Аударманың түрлері жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Аударманың түрлері
Аңдатпа. Мақалада аударманың анықтамасы, аудару принциптері, аударма түрлерінің пайда болуы, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегені баяндалған. Сонымен қатар аударма ғылымын зерттеуге өз үлестерін қосып жүрген қазақ ғалымдарының да пікірлеріне шолу жасалған. Жəне де əр аударма түрлерінің өзіне тəн ерекшеліктері, ғалымдардың берген анықтамалары жүйелі түрде қарастырылған. Аударма түрлерін анықтауда бірізділіктің жоқ екендігін атап көрсеткен. Мақала ғылыми-көпшілік стильде жазылып, қалың оқырманға арналған. Түйін сөздер: кемел құнды аударма, метафраз, трансмутация.
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сəйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін ауызша немесе жазбаша мəтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге аударма сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нəтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады. Аудару принципі мен аударманың дəлмедəлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда əріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе жаңғыру дəуірінде, XVII-XVIII ғасырларда еркін аударма етек алды. Одан соң əдебиет əлемінде балама аударма пайда болды. Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсы нады: - Біріншіден, метафраз - түпнұсқаның дəл жеткізілуі,
- екіншіден, парафраз - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі, - үшіншіден, имитация (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма. ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын аударматануының теориялық жағын дамытуға өз үлесін қосқан Т. Сэвори Аударма өнері кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай 4 түрін көрсетеді: - Кемел құнды аударма - таза ақпаратты фраза хабарландырулардың аудармасы. - Барабар аударма - мазмұны ғана маңызды, баяндалуы аса маңызды емес сюжетті шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да, түпнұсқаны басқаша баяндайды. - Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл - классикалық шығармалардың аудармасы. Онда форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды. - Аударманың төртінші типі барабарға (2-ші типке) жақын. Бұл ғылыми-техникалық материалдардың аудармасы. Олардың пайда болуы тəжірибелік қажеттіліктерден туады. Тəржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет етеді[1, 103-104-бб.].
2012
Ағылшын аударматануындағы Аударманың лингвистикалық теориясы еңбегінің (1965) авторы Дж. Кэтфорд аударманы мынадай түрге ажыратады: - толық жəне ішінара аударма: Толық аудармада түпнұсқадағы бүкіл мəтін аударылады, ал ішінара аудармада түпнұсқа мəтінінің бір бөлігі беріледі; - жаппай жəне шектеулі аударма: Жаппай аудармада түпнұсқа барлық тіл деңгейлерінде аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық, грамматикалық жəне лексикалық деңгейдегі аударма дегенді білдіреді. Америкалық лингвист Дж. Касагранде өзінің Аударманың мақсаттары (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі: - Прагматикалық аударма. Мұнда хабарламаны барынша дəл жеткізу көзделеді. - Эстетикалық-поэтикалық аударма. Əдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді. - Этнографиялық аударма - түпнұсқаның мəдени контексін түсіндіреді. - Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түпнұсқа морфемаларының мағыналары көр сеті леді [1, 113-б.]. ХХ ғасырдың 80-жылдарында аме рикалық ғалым С. Басснетт-Макгайр Аудар ма шылық зерттеулер атты кітабында аударманың үш түрін көрсетеді: - ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу (бір тілдің ішінде); - аударманың өзі (бір тілден басқа тілге); - трансмутация (бір семиотикалық жүйеден екіншісіне қайта құру). Неміс ғалымы Отто Каде əрқайсысы белгілі бір талаптарға сəйкес келетін əртүрлі категориядағы аударма түрлерін ұсынды: - Өңделмеген. Бұл жерде аударма тілінің нормаларынан ауытқуға болады. - Жұмыс. Аударма тілінің нормаларын толық сақтайды. Бірақ ақпараттардың орнын толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін. - Басылымға дайын. Түпнұсқаның барлық мазмұнын береді жəне қабылдаушыға қажетті əсер ете алады. Израильдік ғалым Гидеон Тури Аударма теориясын іздеу (1980) кітабында аудармашылық қатынастардың негізгі 4 түрі барын айтады:
формалды қатынастың 2 түрі (этикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мəтін мен аударма мəтінінің мəтіндік құралдары (мəтіндік түр); сондай-ақ функционалды қатынастың 2 түрі (эмикалық): 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің тілдік құралдарының функциялары арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мəтін мен аударма мəтін функциялары арасындағы (мəтіндік түр) [1, 133-б.]. Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов мəтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген: 1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма; 2) морфема деңгейіндегі аударма; 3) сөз деңгейіндегі аударма; 4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма; 5) сөйлем деңгейіндегі аударма; 6) мəтін деңгейіндегі аударма [2, 176-184 бб.]. Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз [3, 9-10 бб.]. Сонымен қатар Л.С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мəтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мəтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма); 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мəтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мəтіннің жазбаша аудармасы [2, 47-48-б.]. В.Н. Комиссаров Слово о переводе еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5)публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма [4, 94-108-б.]. М.О. Əуезов 1955 жылы жазылған Көркем аударманың кейбір теориялық мəселелері атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік, əріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма, аудармашының əңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте қонымды ғылыми дəлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толы ғырақ беретін ғылыми дəл, балама аударма [5]. Аударманы, негізінен, төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1. Ауызша аударма - бұл тəржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) жəне құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі. Ауызша аударманың екі түрі бар: - ілеспе (синхронды) аударма; - ізбе-із аударма. Ілеспе аударма - бастапқы мəтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мəтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мəтінін сөйлеушіге (мəтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады. Ғалым Ə. Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді: а) бір мезгілде тыңдап əрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт; ə) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы; б) аударманың қайталанбауына жəне үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы əрі кешірім сұрауға келмейтіндігі; в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі [6, 36-б.]. Ізбе-із аударма - мəтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару жəне абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл
түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалыққаржылық, құқықтық жəне басқа да мəселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, прессконференцияларда, семинарлар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударманың лексиколистикалық мәселелері
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Аудармашы - тіларалық делдал
Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі
Ілеспе аударманың қолданылуы
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Пәндер