Екпін (акцентуация) және оның түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Екпін (акцентуация) және оның түрлері.
Жоспар:

1. Екпін және оның элементтері.

2. Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.

3. Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері.

Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буындардың біреуі, басқаларына қарағанда, айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады. Осыған орай, екпін түскін буынды екпінді буын деп атайды. Екпін түскіен буын басқа буындардан негізгі үш тәсіл арқылы ажыратылады.

Буының біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны, буынның күшімен байланысты болады да, басқа буындардың ішінде бір буынның көтеріңкі айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген тілдерге караған. Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар: славян тілдері, түркі тілдері, герман тілдері. Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса, жаңа грек тілінің екпіні - динамикалық екпін.

Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жйілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва, т. б. тілдер.

Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы мүмкін. Мұндай лебізді екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша, көмекші қызмет атқарады. Мысалы, орыс тілі лебізді екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай бола тұрса да, оған квантативті екпіннің қатысы ба. Орыс тілінде сөз құрамындағыекпін түскен буын, біріншіден, жоғарғы қарқынмен, көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Демек, орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті болады.

Неміс тілі де - лебізді екпінге ие тілдің бірі. Мұмымен бірге, неміс тіліндегі екпіннің муэыкальды сипаты бар. Бұл тілде екпін түскен буын екпінсіз буыннан тонның өте-мөте жоғары көтерілу сипатымен ерекшеленіп ажыратылады. Алекпіннің сандық жағының неміс тілінде пәлендей ролі болмайды, өйткені ондағы созылыңқы дауыстылар келте дауыстыларға қарсы қойылады да, фонетикалық қызмет атқарады.

Кейбір тілдерде, мысалы, орыс тілінде, екпін сөздердің әр буынына - алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да - түсе береді . Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін - жылжымалы екпін.

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көьінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді . Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін сөздің көбінесе соңғы буынына түседі.

Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы дербес екпінге ие болуы шарт емес. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Фразалық екпіннің, әсіресе сөздер бір-бірімен қосымшалар арқылы емес, орын тәртібі және дауыс тоны арқылы байланысатын және солар арқылы бірінен бірінің жігі ажыратылатын түбір тілдерде мысалы, қытай тілінде және аффикстер қолданылатын орында көбінесе жеке сөздер қолданылатын француз тілдерінде айрықша маңызы бар

Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге ерекше назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп айтылады.

Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны клнтекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауыз -екі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді.

Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса, жаңа грек тілінің екпіні - динамикалық екпін.

Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высокие тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиеленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екіпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т. б. тілдер.

Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық (лебізді) екпінге квантативті екпіннің қосылуы да мүмкін. Мұндайда лебізді екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша, көмекші қызмет атқарады. Мысалы, орыс тілі лебізді екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай болса тұрса да, оған квантативті екпіннің қатысы бар. Орыс тілінде сөз құрамындағы екпін түскен буын, біріншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы (екпін түспеген буындардағы) дауыстығы қарағанда созылыңқы айтылады. Демек орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті сипатта болады.

Жеміс тілі де - лебізді екпінге ие тілдің бірі. Мұнымен бірге, неміс тіліндегі екпіннің музыкальды сипаты бар. Бұл тілде екпін түскен буын екпінсіз буыннан тонның өте жоғары көтерілу сипатымен ерекшеленіп ажыратылады. Ал екпіннің салдық жағының неміс тілінде пәлендей ролі болмайды, өйткені ондағы созылыңқы дауыстылар келте дауыстыларға қарсы қойылады да, фонетикалық қызмет атқарады.

Кейбір тілдерде, мысалы, орыс тілінде, екпін сөздердің әр буынына - алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да - түсе береді. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін - жылжымалы екпін.

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің сөздің соңғы буынына түседі. Француз тілінде екпін, соңғы буының алдындағы буынға, чех тілінде бірінші буынға түседі.

Екпін жылжымалы тілдерде екпіннің грамматикалық та, семантикалық та қызмет атқаруы мүмкін. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратылып тұрады. Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) - замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір - бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Ал пища (зат есім - «ас», «тамақ») - пища ( түрі) деген сөздерде екпін сөздердің грамматикалық жігін (бірінің зат есім, екіншісінің етістіктің көсемше түрі екендігін) ажыратып тұр.

Түркі тілдері екпіні тұрақты тілдердің тобына енеді және оларда екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Зерттеушілердің байымдауынша, түркі тілдерде де екпіннің кейде соңғы буынға түспей, алдынға буынға түсу құбылысы кездеседі. Бұл құбылыс (екпіннің бірінші буынға түсу құбылысы) сөздердің құрамы ажратылатын түбір сөздердің де кейбіреулерінде ұшрасады.

Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқы кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылған сөзге ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздергше қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді (қаладан деген сөзде) . Ал кеше қаладан Болат келді деген сөйлемде логикалық екпін Болат деген сөзге түсіп тұр. Сөйтіп, қазақ тілінде (сондай-ақ басқа түркі тілдерінде де) логикалық екпін түскен сөз соның алдында тұруға ұмтылады. Бірақ логикалық екпіннің орны да өзгеруі мүмкін. Мысалы, лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлемнің басында қолданылып, оған айрықша назар аударылуы да, логикалық екпін сол баяндауыш болған сөзге түседі. Мысалы: Бақытты болыңдар, сүйікті достар!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
Тіл білімі немесе лингвистика
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Қазақ тілі фонетикасы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Мектептегі психолог қызметінің қажеттілігі мен ерекшелігі
Фонетиканың зерттеу нысандары
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz