Тауарлар тарату тәсілдері, тарату арналары және тауарлар қозғалысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сабитов Ернар Ануарұлы
Экономика 2-курс ФЭБ

9-тақырып
Тауарлар тарату тәсілдері, тарату арналары
және тауарлар қозғалысы

Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері.
Өткізу арнасы - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін таратау арналары тауар қозғалысының арналары өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминның мағынасы бірдей.
Өткізу арнасы қатысушыларының міндетті қызмет аясы:
1. Ақпараттық маркетингтік зерттеулер жүргізу;
2. Коммуникациялық-жарнамалық ақпаратты жасау және тарату;
3. Тауарды бейімдеу;
4. Байланыстарды орнату;
5. Келіссөздер жүргізу;
6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру;
7. Қаржыландыру - арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
8. Тәуекелге бару;
9. Төлем жасау;
10. Меншік құқығын табыстау.
Тарату арналарының тікелей және жанама деген екі негізгі типі болады. Тікелей тарату арналары - тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей таратуды жиі қолданады. Өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады. Жанама өткізу арналары - тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін - тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі керек.
Арна деңгейі туралы иеленген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан арналар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен сипатталады. Негізгі өткізу арналары деңгейлері келесі түрлерге бөлінеді: бір деңгейлі; екі деңгейлі, үш деңгейлі. Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі - ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.

Өткізудің маркетингтік жүйелері.
Маркетингтегі өткізу қызметінің ролі негізен мыналар болып табылады:
* өндірістің дамуын және көзделген табысқа жетуді тауарды өткізу қорытындысы шешеді
* өткізу арналары тауарды тұтынушылардың қажеттеріне дәл жақындатып, оларға тауарды сатып алу кезінде, сатып алғаннан кейін оны дұрыс тұтынуға жайлы жағдай жасайды және бәсекеде жеңіске жету мүмкіндгін көбейтеді
* тауарды дәл кезінде ұтымды өткізу арқасында өндірісті ары қарай жалғастыруға мүмкіндік бере отырып,өткізудің өзі өндірістің жалғасы болады: тауарды сатуға дайындайды (сорттау, өлшеп бөлу, орау жұмыстары орындалады);
* өткізу кезінде тұтынушылардың талғамы мен қалауы тиімді анықталады, ал ол өндірістің болашақтағы бағытын белгілеуге мәліметтер береді.
Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі.
Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі - ол арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.
Тарату арналарының тікелей және жанама деген екі негізгі типі болады:
Тікелей тарату арналары - тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей таратуды жиі қолданады. Өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады
Жанама өткізу арналары - тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін - тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі керек.
Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы. Көтерме делдалдарының негізгі типтері мен сипаттамалары
Көтерме сауда қызметі - тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өндірушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпаративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір- бірінен ассортиметтерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі:
Тәуелсіз ұйымдар - тауарларды өз иелігіне сатып алып кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.
Тәуелді - бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін си ақы алатын делдалдар. Оларға-өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:
:: Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер.Өз серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару саласында жәрдемдесу сиақты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз есебінен сатып алып, нарық конъюнктурасының өзгеруі, тауардың бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына жүктейді.
:: Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушылары мен жеткізушілеріне азырақ қызмет көрсетеді. Оларға жататындыр:
Көтерме саудагер - коммивояжерлар. Ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын (ет, сүт, жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сату және оларды тұтынушыға жылдам жеткізумен айналысады. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық-түлік дүкендерді, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.
Ұзақ сақталмайтын,тез бұзылатын (ет,сүт, жеміс, жеңіл тағамдар)тауарларды сату және оларды жылдам жеткізуімен айналысы. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық - түлік дүкендерін, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.
Көтерме-брокерлер. Олардың негізгі қызметі- сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақысын береді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орау жөніндегі шешімдер
Тауар тарату арналары. өткізудің маркетингтік жүйелері
Тауар қозғалысы процестерін ұйымдастырудың теориялық аспектілер
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
Тауар қозғалысы
Тауар арналары және тауар қозғалысы
Тауардың өмірлік цикл кезеңдері. Өндіріс. Өнімді сатып өткізу
Маркетинг мәні, мазмұны және эволюциясы
Тауарды тарату әдістері
Пәндер