Қазақстандағы заңсыз ломбардтардың қызметін тыю мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Махамбет А. Қ.

Заң факультетінің 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Ермухаметова С. Р.

Қазақстандағы заңсыз ломбардтардың қызметін тыю мәселесі

Қазіргі таңда ломбардтар Қазақстандағы танымал бизнеске айналуда. Жалпы Қазақстанда ломбрадты ашу қиын емес. Осындай бизнесте ең бастысы ломбардтық бизнес үшін құрылған барлық заңнамалық органдардың талаптарын сақтау болып табылады. 2006 жылдан бастап Лицензиялау туралы заңнамаға енгізілген түзетулер нәтижесінде Қазақстандағы ломбард қызметі лицензияланбайды. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті алу үшін алдымен сізге ЖШС ретінде тіркелу қажет.

Ломбардтардың қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі (ҚР АК 328 бабының) . Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:

  • Берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;
  • Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;
  • Операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;
  • Ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
  • Кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;
  • Өзге де талаптар қамтылуға тиіс.

Ломбардтар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті». Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс.

Бұл ережелерден басқа ломбардта ломбардтың ішкі ережелері болуы тиіс, онда:

  • Ломбард бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;
  • Ішкі аудиттің, кредиттік комитетінің және өзге тұрақты әрекет ететін органдардың функциялары мен өкілеттіктері (олар болса) ;
  • Құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;
  • Ломбард атынан және оның есебінен мәмілелер жасаған кезде ломбардтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері белгіленеді.

Ломбардтардың қызметі туралы негізгі ережелер Азаматтық кодекстің 328 бабымен регламентелген. Осылайша, осы баптың 1 тармағына сәйкес қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:

Жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;

Құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады. Сонымен, ломбардтағы операциялар негізінде қарыз берімен, қымбат металдар мен тастарды, автокөлікті, тұрмыстық заттарды және т. б. сатып алумен, сақтаумен байланысты.

Бірақ, бүгінді таңда Қазақстанның жекелеген өңірлерінде қаржылық (инвестициялық) пирамиданың белгілері бар, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард» ЖШС, «Gold» ЖШС, «Выгодный депозит» ЖШС және басқалары сияқты ұйымдар қызметін жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылғы 21 маусымда тіркелген (2019 жылғы 2 қыркүйекте қайта тіркелген) «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің Қазақстан Республикасы бойынша 8 филиалы бар. Бірінші филиалы Алматыда 2019 жылғы 23 желтоқсанда, ал соңғысы Шымкентте 2020 жылғы 6 ақпанда тіркелді.

Ломбард басшылығы клиенттерді тарту үшін алаяқтық және қаржы пирамидасы белгілері бар бағдарламаларды іске асырды. Мәселен, Ломбард азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары құны бойынша бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төлеген, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтық құнынан төмен сатқан. Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Алаяқтық операциялар тек қана қолма-қол нысанда жасалды, яғни ақша тікелей «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-тің кассасына салынып, жалған адамдармен шарттар жасалды. Ломбардтың алаяқтық схемаларынан 2 мыңнан аса адам зардап шеккен.

2020 жылғы қаңтар-ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтөбе қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы құқық қорғау органдарына «Gold» ЖШС және «Гарант 24 Ломбард» ЖШС заңсыз қызметі туралы азаматтардың өтініштерін жіберді, соның нәтижесінде «Gold» ЖШС-тің қызметі тоқтатылды, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС бойынша тергеу іс-шаралары жалғастырылды.

Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен 2121 ломбард бар екендігін атап өткен жөн. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ломбардтар қаржылық мониторинг субъектілері болып табылады. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ломбардтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің қадағалауындағы субъектілер болып табылады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға қарыздар беретін ломбардтар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) өзінің заңды тіркелу орны бойынша есептік тіркеуден өтуге тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін есептік тіркеуден өтпеген компаниялар таратылуға тиіс.

Тіркеуден өткеннен кейін ломбардтар Агенттіктің қадағалауға алынатын субъектілері болады. Ағымдағы сәтте бір де бір ломбард есептік тіркеуден өткен жоқ.

Өз кезегінде, қаржылық реттеуші азаматтардың назарын қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың күмәнді сипаттағы қызметіне аударады. Бұл ұйымдар өздерінің заңсыз қызметіне сенгіш азаматтарды тарту мақсатында, әдетте, танымал әлеуметтік желілердің жабық топтарында жаппай жарнамалық науқандар жүргізеді. Олардың қаржы пирамидасына тән белгілердің бірі - қаржылық реттеушінің лицензиясының немесе микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркелуінің болмауы; қарыз алу нарығындағы орташа деңгейден асатын салынатын қаражаттың негізсіз жоғары қайтарымы туралы уәде; салымдардың сақталуына кепілдіктің болмауы және басқалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы
Ломбардтың мәні
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК)
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Кепілдің құқықтық мәні
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кепіл ннститутынын орнын, маңызын, құқықтық табиғатын және оның біздің мемлекетімізде практикалық колданылуы
Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz