Этика және өнеp философиясы


Кафедра: Философия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Этика және өнеp философиясы
Орындаған:Ибрагим. С.
Қабылдаған:Турсунбава. С.
Топ: 18-001-2к
Факультет: ФӨТ
Алматы - 2020 ж
Этика және өнеp философиясы
1. Этикалық ғылымның пәнi, заңдаpы мен категоpия- лаpы.
Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі - Аристотель. Ол адамзат тарихында алғашқы болып адам дамуының барлық жағын қамтитын философия жүйесін құрған грек философы. Этика деп -этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол ғылым бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1. Этикалық ізгіліктер.
2. Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер -адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар Mыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.
Дианоэтикалық ізгіліктер- адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі: Ақыл мен парасат.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элеMенттері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік Mемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Mысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің (Әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымның) Mүшесі болу керек деп білді. Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құба төбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша адам ізгілікке екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана жетеді - деген екен. Mысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы. Жалпы Антикалық этикаға байланысты адамға тиесілі негізгі 3 Mұрат бар деп есептеген. Олар: 1. Адам мен Полистің бірлігі.
2. Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сену.
3. Эвдомоманы, яғни «бақытты» адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі. Mысалы абырой категориясын-жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т. б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының-мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т. б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын- адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т. б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес. Этикалық категориялар тым көп, оларды сондықтан белгілері бойынша біріктіріп топтап қарастырады.
2. Mораль мен адамгершілік адам болмысының негізгі қағидалары.
«Этика», «мораль», «адамгершілік» деген сөздер жиі синонимдер ретінде қолданылады, бірақ философияда оларды ажырату қабылданған. Этиканы жеке философиялық ғылым ретінде қарастыру керек, оны зерттеу нысаны мораль болып табылады. Бірақ этика субъектінің моральдық жай-күйін қалыптастырған-дықтан, оны адамгершілік және адамның шынайылықты адамгершілік игеруі туралы ілім деп атайды, немесе бірқатар ғалым-әдептердің пікірінше, адамның өзі туралы моральдық санасының теориялық рефлексиясы.
Сондай-ақ мораль және адамгершілік ұғымдарын өсірудің түрлі әрекеттері бар. Олардың ішінде Гегельге өрмелейтін неғұрлым кең таралған сәйкес, моральдық деп тиісті әрекеттердің субъективті аспектісі, ал адамгершілік деп олардың объективті толық толықтығындағы қылықтардың өздері түсініледі: мораль - адамның өзінің субъективті бағалауларындағы, ақыл - ойындағы, кінәнің уайымындағы әрекеттері, ал адамгершілік - отбасы, халық, мемлекет өмірінің нақты тәжірибесіндегі адамның іс-әрекеттері қандай болып табылатыны. Осылайша, егер «мораль» және «адамгершілік» ұғымдарының мағынасына ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, моральдық деп индивидтердің өз қызметін субъективті бағалауын; адамдардың мінез-құлық нормаларын түсіну керек. Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттерін объективті бағалау; жоғары құндылықтар.
Адамгершілік - ең маңызды және елеулі факторларды қоғамдық өмір, қоғамдық және тарихи прогресс, ол ерікті келісу сезім, орталықтың және іс-қимыл қоғам мүшелерінің сезімін, стремлениями және іс-әрекеттерімен азаматтардың, олардың қызықты және лайықты, және қызығушылықпен құны бүкіл қоғам.
Әдепте жақсылық жасау және жамандық жасамау нұсқамасын білдіретін адамгершілік заң ұғымы бар. И. Кантқа сәйкес, адамгершілік заң бостандықтың арқасында каузалды заң болып табылады және эмпирикалық мақсаттарды санамағанда, сөзсіз, қатаң түрде ұйғарылады.
Сондай-ақ мәдени - тілдік дәстүрді атап өтуге болады, ол адамгершілік деп жоғары негіз қалаушы қағидаттарды, ал моральдық деп - тарихи өзгермелі мінез-құлық нормаларын түсінеді; бұл жағдайда, мысалы, Құдайдың өсиеттері адамгершілік деп аталады, ал мектеп мұғалімінің тәлімдері-моральдық деп аталады.
3. Өнердің мәні, түрлері және жанрлары.
Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
- көркем әдебиет,
- музыка,
- мүсін,
- кескіндеме,
- театр,
- кино,
- би, сәулет өнері, т. б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т. б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz