Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған: Санжанова Аяжан

Қабылдаған: Зағыпар Гүлім

Топ: МЖБ-23

Тақырыбы: Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз.

Қарастырылатын сұрақтар :

1. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың мәні мен мазмұны. 2. Мемлекеттің несиенің нысандары мен әдістері. 3. Мемлекеттік борыш және оны басқару. Оқытудың әдістемесі мен нысаны: әңгіме түсіндіру; әдіс иллюстрациялар және демонстрациялар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштарды зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.

1. Мемлекеттік борыш, Мемлекеттік Қарыз, мемлекеттік заем- мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы - мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл - басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай

қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.

Көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.

Қазақстан қазіргі кезде экономикалық өсу сатысында және мемлекет тұрғысынан инвестициялардың, ал соңғы жылдары жеке меншік арналар бойынша аса балсенді айтарлықтай үлкен көлемдерін тартуда. Мемлекеттік кепілдігі жоқ жеке меншік секторының борышы еліміздің жалпы борышының 90, 4%-ын құрайды, және оның одан әрі өсу үрдісі бақалады. Мұнда ең үлкен қауіпті екінші дәрежедегі банктердің сыртқы міндеттемелердің өсуі тудырады.

Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің тәуелсіз несие рейтингінің жақсаруы, шетел инвестициясының үлкен көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының тұрақты дамуында сөзсіз шешуші рөл алады.

Сонда да, экономиканың ашық деңгейін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметі, Ұлттық банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі бірқатар шаралар қабылдауға алып келеді.

Біріншіден, бұл қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі.

Халықаралық тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектор борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығына куә болып отыр.

Әлемдік практикада, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту деңгейімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің кредит қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.

Экономикалық ахуалын және институционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке бір ел алып қарайтын берешектің экономикалық жағынан қолайлы деңгейлері көрсеткіштерінің (өлшемдерінің) белгілі бір біріздендірілген нормалары бар.

Мемлекеттік несиелер әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті дүркіндік төлеу) .

2. Мемлекеттік несие - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік несиенің нысандары - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет несиелік ресурстарды:

1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;

2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;

3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;

4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша біріктіреді:

1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды - өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар « салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады

3. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса) . Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.

Сыртқы мемлекеттік борыш - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады.

Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады.

Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышкорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 2007 ж - 8, 0%-ды, 2008 ж - 9, 8%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге қатысты 3, 1% тапшылықпен атқарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Мемлекеттік несие және борыш
Мемлекеттік несие
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Несиенің қызметтері
Несиенің есебі
Халықаралық мемлекеттік несие
Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz