Қоғамдық-саяси дамудағы демократиялық үрдістер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Семинар №11

Тақырыбы: Қоғамдық-саяси дамудағы демократиялық үрдістер.

Орындаған : Сақтағанова Г.

Математика физика тобы 6B01502 14 студент №8

Тексерген :Берлибаев Е

Алматы 2020

11 тақырып:Қоғамдық-саяси дамудағы демократиялық үрдістер

Негізгі сұрақтар

1. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» ХДП - әлеуметтік-саяси жетекші рөлі

2. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА)

3. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта.

  1. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» ХДП - әлеуметтік-саяси жетекші рөлі.

Кеңес Одағының құрамында болған кезде тек қана бір партия ғана елге басшылық етті . Ол Коммунистік партия болатын, алайда бұл партия елді тоталитарлық жүйемен басқарды, яғни азаматтардың құқығы тапталды, қоғамда демократия болмады, қарсы шыққандарды жолынан алып тастап отырды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін демократиялық даму жолына түсті. Қоғамдық саяси дамуда елде көппартиялылық жүйе орнады. Әртүрлі бағытты ұстанған партиялар мен қозғалыстар өз жұмыстарын бастап, халықпен байланыс орната бастады. Қазақстандағы партиялар мен қозғалыстардың саны уақыт өткен сайын арта түсті. Солардың ең маңыздыларын атап өтсек:

  • «Азат » қоғамдық саяси қозғалысы
  • «Поколение»қозғалысы
  • «Лад» қозғалысы
  • «Азамат » азаматттық қозғалысы
  • «Қазақстанның болашағы үшін » жастар қозғалысы
  • «Қазақстан 2030» үшін қоғамдық қозғалысы
  • Өрлеу қоғамдық қозғалысы
  • Ақ жол қоғамдық қозғалысы
  • Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі
  • Қазақстанның аграрлық партиясы
  • Республикалық Отан партиясы
  • Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы
  • Қазақстан патриоттарының партиясы

Қазақстандағы партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың көбеюі елдегі азаматтардың демократиялы санасының жоғарғы деңгейін көрсетті. Елдегі саяси партиялар қоғамдағы болып жатқан жағдайлар мен мәселелерді шешуге, ұлтаралық қарым қатынастарды реттеуге көмектесті. Өткен уақытта қалған қатып қалған коммунистік идеология жойылып, барлығы өз ойын ашық түрде айта бастады.

Нұр Отан партиясы қазіргі уақытта еліміздің саяси дамуында үлкен рөл атқаратын партия .

1999 жылдың 1 наурызында Республикалық Отан саяси партиясының құрылтай сьезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның ресми төрағасы болып сайланды. Сол қүрылтайда партияның негізгі мақсаттары мен міндеттері және жарғысы айқындалды. Уақыт өте келе Қзақстандағы Асар, Қазақстан 2030, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық бірлігі партиясы қосылды. Елде Отан партиясының саяси ықпалы нығайып, партияның оныншы сьезінде атауын Нұр Отан демократиялық партиясы болып өзгертілді.

2013 жылдары Нұр Отан партиясы Қазақстандағы негізгі жетекші және халық алдында жауапты саяси партияға айналды. Он бесінші сьезде Нұр Отан партиясының доктринасы жарияланып, негізі платформа тұрақтылық пен бірлік және халық мүдделерінің теңгерімінің орталықшылдығы деп айқындалды.

Партияның негізгі мақсаты саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.

Нұр Отан партиясының жетекшілігімен Жас Отан жастар қанаты платформас құрылып, әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Білімді, ынталы патриоттардан құралған жастар тобы мемлекеттің қолдауымен қоғамда ерікті түрде жұмыстар атқаруда.

Елдегі саяси тұрақтылық, әлеуметттік мәселелердің шешімін табуы, халықтың саяси талап тілектерінің орындалуы еліміздегі жетекші саяси партия Нұр Отанның арқасында.

2. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА)

Қазақстан ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстар мекені. Қазіргі уақытта елімізде 130-дан астам ұлттар мен этностар тұрады. Олар патша үкіметі кезіндегі қоныстандыру саясатының, соғыс уақытындағы депортациялаудың, тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде келген болатын. Қазақ халқы оларды кеудесінен итермей бір нанды бөліп жеп, бауырлас ел болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, басқа елдер бізде ұлттың көп болуынан ішкі алауыздық пен саяси тұрақсыздық болуы мүмкін деп ойлады. Бірақ Елбасының даналығы мен көрегендігінің арқасында басқа елдердің ой пікірі өзгерді. Өйткені Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығында Қазақстан халықтар форумында Қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын ұсынды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Оның мәртебесін алғашында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен еді. Өз тарихында ассамблея аталған мәртебеден мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың мәдени рухани дамуын, ұлтаралық келісімдерді нығайтуға, өзара ынтымақтастықты сақтауды қамтамасыз ететін ұлтаралық келісімнің Қазақстандық моделі.

2007 жылы Қазақстан Халқы Асссамблеясына конституциялық мәртебе берілді. Қазіргі уақытта Ассамблеяда азіргі уақытта Ассамблея 394 мүшеде тұрады. Парламентке Ассамблеядан этникалық топтардан депутаттар сайланады. Параламенттегі этносаралық мәселелерге қатысты заңдар Ассамблея депутаттарының зерделеуінен, сын тұрғысынан өтеді .

Менің ойымша Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі ауызбіршілік пен ынтымақты, бейбітшілік пен ұлтаралық теңдікті сақтап отыр. Өйткені көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында өмір сүруі оңай емес. 2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды.

3. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жаңару туралы түсінік
Әлеуметтік реформалар мен әлеуметтік жаңғырулар
Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Консулдық қызметі
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Экономикалық интеграция
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде
Қазіргі Қазақстандағы БАҚ және саяси көшбасшылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz