Пестицидтерді қолданудың қоршаған ортаға кері әсері


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Пестицидтерді қолданудың қоршаған ортаға кері әсері
Орындаған Сақтағанова Г.
Мамандығы: математика физика 6B01502
Тексерген: Көпжасар М.
Алматы 2020
Пестицидтерді қолданудың қоршаған ортаға кері әсері
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) - мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
- хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
- Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
- Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
- Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
- Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Пестицидтер қоршаған ортаға әр түрлі жанама әсері де болуы мүмкін. Бұл жанама әсерлердің үш категориясы ажыратылады:
1) зиянды организмдердің пестицидтерге төзімділігінің дамуы;
2) өсімдіктерге, жануарларға және қоршаған ортаға пестицидтер мен олардың қалдықтарының әсері;
3) жинақталып қоректік тізбек бойымен таралуы.
Қоршаған ортадағы пестицидтер қалдықтары өсімдіктермен және жануарлармен сіңірілуі мүмкін. Ал олар өз кезегінде басқа ірі жануарларға қорек болып табылады. Бұл жануарлар бойында улы заттар концентрациясы біртіндеп артады. Осының нәтижесінде адамдардың тағам құрамында пестицид қалдығы бар болуы мүмкін. Пестицидтердің айналымы мынадай схемалар бойынша жүруі мүмкін ауа→өсімдік→топырақ→өсімдік қоректі жануарлар→адамдар; топырақ→ су→зоофито планктон→балық→адам. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады.
Атмосферадан пестицидттер жауын-шашынмен, ауамен шектес қабаттарға диффузиялануымен және химиялық ыдырау нәтижесінде кетеді. Ауа кеңістігінен пестицидтер мен олардың метаболиттері топыраққа, суға өтіп қоршаған ортадағы айналымы жалғасады. Қоршаған ортаға пестицидтерді негізгі тасымалдаушы су болып табылады. Улы заттар ашық су қоймаларына түсу жолдары - пестицид шығаратын зауыттардың ағынды суларымен, ауыл шаруашылық және орман алқаптарын авиация көмегімен немесе бүріккіштермен өңдегенде, жауын еріген қар суларымен, ашық су қоймаларының өздерін өңдегенде. Топырақ және ыза сулары, ішкі су қоймалар, өзен-көлдер және дүние жүзі мұхиттар белгілі бір жағдайларда пестицидтердің жинақталатын ақырғы орындары болуы мүмкін. Осының нәтижесінде су қоймалары тұрақты пестицидтермен залалдануы мүмкін. Су қоймалары батпақтарында жинақталған органикалық пестицидтер лай сумен көтеріліп суды екінші кезекті ластайды. Кейбір пестицидтердің біразғана мөлшерінің өзі судың органолептикалық қасиеттерін өзгертуі (иісі, дәмі), оттегінің түзілуіне және суда тіршілік ететін организмдердің тіршілігіне кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар қорек тізбегімен тарап, өнімдерде жинақталуы мүмкін.
Су жәндіктеріне пестицидтер тікелей (улауы) немесе жанама (еріген оттегі концентрациясының төмендеуі, химиялық құрамының өзгеруі, су жәндіктерінің жойылуы) әсер етуі мүмкін. Пестицидтер судан биологиялық тізбек бойымен басқа организмдерге өткен кезде олардың мөлшері бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған есеге артады. Сүзгіш организмдер бойына өткен улы заттар азықпен бірге балық ағзасына енеді. Әрі қарай жинақталушы қасиеті бар пестицидтердің әсері бірнеше есеге артады. Бұл тұрғыдан ең қауіпті препараттар қатарына хлорорганикалық пестицидтер жатады. Оларға қарағанда фосфорорганикалық пестицидтер және карбамин қышқылының туындыларының қаупі төмен болып келеді. Биологиялық белсенділігі жоғары заттар ретінде пестицидтер тек қана омыртқасыздарға ғана емес омыртқалы жылы қанды жануарларға кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, құстар дәріленген дән-тұқымдарды, насекомдармен қоректенетіндер - уланған насекомдарды жеп өліп қалуы мүмкін. Қоршаған орта ластанса алдымен балықтар мен жыртқыш құстар өліп қалуы мүмкін. Құстар үшін әсіресе тұрақты хлорорганикалық пестицидтер өте қауіпті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz