ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЗОРЛЫҚЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ

Назирова Э. А.

Ғылыми жетекші:Абдигалиева Г. К., ф. ғ. д., профессор

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: asankyzy_elmira@mail. ru

Қазақстан Республикасының әйелдерге көрсетілетін зорлыққа қарсы саясаты қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың басты маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын республикада осы зорлық-зомбылықтың арқасында 400 әйел көз жұмады. Еліміздің жалпы халық саны - 18. 653. 5 миллион болса, соның ішінде әйелдер санының үлесі - 51, 6% [1] . ҚР Конституциясының 17 бабының 2 тармағында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетілген [2] .

Жалпы зорлық-зомбылық дегеніміз - бір немесе бірнеше адамдардарың өзге бір адамға физикалық, психологиялық, моральдық тұрғыда азаптау, зиян келтіру. Әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық жаңа мәселе емес екенін жақсы білеміз. Күнделікті өмірде әйелдерге қатысты мынандай зорлықтың түрлері бар, атап айтсақ: тұрмыстық зорлық-зомбылық, жұмыс орнында жыныстық қысым көрсету, жасөспірімдерді жыныстық қанау, зорлау және т. б. болып табылады. Оның түрлеріне тоқталатын болсақ:

  • Эмоциялық зорлық - балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу, өзін-өзі бағалауды жоғалтуға әкелетін немқұрайлық;
  • Физикалық зорлық- отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;
  • Экономикалық зорлық - күйеуі үйден тыс жерде жұмыс істеуге тыйым салады; жеткіліксіз мөлшерде ақша береді; әйелі немесе балаларының қаржысын тартып алады, табысын жасырады;
  • Жыныстық зорлық - әйелдің қалауынсыз жыныстық қатынастарға мәжбүрлеу, зорлау; балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету;
  • Қауіп-қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру; өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
  • Балаларды анасына қарсы қою, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту және балаларын осыған пайдалану;
  • Қорқыту - ыдыс-аяқты немесе жиһазды сындыру; үй жануарларын қинау; үйде қару ұстау;
  • Өзгелерден оқшаулау - мінез-құлық бостандығын шектеу; туыстарымен, достарымен байланысқа шығуға кедергі жасау [3] .

18-75 жастағы әйелдер арасында түрі бойынша, 15 жастан бастап өмір бойы серіктес болмаған тарапынан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы (2019 жыл)

Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған
Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340)
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған: Зорлық-зомбылықтың түрі
Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340): Саны
%
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған:

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340): 413
2, 9
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған: Сексуалды зорлық-зомбылығы , серіктес болмаған тұлғамен ұшыраған
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған:

Серіктес болмаған тұлғамен ұшыраған, зорлау

Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340): 105
0, 7
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған:

Зорлау әрекеті немесе сексуалды зорлық-зомбылық

Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340): 170
1, 2
Серіктес болмағаннан күш көрсету және сексуалдық зорлық-зомбылықтың таралуы ұшыраған: Қайсы болса да сексуалды зорлық-зомбылық
Әйелдердің барлығы (Саны = 14 340): 221
1, 5

* Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты іріктемелі зерттеу деректері бойынша.

Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан елімізде ажырасу мәселесі ушығып тұр. Economist басылымының берген ақпараты бойынша Қазақстан ажырасу жағынан ТОП 10 елдің қатарына кіріп тұр. Бұл қоғамымыздың бір үлкен дертіне айналды. Осы мәселені шешу мақсатында 2013 жылы Қазақстанда «Отбасы күні» белгіленді. Сонымен қатар осы жылдан бастап отбасы және неке институтын қолдау мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурс жыл сайын ұйымдастырылатын болды. Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. 2011 жылы 160, 5 мың некенің 44, 9 мыңы ажырасса (28%), 2015 жылы 148, 7 мың некенің 53, 3 мыңы ажырасқан (35%) .

Қиылған некелер мен ажырасу саны

Әйелдерге қатысты әлемде көптеген халықаралық конвенциялар мен декларациялар қабылданған. Мысалы:

  • «Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» туралы декларация (1967) ;
  • «Төтенше және қарулы қақтығыстар жағдайында әйелдер мен балаларды қорғау» туралы декларация (1974) ;
  • «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» туралы декларация (1993) ;
  • Бейжің декларациясы [әйелдер мәртебесі туралы] (1995) ;
  • «2000 жылғы әйелдер: ерлер мен әйелдердің теңдігі, ХХІ ғасырдағы даму және бейбітшілік» саяси декларациясы (2000) [4] .

Мемлекеттік саясаттың ең маңызды компоненттерінің бірі - ұлттық гендерлік саясат болып табылады. Атап айтқанда мемлекеттік органдардағы әйелдердің рөлін арттыру оның негізгі қағидасы. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстанның күн тәртібіне гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарда

әйелдердің қатысуының санын көтеру мәселесі кірген еді.

Қазақстан гендерлік мәселеге қатысты 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдердің жағдайлары жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Бейжің декларациясына қосылды. Ол бойынша «адамдардың жалпыға бірдей құқықтары мен негізгі бостандықтарының ажырамас бөлігі ретінде әйелдер мен қыздардың құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз ету керек» деп жазылған. Осыдан кейін Елбасы Н. Назарбаев «Отбасы, әйелдер және халықтық саясат» жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылдаған еді. Содан 1998 жылы әйелдердің құқықтарын қорғайтын және мүдделерін көздейтін, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен Үкіметтік емес ұйымдарды байланыстыратын «Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия» жұмысын бастады.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында Ұлттық жоспар құрылды, қазіргі кезде бұл жоспардың тек 80 пайызы орындалған. Жоспар бойынша күйзеліс орталықтары құрылып, сенім телефондары пайда болды. Сонымен қатар аталған жоспар әйел әлеуетін дамыту және әйелдердің мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуді көздеді.

2003 жылы ҚР гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданған еді. Бұл тұжырымдаманың негізі болып оның басымдылықтары, ұстанымдары және негізгі тапсырмалары айқындалды.

Ал 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын» бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл стратегия бойынша Қазақстанда Мыңжылдықтың даму мақсаттарынан және Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы ережелер жасалды. Оны жүзеге асыру аясында 2009 жылы екі маңызды - «Ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндіктеріне берілетін мемлекеттік кепілдіктер» және «Тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңдар қабылданды [5] .

Әйелдердің, балалардың және олардың мүдделерін қорғауға арналған өңірлерде гендерлік теңдік ресурстық орталықтары жұмыс жасайды. Сараптамалық талдау жүргізу үшін Ұлттық комиссияның жанынан ғылыми мекемелердің, білім беру ұйымдарының өкілдерінен, үкіметтік емес ұйымдардан тұратын ғылыми-сараптамалық кеңес құрылған.

Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру аясында, «Әйелдер көшбасшылығы» мектептерінің республикалық желісі ашылды, оған республиканың барлық аймақтарынан 60-тан аса ҮЕҰ кіреді. Еліміздің 15 аймағында «Саясаткер әйелдер клубтары» құрылған және белсенді жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2018 жылғы №89 қаулысында Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіткен еді. Бұл баяндамада 2011 - 2017 жылдардың есептік кезеңі үшін Қазақстанның әйелдердің ерлермен тең құқылы негізде экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету саласында қол жеткізген негізгі өзгерістері мен прогрестері туралы ақпараттар қамтылған.

2020 жылы бастап Қазақстанда үйде ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін айыппұл бұдан былай қарастырылмайтын болды. Бұл ереже Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен алынып тасталды. Осы құжатқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 5 қаңтарда қол қойды. Жаңартылған кодекске сәйкес, егер қылмыскер мен жәбірленуші отбасылық-тұрмыстық қатынастарда болса, құқық бұзушыға ескерту немесе 10-15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қаупі төнетін болады. Айыппұлды алып тастау дұрыс шешім болып саналды. Себебі әйеліне жәбір көрсеткен еркекке мемлекет тарапынан айыппұл салынғанымен, құқық бұзушы ол қаражатты отбасылық ортақ бюджеттен төлейтін еді. Бұл не жәбірленушіге, не құқық бұзушыға тиімді болмады. Сонымен қатар айыппұл төлеген құқық бұзушылардың да саны еш азайған жоқ.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарды қорғау мақсатында түзетулер енгізіліп жатыр. Мысалы, бірқатар қылмыстар үшін жаза, оның ішінде жүйелі түрде ұрып-соғу жазасы күшейтілді. Жәбірленушіні бірнеше рет ұрып-соғу (қаржылық немесе басқа себептер бойынша) ауыр қылмыс болып табылады. Мұндай құқық бұзушы дереу оқшауланып, сотқа дейін қамауда болады. Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Азаптау» төрт жылдан жеті жылға дейін (бұрын үш жылдан жеті жылға дейін) бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» үшін қамауға алу мерзімі үш күннен бес күнге дейін ұзартылды. 73-1 «Денсаулығына зиян келтіру» және 73-2 «ұрып-соғу» баптары толықтырылды, өзгертулерге сәйкес, қамауға алу жыл бойына қайталанатын құқық бұзушылықтар үшін ескертусіз берілетін болды. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы «Азаптау» жеке меншіктен мемлекеттік-жеке қоғамдық - отбасындағы аса ауыр қылмыстардың жолын кесу мақсатында берілуде. Егер бұрын жәбірленуші сот үшін дәлелдемелерді дербес жинап, сот-медициналық сараптамадан өтуі керек болса, енді жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, полиция дереу тергеуді жүргізеді. Сотта айыптауды қолдау үшін жеке адам емес, прокурор болады [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың аумақтық бөлінісі
Тұрғын үйді басқару және туындайтын мәселелер бұлар
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары
Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz