Заманауи білім беру ортасындағы балалардың қатыгездігі мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Заманауи білім беру ортасындағы балалардың қатыгездігі мәселесі»

Қазіргі таңда қоғамда адамдар жағынан қатыгездік тасып барады. Қатыгездік көрсетуден ересектер былай тұрсын өскелең ұрпақ олардан кем емес. Өркендеп жатқан еліміздің болашағын сомдайтын бүгінгі жастар, жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Жасөспірімдердің қатыгездігі - оның артықшылығын, күш-жігерін және шексіздігін дәлелдеу үшін жасөспірімнің жеке тұлғасына немесе адамдар тобына бағытталған дұшпандық әрекеті. Бұл жасөспірімнің түсінбеушілікке, махаббаттың жоқтығына, оны адам ретінде қабылдамауға қарсы наразылықтың көрінісі. Ішкі бейбітшілікті, азапты, ішкі ауруын өз мінез-құлқы, қатыгездігі, агрессиялық әрекеттері арқылы жиі көрсетеді. https://kk. psichiatria. org/zhasospirimderdin-katygezdigi/

Ата-бабамыз дәуірі тұсында қатыгездік жоқ еді. Өз бауырласы, қандасы тұрғай, жауын қинап, азапқа салмайтын. Тариxте бір де бір адамды азаптау, қорлап өлтіру туралы дерек сақталмаған. Адамгершілік қасиеті бала кезден қанымызға, санамызға әбден сіңіп кеткен болатын.

Оның үстіне ұят деген қоғамдағы үлкен регулятор болатын. Ұят ойды таза ұстауға тәрбиелейтін этикалық тежегіш еді. Қазір сол ұят туралы ұғым түбірімен өзгеріп, жат, жалған қалыпқа түсті, ұмытылды.

Бұдан балаларға жастайынан мұндай теріс сезім қайдан келеді деген өзекті сұрақ туындайды. Бәрі де балалық шақтан бастау алады. Балабақша, мектеп ортасы - бәрі жақсы ғой. Бірақ соңғы кездердегі материалдық жағдайдың адами-моральдық дүниетанымына ықпал етуіне орай, жасөспірімдер мен балалардың тәрбиесі қиындай түсті. Сөйтіп, қоғамымызда «қиын бала» немесе "тәртібі қиын бала" термині көптеп қолданыла басталды. Енді психолог мамандар осыған қатысты бірегей ортақ пікірге келген жоқ. Біреулері, ашушаңдық өзін-өзі қорғаудан туындайтын табиғи реакция деп санайды. Ал екіншілері, ашу бала өзін қауіпті ортада сезінгендіктен қорғанады дейді. Ең бастысы, ашушаңдықтың неден пайда болатындығы емес, ерте ме, кеш пе баланың мінезінде әйтеуір байқалатындығында.

Балаларда жиі кездесетін агрессияның бірнеше түрін психологтар атап көрсетеді: тікелей физикалық агрессия; наразылық, жеккөрушілік және қызғаныш; жанама агрессия; ауызша агрессия; негативизм; күдік; тітіркену; кінәлі сезінеді. Бірақ жақсы мектепке оқитын бақытты ортадан тіпті бала неге қатал адамға айналады? https://kk. psichiatria. org/zhasospirimderdin-katygezdigi/

Ендеше балаларлың қатыгездікке қадам жасауына әсер ететін факторларды негізгі алты факторға бөліп қарастыруға болады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

1. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т. б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т. б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

- оқудағы декомпенсация - баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) - бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

- әлеуметтік бейімсіздік - баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

- криминалдылық - кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.

4. Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стильдері бар:

- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликтті жағдайларға баланы итермелейді;

- тұрақсыз, конфликтті стиль - толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды ісәрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қатыгездік, зорлаушылық жатады.

Қоғамдық қатыгездік көбіне ер балаларға тән қасиет. Өйткені отбасының, ұрпағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді табиғат әу бастан-ақ ер адамның маңдайына жазған. Ал қаталдық дегеніміз сол сыртқы қауіпке қарсы тұрудың бір тәсілі.

Қыз бен ұл бала тәрбиесінің арасындағы айырмашылық та осыған байланысты. Мысалға, ұл балаларға «Сен еркек емессің бе, өзіңді-өзің қорғай білуің керек» деп үйретіп жатады. Өзге балалармен жанжалдасып қалған балалар тәрбиешіге немесе ата-анасына шағымданса, оны жолдастары мазақтап, әкесі сынайды. https://dsq. kz/psiholog-ne-dejdi/qatygezdik-qajdan-shygady/

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қатыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.

5. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т. б.

6. Моральді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы [6, 33-34 бб. ] . Ветров Н. И. Профилактика правонарушений среди молодежи. - М., 1980. - 182 б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ұлттық тәрбиеің мәні
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Өскелең ұрпақтың тәрбиесі - өте маңызды мәселе
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Адамгершілік
Баланы отбасылық тәрбиелеу және оның мәні
Қараусыз қалған қаңғыбас иттер
Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz