Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№ 10 тәжірибе (семинар) сабақ

Тақырып; Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.
Сабақ мақсаты; Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және талдау.
Негізгі сұрақтар:
1. Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
2. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
3. Сөз және көзқарас еркіндігі.

Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
Кеңісіік пен уақыт еркесі болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет - ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.
Біздің ата - бабаларымыз осы еркіндікті мәңгі көксеген . Оған айғақ ретінде осыншалық үлкен аймақты ешкімнің еншісше бермей сақтап ілгендігін айтар едік . Мұның себебі, өздерін ешкімге бағындырмау,өз еркіндіктеріне иелене білу , сонымен қоса , көшіп - қонып жүрген, қалыпты тұрмыстарынан ауытқымау мақсатында кеңістіктерін тарылтпау . Осындай көшпелілердің өзіне ғана тән түсініктеріне байланысты тиісті ділі туындайды . Көшпенділік дәстүр - еркіндіктің бірден - бір әрі бірегей түрі болғандықтан, осы мәселені қарастыруда екінші шарт болып табылады . Ал , енді үшінші қозғаушыға келетін болсақ, ол бүгінгі таңда үшін біз еркіндік мәселесінің өзекті болып отырғандығы. Бізге қан төгіссіз,Құдайдың сыйындай болып берілген тәуелсіздіктің мәнін түсіне білу қажет.Оның саяси тұрғыдағы маңызы мен қатар рухани еріктілік барысы да барын осы естен шығармаған жөн болар еді. Еркіндік босып кету еместігін түсіне білу біз үшін аса құнды. Болашаққа баянды ғұмыр кешуге , өркендеп өсуге рухани еріктілікке жету керек. Ерікті адам бәріне байыппен қарайды, науқани нәрсеге асықпайды, өз заманынан сәл алшақ тұрады.Себебі, дәуірдің келбетін жасайтын тек қана саясат емес , ішкі рухани ағымдар. Оларды қалыптастыру үшін уақыт керек, тиянақты еңбек керек. Осы еңбектің бастамасы ретінде зерттеліп отырған жұмысты айтуға болады.Практикалық айналымға түспес бұрын кез - келген дүние теориялық негіздемеден өтетіні белгілі . Батыстық көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға алып, құндыларын қолдануымыз керек.Олар жүріп өткен жолға түскен біздер үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра түскеніміз абзал . 20 ғасырдың басында қазақтың көгіне өрмелеп шығып , күн болуға тырысқан қазақтың бес арысы атанған ұлы ұлдары ертеңі үшін ерекше еңбек атқарған зиялылар Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев ой толғаныстарындағы еркіндік мәселесіне қатысты тұжырымдарын таныту өте маңызды болып табылатындығы дау тудырмас .
Жалпы қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән болғанымен де қазақ зиялыларының озық ойлары философиялық тұрғыдан қарауға түсуге әбден хұқылы. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, енді ел болып келе жатқан шақта өз ой өрімдеріміздің өрнектеріне өрлей білгеніміз дұрыс - ақ . Бұл жұмыста батыстың көзкарастарды тізбектеп өтумен қатар 20 ғасыр басында ұлт еркіндігі үшін күрескен қайраткерлердің еркіндік мәселесі хақындағы көзқарастарын талдауға талап жасалады .
Еркіндік - мәңгілік мәселе. Әлемдік философия тарихында еркіндік мәселесінің таралуы.
Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой
кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы шексіз . Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр - сырына өз тұрғысынан қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына еркіндік идеясын да жатқызуға болады . Адам баласы сонау Адам Ата мен Хауа анадан өмірі басталып , өзінің ұзақ ғұмыр кешуінде әрдайым осы мәселемен, яғни, еркіндік түсінігімен ұшырасып отырған десек, артық айтпаған болар едік . Ықылым замандардан бері қаншама қақтығыстар мен соғыстарда құрбан болған бір ғана игі мақсат - еркіндікке ұмтылғаны аян.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады . Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған .
Алдымен, еркіндіктің өзі туралы тарамдап айтып алған жөн болар. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз . Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады . Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем . Адам қуылым замандардан бері еркіндік армандаумен ғұмыр кешіп келеді. Оның түсінігіндегі еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды . Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді . Әркімнің өзімен - өзі болуы және әркез әрекет етуі бостандықтың саяси жүйесі демократияның нақты қоғамда өмір сүру дегеніміздің өзі - бір орталыққа бағынуды, шоғырландыру , топтасуды , басқа біреумен байланысқа түсу дегенді білдіреді. Яғни, абсолютті еркіндіктің болуы мүмкін емес .
Егер де шексіз еркін боламын десең толық оқшаулану қажет Оқшауланушылықтың мәні бахтиндік сұхбаттастық концепциясында тамаша ашылады .
М . Бахтин өз ойларын екі адамның , яғни екі субъектінің өзара қарым - қатынас аясы арқылы түсіндіреді . Ол өзіңді және сенімен байланысқа түсуші адамды көріп қана қою жеткіліксіз дегеннен шығады . Мен белгілі адамды қанша көріп тұрсам да, өзімді қаншалықты білсем де , біздің өзара қарым - қатынасымыздың шындығына жетуім керек ` , - деп жазды Бахтин. Ғалым кез - келген адамның өмірін өзге индивидпен органикалық байланыста қарастырады . Олсыз қалыпты адам өмірі мүмкін емес. Саяси еркіндіктің нәтижесі демократия болып табылады . Қазіргі кезде жер бетіндегі өркениет көшіне ерген елдердің мақсат етіп отырған күрделі саяси жүйесі демократия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркіндік деңгейлері
Руханият партиясы
Үлестік құрылысқа қатысу институты
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері туралы ақпарат
Әлемдік монотеистік діндердегі адам еркіндігі мәселесі
Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
Қысым жасамай оқыту
Ислам теологиясы
Пәндер