ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
Назирова Э. А.
Ғылыми жетекші:Абдигалиева Г. К., ф. ғ. д., профессор
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
e-mail: asankyzy_elmira@mail. ru
Баланың құқығын қорғау ҚР мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Балалық шақ - адамзат дамуындағы ең маңызды кезең; салауатты өмірдің негізін салатын сәтті және бақытты өмір. Балалардың дамуын қолдау - мемлекеттің стратегиялық мақсаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабы, 1 тармағында «неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық шақ мемлекеттің қорғауында болатындығы» туралы жазылған [1] .
2018 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397799 туғандар тіркелді, оның ішінде қалалық мекендерде - 235014 адам, ауылдық - 162785 адам. Туғандардың 51, 6% (205224) ер балаларды және 48, 4% (192575) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11, 6% (ер балалар - 12%, қыз балалар - 11, 1%), қалалық мекендерде - 19, 4%, ауылдық мекендерде - 1, 9% артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2018 жылы 21, 77 (2008 жылы - 22, 75) туғандарды құрады, қалалық мекендерде - 22, 16 (2008 жылы - 23, 63), ауылдық мекендерде - 21, 22 (2008 жылы - 21, 75) құрады [2] .
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтар және мүдделерін қорғаумен 9 министрлік айналысады: ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) ; ҚР Әділет министрлігі; ҚР Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ) ; ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; ҚР Спорт және туризм министрлігі; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (ҚР МАМ) ; ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Жоғарғы соты. Бұл мемлекеттік органдар балалардың туылған сәтінен бастап, кәмелеттік жасқа толғанға дейін барлық құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Конституцияның 29 және 30 бабтарында көрсетілгендей «Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы», «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар» делінген [1] .
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы ҚР заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, сонымен қатар «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы, «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы, «Білім туралы» ҚР Заңы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» ҚР Заңы, «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» және т. б. заңнамалар бар [3] .
Қазақстан Республикасының 08. 08. 2002 жылғы N 345-II ЗРК «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» заңының 2 тарау, 6 бабында балалардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік саясаттың мақсаттары көрсетілген. Атап айтқанда:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;
4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету;
6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады [4] .
Елімізде халықаралық құқықтық құжаттардың ережелерін тәжірибеде қолдану және құқықтық салаға енгізу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжаттар ратификацияланған, соның ішінде 15-нен көбі балалардың құқықтарын қорғауға қатысты. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы «Бала құқықтары туралы Конвенцияларды бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген. Бұл - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қабылданған алғашқы халықаралық құжаттардың бірі. 1994 жылы БҰҰ «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы ратификацияланған сәттен бастап, Қазақстан Үкіметі балаларды қорғауға арналған халықаралық құқықтың негізгі ережелерін қолданыстағы заңнама бойынша жеткілікті жұмыс жүргізіп жатыр. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы» Заң қабылданды, бұл заңға Конвенцияның негізгі ережелері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама құрамында бар ережелер кірді [5] . Мысалы, ҚР ратификацияланған халықаралық құжаттар:
- БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенциясы;
- Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенция;
- Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты факультативтік хаттама;
- Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты факультативтік хаттама;
- Адамдарды сатуға және үшiншi тұлғалардың жезөкшелiктi пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция;
- Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактi;
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактi;
- Балалар еңбегiнің жаман түрлерiне тыйым салу және жою жөніндегi шұғыл шаралар туралы ХЕҰ конвенциясы;
- Ананы қорғау туралы ХЕҰ конвенциясы;
- Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама;
- Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция;
- Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенция;
- Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция [3] .
Ал, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы» конвенцияны, «Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі» туралы конвенцияны және «Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы» ратификациялаған еді.
Елімізде «Қазақстан-2050» Стратегиясында балалардың ерекше рөлі айқындалған, оған Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ұстанымы дәлел: «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес . Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби - қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» деп жазылған [6] .
2009 жылғы ұлттық санақтың нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасының балалары» атты жинақ құрастырылды. Жинақта балалардың саны, олардың жынысы мен жасына қарай бөлінуі, ұлттық құрамы, азаматтығы, діні, оқу орындары, ана тілін білу және басқа тілдерді білу деңгейі, өмір сүру көздері, сонымен қатар балалар туралы деректердің аймақтары туралы мәліметтер келтірілген.
Еліміздегі балалар туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «ҚР балалардың жағдайы туралы» жыл сайынғы есебі, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының балаларының жағдайы туралы балама есептері және ЮНИСЕФ қорының «Санж» агенттігінің әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелері толық ақпараттарды береді. Балаларға қатысты саланың негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ, ата-аналар мен қоғамның балалармен жұмыс жасау және т. б. бірлесе отырып жариялайды.
Балаларға қатысты өсіп келе жатқан рухани-адамгершілік дағдарысы және қоғамның тозуы; дәстүрлі емес діни ағымдардың әсері; жастар мен балалардың суицидтік мінез-құлқының өсуі; сыбайлас жемқорлыққа байланысты институционалдық тәуекелдер,
заңнаманы сақтамау, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігінің болмауы («аймақтық атқарушы органдардың инерциясы, басымдықты жолын кесу жергілікті мәселелер ») ; ғаламторға байланысты қиындықтар мен қауіптер; шетелдік қамқоршыларға және асырап алғаннан кейінгі бақылауға байланысты төмен талаптар; «Балаларды тәрбиелеу және оқытуға байланысты мамандықтардың әлеуметтік мәртебесінің төмендігі»; кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және балаларға қатысты зорлық-зомбылық [7] .
Елімізде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішінде ең негізгілері болып - балалардың суицидке жиі барулары және балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық болып табылады. «Жыныстық зорлаудың өзін-өзі өлтіруге әкелетін ұзақ мерзімді эмоционалды салдары бар. Зорлау құрбандары жиі депрессиямен ауырады. Емделмеген депрессия - суицидтің бірінші себебі. Балаларға қатысты қолдан жасалған зорлық-зомбылық туралы 23 қылмыстық істің 14-і құрбандары өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасады, екеуі баланың өлімімен аяқталды, біреуі I топтағы мүгедек және зорлық-зомбылықтың салдарын көтере алмайтын, оқиғалардың нәтижесінде қайталанған, жарақат алған, психикалық денсаулығына байланысты жарақат алған, ұзаққа созылған балалар. психиатриялық клиникада емдеу. 23 қылмыстық істің 21-і жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Статистикаға сүйенсек, 2019 жылдың 9 айында Қазақстанда балалардың жыныстық тұтастығына қарсы 680 қылмыс тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша 120 өтініш және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы (сексуалдық зорлық-зомбылық) бойынша 118 өтініш берілген. 314 өтініш Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық қатынас) . Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы (кәмелетке толмағандардың сыбайласы) бойынша 120 өтініш берілген. Қазақстандағы 2019 жылдың 9 айында балалардың өз-өздеріне қол жұмсауға байланысты статистикасына сүйенсек, 130 бала өмірден өткен. Оның 85 ер, 45 қыз бала. Өз-өздеріне қол салмақшы болғандар саны - 252 (190 қыз, 62 ер бала) . 74% жағдайда балаларға жыныстық зорлық-зомбылық таныстарының арқасында, оның 22% -ында әкелер тарапынан болады. Полицияға жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарының тек 8-10% -ы жүгінеді екен. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы арнайы есебіне сәйкес, балалар арасындағы суицидтің себептерінің бірі - бала кезіндегі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық екен. Көптеген зерттеулер бала кезіндегі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық пен суицид қаупі мен әрекеті және қасақана өзіне-өзі зиян келтіру арасындағы байланыс пропорционалды екен. Бұл зерттеу балалық шағында физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген балалар мен жастардың арасында суицидтік актілерге және қасақана өзіне-өзі зиян келтірудің басқа түрлеріне бейімділіктің жоғары дәрежесін дәйекті түрде анықтады [8] .
Мемлекет тарапынан осы проблемаларды шешу мақстаныда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылы 2 қыркүйектегі жолдауында балаларды қорғайтын арнайы бағдарламаның жасалуын, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы суицидтің жоғары деңгейі мәселесін шешу керектігін атап айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы ««Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы сайлауалды тұғырнамамның бір бөлігі ретінде айттым. Енді мен үкіметке үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге (149. 387. 700 доллар) бөлуді тапсырамын», - деген еді.
Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 5 623 387 бала бар, бұл ел халқының 31% құрайды. 2008 жылдан бастап, баланың тірі туылуының халықаралық өлшемдеріне өткен кезде, Қазақстан балалар өлімін төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Неонатальды өлім-жітім деңгейі 50% -дан астам төмендеді. Бұл көрсеткіш те балалардың мүдделері мен жағдайын жасауда мемлекеттік саясаттың тиімлігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz