алып келе жатқандығын айтуға болады" [16. 198] . Тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушы оқырманын өзі суреттеп отырған дәуірдің, оқиғаның ортасына әкеп, сол уақыттың кейіпкері ете білуі керек. Ұрыс-соғыс амалдарын заманға сай суреттеу үшін орынды қолданылған, шебер ұйымдастырылған тілдік материалдар шығарманың тарихи болмысын таныта түседі.

Қазіргі лексикамызда қолданылмайтын, кезінде актив қолданылған ел басқаруға, әлеуметтік құрылысқа қатысты қазы-заседателъ, майыр-аға сұлтан, би, сұлтан, оғлан, төре т. б. атаулар және руаралық сияз, хан кеңесі, билер кеңесі т. б. әкімшіліккебайланысты сөздер мен тіркестерді келтіру тарихи стильдік тезге түсірудің амалы. Тарихи шығарма оқу барысында тарихпен танысып қана қоймай, халқымыздың этнографиялық өмірінен де мәлімет аламыз. Ұлттық әдет-ғұрып, салт- дәстүрге қатысты этнографизмдер деп аталатын сөздер мен сөз тіркестерін дәл тауып, орнымен қолдану қазақ халқының ұлттық келбетін танытуға қызмет етеді. Тарихиромандарда кездесетінкүміс шытыралы, тұтқасы сылдырмақты, қоңыр тегене, қайыңның безіне ойған бүйрек ожау, күміс ернеулі ағаш көзелер, кұлан терісінен иленген дастарқан т. б. ыдыс-аяқ атаулары мен киім үлгілеріне қатысты қамқа төбелі пұшпақ бөрік, кемер белдік, барқыт бешбет, қатипа жағалы түйе жүн шекпен, кестелі шалбар, көксауыр кебіс-мәсі т. б. тілдік бірліктер орнымен қолданған жағдайда тарихи стиль тезінің тамаша көрінісі болады. Оқырманға өткен дәуір келбетін нақ жеткізу үшін, автор кейіпкерлерді өз ортасына сай киіндіреді, өз тұсына сай заттарды пайдаландырады .

Ғалым Ж. Дәдебаев көркем шығарманың этнографиялық негіздері туралы былай дейді: "Этнографиялық ақиқат деректер әдеби шығармадағы тарихи өткен дөуір тынысына, сондай-ақ сол тарихи өткен дәуірде өмір сүрген адамдардың мінез құлқына тарихи нақты, шынайы сипат дарытады" [17. 114] .

Қазақ халқының өмір салтына қатысты қара тігу, сеп жаю, ат тұлдау, жоқтау айту, дауысқа қосу секілді т. б. дәстүрлі рәсімдер атаулары тарихи шығармалардың лексикалық қабатын қалындата түседі. Көркем шығармада, олардың ішінде тарихи туындыларда этнографизмдер мен көнерген сөздердің қолданылуы -көркем тіл нормасын өтейтін тәсіл.

Суреттелетін заман шындығы нанымды болу мақсатында қолданылған тарихи романдар лексикасының келесі тақырыптық тобын дінге, діни сенімге байланысты сөздер құрайды: михраб (мешіттегі құбыла жаққа қаратылып жасалған имам тұратын орын), шарғы (ислам дінінің жолы, шариғат заңы), мағрипат (о дүниелік ілім), намаз, ораза және т. б.

"Халықтың өткен өмірін, тіршілігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерінің ұлт тілінде сақталуы оның (ұлттың) мәдени өмірінен тұтастай хабардар береді. Бұл әсіресе фразеологиялық тұлғаларда өте жақсы байқалады" [18. 43] .

Бұрынғы күннің тілдік бояуын нәрлі ғып жеткізу үшін қаламгерлер фразеологизмдерді тарихи тезге түсірудің әдісі ретінде жақсы іске асырады. Мысалы: аймандай болу, тілді-жақты, суырыла сөйледі, тілін безеді т. б. фразеологизмдер тарихи роман лексикасын қалындата түседі. "Халықтың өткен өмірін, тіршілігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерінің ұлт тілінде сақталуы оның(ұлттың) мәдени өмірінен тұтастай хабардар береді. Бұл әсіресе фразеологиялық тұлғаларда өте жақсы байқалады" [18. 43] .

Қаламгерлеріміз тарихи тезге түсіру дәстүрін жалғастырып, өткен ғасырда көп қолданыста болған, қазіргі күнде архаизмге айналған сөздерді тауып, оның мән-мағынасын ашу, әдет-ғұрып ережелеріне, тұрмыстық жағдайларға, жаугершілікке байланысты ереже, тәртіптерге, табиғат ерекшеліктеріне көп көңіл аударып шынайы жазу дарындылығын танытқан. Біздің бүгінгі тарихи романдардың лексикасын тақырыптық топтарға жіктеуіміз әрине шартты. Бірақ зерттеу нысанымыз болып отырған романдардың сөздік құрамына көз сала отырып, бұлай топтауымызға әбден болады. Бұл зерттеуімізді белгілі бір жүйеге түсірумен қатар, тарихи романдардың тілдік қабаттарына тағы да бір үңілуімізге мүмкіндік береді. Сонымен тарихи роман лексикасын құрайтын сөздер, бірліктер сол шығарма ішінде ғана өмір сүріп қоймай, қазіргі тілімізде де белсенді қолданысқа ие бола алады. Тек оларды дұрыс түсініп, пайдаға асыра білуіміз керек. Бұл жолда қаламгерлеріміз де еңбектенуі керек. Өйткені бұйымды қалай ұсынғанына қарай ол сұранысқа сондай сипатта ие болатынын білеміз, ал осы әдісті дұрыс танып, іске асыру тілшілер қауымының міндеті екені даусыз.

2. 2 Көнерген сөздер қолданысы

"Қазіргі дәуірден бес-алты ғасыр бұрынғы кезеңге жол салу, барын байытып, жоғын табу, өшкенін жандыру, там-тұмдаған деректерден мәлімет алып, өмір шындығын көркем келістіре білу - тарихи шығарманың негізгі шарты" [ 11. 4] .

Осы шартқа сай тарихи тақырыпқа қалам тартқан қаламгер қолындағы деректерді жалаң баяндап қоймай, оқырманына сол дәуірдің дәмін татырып, лебін сездіреді. Тарихи шығарма авторы өзі білген тарихты оқырманға әсерлі, нанымды жеткізудің жолында тілдік материалдарды да ұйымдастыра білуі керек. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын көп қолданылған, қазіргі күні біз үшін мағынасы күңгірттене бастаған, түсініксіз сөздерді тауып, олардың мағынасын ашып, шығарма жазу барысында орынды қолдану жазушының дарындылығын, шеберлігін танытады.

Тарихи стильдік тезге түсіріліп жазылған шығармада көнерген сөздер өте мол кездеседі. Өткен өмір шындығын дәл, нақты беру үшін тарихи шығарма авторлары кезінде белсенді қолданылған, ал қазіргі күн тұрғысынан қолданыстан шығып қалған немесе сирек қолданылатын көнерген сөздерді пайдаланады.

"Көнерген сөздер көркем шығармада қолданылғанда өткен өмір шындығын реалистік тұрғыдан суреттеу және одан белгілі бір мағлұмат беру мақсатында қолданылады"[ 19. 149] .

Енді зерттеу нысанымыз болып отырған романдарда қандай көнерген сөздер қолданылғанына, жазушы шығарманы тарихи стильдік тезге түсіру үшін бұл сөздерді қалай қолданғанына назар аударайық.

Тілде көнерген сөздердің архаизмдер және историзмдер деп аталатын екі түрі бар. Мұндай сөздер көркем әдебиет стилінде, мысалы, тарихи тақырыпқа бұрынғы өмір жайлы жазылған шығармаларға жазушының өз баяндауына жарасымды.

"Архаизмдер халықтың күн көріс тіршіліне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады" [ 19. 180] .

Тарихи романдар тілінде архаизмдерге стильдік мәртебе беріліп, орны орнымен жұмсау тәсілдері бар. Басқаша айтсақ, жазушы шеберлігінің арқасында бұл күнде қолданыстан қалып, мағыналары көмескі тартқан, орнын өзге тұлғалар басқан сөздерді қолдану тарихи стиль тезіне түсірудің ұтымды тәсілдерінің біріне айналған. Ойымыз дәлелді болу үшін мысалдар келтірейік.

Ата жосыны бойынша жорыққа аттану алдында үш-төрт қара шаңырақтан дәм татып, аруақтарға сыйынып жүрміз (Ш. Қ. 94-6. ) .

Енді қазақгың ұрын бару деген жосыны Жәнібекті қайыншылатқалы тұр (Ш. Қ. 54-6. ) .

Кұндызбен жұрындаған пұшпақ тұмағын күйеу жосыны бойынша еңкейте киіп отырған (Ш. Қ. 46-6. )

- Нағашы атасынан да бата алып келген екен, Қадиша жосынды адам еді ғой, - деді Шақабай (Ш. Қ. 96-6. ) .

Осындағы жосын сөзі тілдің қазіргі сөздік құрамында өте сирек кездеседі. Ғалым Р. Сыздықова бұл сөзге былай деп талдау жасайды. "Жосын - йосын сөзі көне түркі тілінде "правило, -обычай" дегенді білдірген [ ДС, 275) . Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі "көпшілік қолдылау". Жосық - "жөн, бағыт, жоба" деген мағынада жұмсалады, жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты көне жырларда өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулар тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жосун түрінде қолданылады: мағынасы - "рет, тәртіп, жөн, жосық". Осыдан туған жосуудуу ("халық дәстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін адам"), жосунсыз ("тәртіпсіз, көргенсіз") дегендер де қырғыздың қазіргі тіліндегі қолданыстағы сөздер. Сөйтіп, жосын сөзі - жосық сөзінің варианты болып, "жөн, рет, тәртіп" және "әдет-ғұрып", "салт" мағынасында қолданылған сирек сөздердің бірі. " [ 20. 64] .

Шәміс Құмар жосын сөзін "ата жосыны", яғни рет, тәртіп мағынасында, ұрын бару жосынын", "күйеу жосынын" - әдет-ғұрып, "жосынды адам" тіркесін "халық дәстүрін ұстаушы" ұғымында қолданған.

"Әрбір архаизмнің қазіргі тілде синонимі болады. Бірақ мұндай синонимдердің архаизм сыңары активті сөздіктен шығып қалады"[19. 149] .

Олай болатын болса, жосын сөзінің казіргі қолданыстағы синонимі салт сөзі болады дейміз. Бұған тіліміздегі ата салты деген тіркес дәлел. Жосын сөзінің орнына салт сөзін қойып ұрын бару салты деп қолдансақ та бүгінгі оқырман үшін түсінікті болады, себебі, салт сөзі жосын сөзінің қазіргі лексикамызда жиі қолданылатын сыңары.

Дегдар азаматтардың талайы жау қолынан қаза тапты. (Ш. К, 105-6. ) .

Тілші Жанпейісов Е. М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында кездесетін дегдер сөзінің мағынасын былай ашады: "-дег-дар, дег] ] тег] тек; дар- түрік тілінде сын есім жасайтын жұрнақ, яғни ол қазақ тіліндегі -ды (мал-ды) қосымшасына сәйкес келеді. Дегдар сөйтіп текті деген сөз" [ 21. 72] .

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде екі мағынасы көрсетілген: "1. сын. асыл тұқымды, текті. 2. сын. бей-жай, делдал. " ҚТТС. 3. 93] . Бұл екі еңбекте дегдер сөзіне текті деген ортақ мағына берілген. Дегдар сөзі архаизмдер қатарынан орын алғанда оның қазіргі тілдегі синонимі текті, асыл сөздері болады деп тұжырым жасауға болады. Күнделікті қолданыста жүрген асыл азамат, текті азамат тіркестері ойымыздың дәлелі болады.

Манадан күздің қою сары қымызын соза ішіп отырған үлкендер жағы, сарығы қанса керек, едәуір баяулап қалды (Ш. Қ. 81-6. )

"Сарық. ет. көне. дем алу, тынығу, тыныстау. а) демін алды, тынықты; ә) шөлін қандырды, сусындады; б) құмары қанды, мауқын басты" ҚТТС. 8, 193]

Біз мысалға алған сөйлемдегі сарық шөл мағынасын берсе керек. Себебі сарығы қану деудің орнына шөлі қану деп ауыстырып қолдануға болады.

Жәнібек бұл ауылдан еліне қайтқаннан кейін де, бірталай көгенкөз өріп шыққан сияқты. (Ш. Қ. 91-6. )

Бұл сөйлемдегі көгенкөз сөзіне шарасыз сөзі сәйкес келеді.

Сонда бұл кісінің көңіліне алғау салған не болды екен? (Қ. Ж. 91-6. ) . Мынау аға батырдың бір ауыз алғау сөзі Жәнібекті желпіңдіріп тастады. (Ш. Қ. 96-6. )

Алқау сөзінің мағынасын ғалым Е. Жанпейісов өз тарапынан былай түсіндіреді: " Алқау . Алғыс сөзі "благославлять, благословение, благожелание" мағынасындағы "алға" дегеннен келіп шыққан көрінеді. Біздің ойымызша бұлармен алқау етістігі де түбірлес. Өйткені, Пекарский өзінің сөздігінде "алға" мен "алка" дегенді де салыстыра отырады. Олар сондай-ақ мағына жағынан да үйлесімді келеді [ 21. 151] .

Мысалда алғау сөзі алаң және жақсы сөзі мәнінде келген, себебі, көңіліне алғау салған-көңіліне алаң салған және бір ауыз алғау сөзі-бір ауыз жақсы сөзі деп қолдануға болады.

"Халық тілінің байлығын игеру - зор талғам, парасат тілейтін жұмыс. Халық сөзінің нарқын бағалап, салмақтай білсек, сап алтындай тазасын, ең асылын тұнығынан сүзіп ала білсек, сонда ғана оларды әдеби тіліміздің шын ырысы дей аламыз" [22. 106] деген академик І. Кеңесбаевтың пікірін Шәміс Құмардың шығармасына талдау барысында келтіруге әбден болады. Себебі, келтірілген мысалдардан тарихи роман авторының өз шығармасында ана тілдің байлығын сарқа пайдаланғанын көреміз.

Әдеби тіл үнемі бір қалыпта тұрмайтынын білеміз. Тіліміздегі сөздер қоғаммен бірге өзгеріп, жаңа мағынаға ие болады. Сөздерге жаңа мағына үстеп, көмескіленгенін қайта жаңғыртып, әдеби тіліміздің дамуына, ана тіліміздің баюына қаламгерлер зор үлес қосады. Туған халқының тарихынан сыр шертетін қалам қайраткері "халық тілінің байлығын игеру" арқылы өткен өмірді нанымды суреттеуде өз мәнерін таныту мүмкіндігіне ие болады.

2. 3 Жаугершілік-әскери мәндегі көнерген сөздер

Көнерген сөздердің екінші түрі - тарихи сөздер деп аталады. "Тарихи сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер деп аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен тығыз байланысты болады" [23. 181] . Тарихи сөздердің екі түрін ажыратуға болады:

  1. Әскери атақ пен қару- жараққа қатысты тарихи сөздер.
  2. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты тарихи сөздер. Халыктың басынан өткен өмірді, тұрмыс жағдайын сөз еткен

қаламгер сол кезеңдегі атаулардың мәнін түсініп, орнымен келтіру арқылы да шығармасын тарихи тез ізіне түсіреді. Тарихи романдар лексикасында кездесетін жаугершілік-әскери мәндегі көнерген сөздер осы мақсатта жұмсалады.

Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Т. Байжанов т. б. өз мақалалары мен зерттеу еңбектерінде әскери атақ пен қару-жарақ атауларының шығу тарихына тоқталған, түрлеріне, қызметіне қарай топтаған.

Қару-жарақ атаулары тарихи романдарда өте мол кездеседі, бұл да тарихи стиль тезіне түсірудің бір амалы. Өмір шындығын дәл суреттеу үшін қаламгерлердің жиі жүгінетін оңтайлы әдісі десек болады.

Амандық болса, бұл алдаспанның кәпір қанымен суарылатын кезі алыс емес (Қ. Ж. 134-6. ) .

"Алдаспан. Зат. Көне. Имек қылыш" ҚТТС. 1, 215] .

Кейбір қылыштардың басы ауыр болу үшін жалпайыңқырап келіп сырт жағы шығыңқы болады. Оны "жалманы" деп атайды.

Ондай үлкен ауыр қылыштарды қынсыз жалаң ұстаған. Қылыштың бұл түрі алдаспан деп атаған.

Әскери лексиканы зерттеуші Т. Байжанов алдаспан сөзін араб-парсы тілдерінен енген сөздер қатарына жатқызады. Асфаһани (Асфаһан қаласында жасалған қылыш) . "Алдаспан (көне) - соғыс қаруы. Жекпе-жек шайқаста сілтейтін ауыр семсер" [ 23. 26] .

Сонымен алдаспанның өткір, ауыр болатындығын және кесу үшін қолданылатын қару түріне жататындығын білдік. Алдаспанның басқа қару түрлерінен ерекшелігін жақсы білетін жазушы оны ауыл арасындағы барымтада пайдаланбай, әділет жолындағы үлкен шайқаста "кәпір қанына суарады". Яғни жазушының айтар ойына тәуелді болып, шығарма стиліне лайық түрге енген.

Қолда бар қару - сойыл мен шокцар, ішінара найза мен қылыш, айбалта (Қ. Ж. 152-6. ) .

"Сойыл. Зат. Қолға ұстауға ыңғайлап жонған қару ретінде пайдаланылатын мықты, ұзын ағаш" [ 3. Т. 8] .

Ш. Уәлиханов қазақтардың ерте кездегі қару-жарақтары мен сауыт-саймандары туралы мынадай мәлімет береді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистика ғылымы
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Балалар көркем әдебиетін аудару ерекшеліктері
Қазақ көркем прозасындағы тарихи тезге түскен шығармалар
Ұлттық фразеологиялық қор
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz