Әлеуметтік философия және мәдениет философиясы. Қазіргі әлемдегі өркениет және Қазақстан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кафедра: Философия кафедрасы



СӨЖ

Тақырыбы: Әлеуметтік философия және мәдениет философиясы. Қазіргі әлемдегі өркениет және Қазақстан.

Орындаған:Бекмұхамедова А.
Қабылдаған: Турсунбава С.
Топ: 18-001-2к
Факультет: ФӨТ

Алматы 2020

1)Әлеуметтік философия - қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) Түсініктерге назар аударады. Тарихи процестің мәні мен бағыты, қозғаушы күші және мақсаты қоғам, қоғамдық, әлеуметтік сөздерінің түсінігі кеңінен таралған, бірақ олардың мәні көбінесе көп мағыналы және толық түсініксіз болып келеді. Ең алдымен қауымдастық, қоғам терминдерін ажырата білу керек. Қауымдастық қазіргі заманға сай тұрмыстық нысандармен анықталады немесе адамдардың өзара әрекеттері олардың жалпы шыққан тегімен, тілмен, көзқарастармен байланысты. Қоғам халықтың азық ретінде және зерделі ұйымдастырылған үлкен топтардың іс - әрекеті біріккен қоғамдық негізде емес, біріккен мүдде мен шартта. Қоғам түсінігі халық, ұлт, мемлекет түсінігінен ажыратылып алу керек. Ұлт - бұл мемлекеттік, экономикалық, саяси және адамдардың рухани қарым - қатынас байланысқан бір немесе бірнеше халықтың ұйымдасқан өмірінің нысаны. Мемлекет құқық пен заң негізінде ұйымдасқан өмір нысаны, халық және ұлт адам өркениетінің тарихи азығы. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты және бір - бірінің түсінігін толықтырып отырады. Мәдениет философиясы -- мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. "Мәдениет философиясы" терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт "мәдениет туралы ғылымдар" мен "табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда "дәуір мәдениеті", "этнос мәдениеті", "ұлттық мәдениет", "христиандық мәдениет", "мұсылмандық шығыс мәдениеті", тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз - жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды. Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады. Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз - адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді. Материалдық құндылықтар - еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар - философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері.
2Әлемдік өркениет
- (лат. civis - азамат) -
1) адамзаттың қол жеткен табыстарының жиынтығы;
2) әлемнің қарқынды ілгері дамуы;
3) нақтылы ал- дыңғы қатарлы (әдетте батыстық) әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.

Қазіргі қоғамтануда әлемдік әркениет жайлы пікірталастар аса маңызды орын алады. Әлемдік өркениеттің негізгі қырларын талдау - оны шынайылық деп қабылдау немесе мінсіз нормативті үйлесім ретінде қарастыру. Сонымен қатар әлемдік өркениетті ойдан шығарылған, жалған ретінде мойындамау ұстанымы да бар (А. Тойнби, С. Хантингтон және т.б.).
Әлемдік өркениетті түсіну мәселесі адам қызметінің барлық саласымен байланысты. Жаһандану процесінің мәнін түсіндіруде бір жағынан еуропалық-атлантикалық өркениеттің монологын білдіретін, өркениеттік айырмашылықтарды жоққа шығаратын оптимистік пікірлер, "бір өркениеттің екіншісіне қарымтасын қайтаруы" (Ф. Бродель); екінші жағынан, жаһандану жағымсыз қырынан, жаһандық процестер батыстық емес қоғамдарды ескінің қалдығына айналдырушы ретінде қарастырылады.
Әлемдік және шағын өркениеттердің арақатынасы мәселесі өзіне тән белгілері бар әлеуметтік-мәдени қауымдастықтардың иерархиясын білдіретін ұғымдардың көпмәнділігіне орай әдістемелік қиыншылықтарға үшырайды. Біріншіден, бұл этноәлеуметтік құрылымдар болуы мүмкін (мыс., майя, вавилон, шумер өркениеттері және т.б.), яғни, этникалық құрылымы жағынан біртұтас қауымдастықтар. Екіншіден, өркениет ұғымына бір мәдени аудан аясына қарайтын кең ауқымдағы әлеу- меттік-мәдени қауымдастықтарды да жатқызуы мүмкін (мыс., эллиндік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия мен мәдениет
Философия (лекциялар)
Техника философиясы
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Пәндер