:ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы философия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру факультеті

Тақырыбы:ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы философия

Орындаған: Төлен А.М.
Қабылдаған: Рахимова Г.Д.

Алматы-2020жыл

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы философия
1.1 Фридрих Ницше: Өмір философиясы.
1.2 Вильгельм Дильтей: Өмір философиясы.
1.3 Иррационалдық философия: А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор, Ф.Ницше.

Фридрих Ницше (1844ж. 15 қазан -- 1900ж. 25 тамыз) -- қазіргі батыс философиясындағы Өмір философиясы тұжырымдамасының негізін салушының бірі. Оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеледі. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры болып табылады. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - ерік. Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы. Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп ерікті қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, билікке жету еркін қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны билікке жету еркі - деп есептеді. Билікке жету еркі - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б. Әдептілік мәселесінде Ницше ниглист (барлық тұрақталған құндылықтарды жоққа шығараып, жаңа позитивтілерді ұсынады). Ол өз заманының мәдениеті төмендеп, ыдырап бара жатыр, мораль оны іштей ірітуде деп есептеген. Христиандық діндегі әдептілік қағиданы, ол моральдың құлы ретінде көрсетті. Сондықтан құндылықты қайта бағалау мәселелерін көтерді. Біздің заманда Құдай өлді - деп Ницше жар салды, жаңа дәуірге жаңа құндылық жүйесін алып келді. Жаңа адам - Асқан адам (сверхчеловек), ол өзін қоғамнан, құқық және адамгершілік қағидаларынан жоғары қоятын адам. Ол - жылпос, сұмпайы, алаяқ. Тек Асқан адам өмір сүруге құқылы, әлсіз, кемтарлар өле берсін - бұл әділдік Адамды сүюдің алғашқы өсиеті осы және олардың өлуіне көмектесу де керек. Ницшенің Асқан адамы жақсылық пен зұлымдықтан жоғары тұрады, ол ешқандай моральдық, әдептілік қағидаларымен байланысты емес. Ницше моральдың екі түрін: мырза мен құлды көрсетті. Тек Асқан адам жаратылысынан аристократ, бәрінен мүлде бос. Ол батыр да немесе Бетховен, Наполеон, Шопенгауэр, Гете секілді Ұлы адам да емес. Бұл адамның жаңа тұқымы, ол бұдан бұрын дүниеде болмаған. Асқан адам бір ұлттан пайда болмайды. Ол адамзат дамуының жемісі, алдымен еуропалықтардан шығады. Бұл жаңа каста адамзаттың келешек мәдениеті мен моралін өзгертеді. Олар халық үшін ескінің орына, жаңа миф жасайды. Ницшенің пікірінше: адам моральдан, ең алдымен оның рационалдық бастамасынан туған ұжымдық элементтерден арылуы керек. Ницше не жақсы? деген сұраққа: - адамның билікке деген ұмтылысы, өз билігін нығайтуы, - деп жауап береді. Не жаман? деген сұраққа - адамның әлсіздігі, - дүниеде шындық бар ма? деген сұраққа - шындық та, әділдік те жоқ - дейді. Бізді бағындыратын қолында күші болса, онда ол адамның істегенінің бәрі шын. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - қорқынышты өмір сүр. Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді. Фридрих Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі - олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Еуропа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін ше өмірді сүйген ең жоғарғы адамнан үлгі алуды ұсынады. Ең жоғарғы адам - еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік - адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі' тандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған ең жоғаргы адам ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.
1.2 Вильгельм Дильтей: Өмір философиясы
Вильгельм Дильтей - (19.11.1833-01.10.1911) жаратылыстанушы және мәдени ғылымдар арасындағы методологиялық ерекшеліктерді дәлелдеген неміс философы, идеалист.
Өмір философиясының алғашқы өкілінің бірі - Вильгельм Дильтей (1893-1911). Ол өмірді еркіндік пен іңкәрлік, сезім мен тебіреніс деректері дейді. Өмір хаосты ретке келтіреді. Өмірдің организмдік және де одан биік формалары бар. Өмір организмдік деңгейде өліммен шектелсе, организмдіктен биік формалары мәдениетті құрайды. Осы кезде шындық - өмірден алған тәжірибе екеніне көзіміз жетеді. Өмірлік тәжірибе - зердеге тең емес. Және де ол ақыл-ойға сыймайды. Өмір - ағым, өзгеріс, шығармашылық онда жалпылық деген ұғым болмайды. Өмірді тек қайталанбайтын жекелік арқылы суреттеуімізге болады. Осы орайда шығармашылық трагедия дүниеге келеді. Себебі өмірдің қайта келмейтін толқындары оның объективтелген, заттанған формаларымен қайшылыққа келеді. Ал ол қайшылықтарды шешу үшін тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ахуалды білу, барлық ішкі жан-дүниеңмен соған өткендей болып, сезіну. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен атайды. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қоймай, сонымен бірге қайтадан ойланып, оның өмірлік жақтарын түсіндіре білуі керек.

1.3 Иррационалдық философия: А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор, Ф.Ницше

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған өмір философиясы. Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт өмірді табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.
Иррационализм - табиғатта, қоршаған дүниеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» еңбегі қазақ тарихының дерегі ретінде
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Діни орыс философиясы
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
Пәндер