Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекші: т. ғ. д., профессор З. О. Дүкенбаева
Павлодар, 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Тәуелсіз Қазақстанның даңғыл жолы . . . 8
1. 1Тәуелсіздік жолы-үміт жолы . . . 8
1. 2 Сындарлы жиырма жыл . . . 11
1. 3 Қазақстанның сыртқы саясаты . . . 20
2 Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев және Қазақстандық жол . . . 32
2. 1 Ұлт лидері-Н. Ә. Назарбаев . . . 32
2. 2 Астана-бейбітшілік қаласы . . . 43
2. 3 Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы, мәдениеті . . . 49
Қорытынды . . . 57
Әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері 21 жылға аяқ басты. Осы уақыт аралығында егемен ел ауыз толтырып айтарлықтай елеулі табыстарға қол жеткізді. Республикадағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өзгерістер жасалды. Мұндай құбылыс ғылымға да тән болды. Отандық тарих ғылымы тың деректер негізінде жазылған салиқалы еңбектермен толтырылды.
Аталған тақырып қазақ топырағында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүрлер жалғастығы тұрғысынан өзінің өзектілігімен ерекшеленеді. Қазақ ұлты ХХІ ғасыр табалдырығын жарқын болашаққа деген үлкен үмітпен аттады. ХХ ғасырда бұрын-соңды болып көрмеген тарих тәлкегіне ұшыраған қазақ халқы жаңа ғасырға саны 10 млн-нан асып, мәдениет, білім, ғылым, технология мен экономикасын едәуір биік дәрежеге көтеріп жетті. Қазіргі заман көзқарасымен қарағанда мәдениетті ұлт атануға қажетті қасиеттердің бәрі дерлік қазақ халқының бойынан молынан табылады. Ең бастысы - ұлттық дамудың кемшіліктері мен олқылықтарын көруге де, оларды түзетуге де әл-қуаты әбден жететін жоғары потенциалды интеллектуалдық күші бар.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы қазақ тарихының өткенің қайта зерделеп, жаңа заман тұрғысынан шынайы бағалауға мүмкіндік туғызғаны ақиқат. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы», - деген пікірін мемлекеттікті гуманистік, демократиялық, құндылық ретінде бағалау деп қабылдауға болады. Осындай қажеттілік - Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін толық зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарастыру - заңды құбылыстарға айналуда. Осы тұрғыда, қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі тарихын, атап айтсақ ғасырлар тоғысындағы тарихын тарихи негізде зерделеу - басты қажеттілік болып саналады. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне 21 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті . Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты. Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты[1] .
Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой! Тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында 1916 жылғы оқиға империяның бүкіл шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес-ті. Аумалы-төкпелі аласапыран заманда, арпалысып өткен адамзат ғұмырында ұйыса, қанаттаса жүрген халықтардың Жер-Анадан қоныс тауып, құт мекенге айналдырған шекаралы, шекті аймағы қалыптасқаны мәлім. Бірінікі шөлді болар, бірінікі көлді болар, бірінікі нулы болар, бірінікі сулы болар ─ әйтеуір, кіндік кесіп, кір жуған жер әр адамда болатындығы айдай анық. Дана бабаларымыздың ең асыл армандарының бірі ─ туған жерден топырақ бұйыртса деп, тағдырына егіле, езіле тілейтін аңсарында қандай ғажап астар бар екенін есіңе еріксіз түсіресің.
Қазақ батыры Шынқожаның денесі жау қолында қалғанда жан аяспай шайқасқан жауынгерлер өздері пір тұтқан батырдың бір ғана саусағын алып шығып, оны сол Аягөзге құятын Нарын маңындағы шағын төбеге жерленгенін тебірене жазған поляк жиһанкезі Янушкевич далалықтардың бойындағы елге деген, жерге деген сезімінің, еріне деген құрметінің ересен екендігіне таңданыс білдіреді. Қай кезден де отаншылдық сезімнің барлық халықтарға тән, жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да болар Отанға деген ұлы махаббат, асқар сүйіспеншілік, туған жерге деген қастерлі, қасиетті сезімдер ─ үлкен ерліктердің, ғажайып батырлықтардың бастауы, қайнар көзі. Осы ұлы планетамызда әлем халықтары арасында өзінің бүкіл болмысымен, мінез-табиғатымен, тарихымен, тілімен, ділімен, ән-жыр, әсем күйімен, тағы да басқа сан түрлі қасиеттерімен ешбір қайталанбас қазақ халқы бар. Қазақ халқының бір ғана шаңырағы, бір ғана ұлы мекені, бір ғана Отаны бар. Ол ─ Қазақ Елі, Қазақ Даласы, Қазақ Жері, барша қазақ халқының кіндік қаны тамған жері ─ Қазақстан!
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылындағы жетістіктерін зерделеу.
Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
-Тақырыпқа қатысты деректерді жүйелеп, талдау;
-Бүгінгі тарих ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың ең түйінді, өзекті мәселелеріне өз пікірімізді білдіру;
-Тәуелсіздіктің халыққа берген жемісін, қызметін объективті ашып көрсетуге ұмтылыс жасау;
-ҚР бірінші Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ерең күресі мен қоғамдық саяси қызметіне талдау жасау;
-Қазақ елінің ақ Ордасына айналған нұрлы Астананың қалыптасу тарихын зерделеу;
Бітіру жұмысының деректік негізі және тарихнамасы. Мәселенің кейбір қырлары әртүрлі әдебиеттерде, баспасөз беттерінде кездескенімен мақсатты түрде зерттеу объектісі ретінде осы күнге дейін қолға алынбай келеді. Тақырыптың басы ашық «ақтандақтары» көп. Бұл тақырыпты жан-жақты және терең зерттеу ең алдымен бүгінгі қоғамдық практика сұранысынан туындайды[5] .
Әдебиеттер тізіміне талдау жасау барысында зерттеу тақырыбымызға сәйкес тарихнамалық айналымда ғылыми еңбектер аз деуге болады. Осы тақырыптарда қазақтың белгілі ғалымдары М. Қозыбаев[2] ., Х. Әбжанов[3] . ., Б. Аяған[4] ., К. Нүрпейісовтер [6] қалам тартқан еді.
1996 жылы " Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н. Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген. 2003 жылы " Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді.
Мәселен биыл Астана қаласындағы Мемлекет тарихы институты Тәуелсіздік тарихына арнап 20 том кітап шығарды.
Зерттеу жұмысымызда төмендегідей деректемелік негіздерге сүйендік:
Тақырыпқа байланысты ұлттық баспасөздерде жарық көрген деректемелік мағлұматтарға; Конституциялық құжаттарға, құқықтық заңнамаларға, жеке адамдар жасаған құжаттар, еңбектер, естеліктер, шығармалар, арнайы зерттеулерге; ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың бастапқы кезеңдерінде жазылған зерттеулерді талдау, жүйелеу жұмыстарына және оған баға беруге бұған дейін жазылған тарихнамалық еңбектерге талдау жасау, әсіресе адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, тәуелсіздіктің қағидаларын айқындайтын нормативтік құқықтық еңбектер бітіру жұмысының басты құжаттары болып саналады. Әсіресе Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы » [7] ., « От имперского союза к СНГ », «Ғасырлар тоғысында», « Тарих толхынында », сияқты еңбектері тарихи жолымызды зерделеуге, өткен заманғы тарихи тұлғалардың қызметін дұрыс бағалауға үйретеді. Екінші сөзбен айтқанда, Елбасының тарихты, бүгінгі және болашақты ұштастыра ойластырылуы, оның парасатты пайымдаулары ұлттық тарихымыздың тарихи жолдарын зерттеуге де маңызы өте зор әдістемелік негіз болып табылады. Тарихшы, құқықтанушы, саясаттанушы ғалым профессор ағаларымыздың еңбектерін де басшылыққа алдық . Бурханов К. Н. «История и современность основного закона в казахской государственности »; Нысанбаев А. Н. «Конституционные реформы как новый этап модернизации современного казахстансккого общества »; Аяған Б. Ғ. «Егеменді елдің конституциясы ізденіс пен тұрақтылықтың кепілі». Ударцев С. Ф. « Некоторые вопросы конституционного развития Казахстана в современный период »; Мадуан С. М. «Мемлекет және қоғам : Қазақстан республикасының конституциясы демократияны одан әрі дамытудың факторы »; Абдуалы А. Б «Президенттің Қазақстан халқына жолдауы мемлекеттің жаңа мазмұндық кезеңі»; Кыдыралина Ж. У. « Национальная идея и национальная идеология как факторы устоичивости общества и государства». [8] . Осы аталған еңбектер мен зерттеулер біздің бітіру жұмысымызда ой қорытындыларын жасауда, өзіндік ғылыми талдауларда тұжырымдаманың мәнін ашуда әдістемелік мәні мен тарихнамалық кешені зор болды.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Еліміз тәрізді тарихымыз да бүгінде өтпелі кезеңді бастан кешіруде. Маркстік-Лениндік, таптық тұжырымдамадан бас тартып, жаңа тәуелсіз методологиялық ұстанымдарды іздестіруге бас бұрған Отандық тарихымыздың және тарихнамамыздың методологиялық және теориялық мәселелері аз емес. Жаңа жағдайда таптық көзқарастан өркениеттік бағытқа көшер болсақ, мұнда да теориялық тұрғыдан әлі де анықталмаған мәселелер баршылық.
Қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық ұстанымдар басшылыққа алынды. Зерттеу әдістері ретінде жүйелілік, салыстырмалық, құрылымдылық-функциялық тарихи ұстанымдар және концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері басшылыққа алынды. Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.
Зерттеу нысаны 1991-2012 ж. ж. Тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен тарихы
Зерттеу пәні Тәуелсіз Қазақстан тарихы
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2012 жылдарға дейінгі уақыт қамтылды. Одан ертеректегі жылдар оқиғалары қолданымға түскенмен зерттеудің хронологиялық ауқымын кеңейте қоймайды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Тақырып алғаш рет жастардың көзқарасымен қарастырылғандықтан, қол жеткен нәтижелер де негізінен, жаңа болып табылады; -
-тарихи оқиғалар зерделенді;
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларда болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр-сипаты жағынан да мемлекеттегі жаңа саясатты қалыптастыру қажеттігін айқын байқатып отыр. Бұл орайда елімізде жүргізілген саясаттың барлық қырларын ой-сана елегінен жаңаша өткізіп, жаңаша қабылдауымыз қажет деп ойлаймыз.
Қазіргі кезеңде Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін әлемдік қауымдастыққа кіріп, дүниежүзілік тарихи дамумен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты қазіргі Қазақстан тарихының кейбір қырларын мұқият зерттелуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі.
Бітіру жұмысының қолданбалы маңызы арнайы курс және арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Бітіру жұмысының сыннан өтуі. Студенттердің ғылыми практикалық конференциясында аппробациядан өтті.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Тәуелсіз Қазақстанның даңғыл жолы
1. 1Тәуелсіздік жолы-үміт жолы
Тәуелсіздік! Қандай рухты, жүрекке қандай жылы, жаныңа қандай жайлы ұғым. Жатса түсінен, жүрсе есінен кетпеген ата-бабаның ғасырлық арманы сол бір ғажайып тәуелсіздіктің өзі емес пе? Қаншама ардагерлеріміз осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңізші! Тіпті тереңнен толғанып ойлансақ, халқымыздың барша тарихы онымен тығыз байланысты емес пе? 1991 жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы - КСРО-ның ыдырауы еді. Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың - экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды. Қазақстанда да күн өткен сайын мемлекеттІк егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Қазақ мемлекеттілігі бүгінгі Тәуелсіздікке кейбіреулер ойлағандай КСРО-ның күйреуінің нәтижесінде ғана жеткен жоқ. Оның тамыры тереңде жатыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрес кеше ғана басталып, бүгін аяқталған жоқ. Бүгінгі Қазақстан аумағын ежелгі замандардан бері мекендеген тайпалар мен ұлыстардың кезінен бастап-ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен әрбір сүйем жері үшін қан төгіп, жан алысқан күрестер болды. Біздің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия төрінен ойып тұрып орын алған жеріміз үшін, еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін ұлт-азаттық күрестерге толы болатын [9] .
Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен балаларымызға жарқын болашақ күтеміз, орта буынға - ата-баба аңсаған егемендіктен сусындап, игі мақсатының орындалуын күтеміз. Біз тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық, бейбітшілікті күтеміз. XX ғасыр бітіп, XXI ғасыр алдыңда өмір сүріп жатқан елміз. Біздің болашағымыз - XXI ғасыр. Біз оған сақадай сай, даяр болуымыз керек. Тек бейбіт экономикалық, мәдени, рухани жарыста ғана өнерлі, өнегелі елдің, халықтың болмысын таныта аламыз. Жадыңда ұстағайсың, осыны өскен елдің, өсер елдің ұлдары мен қыздары. Қазақ қауымының ел тәуелсіз болған кездегі негізгі парызының бірі елін қорғайтын, жерін қорғайтын перзент тәрбиелеу, ата-баба салтын, ұлтжандылықты, ұлтқандылықты бойына ана сүтінен дарыту болса керек. Тәуелсіздік жолы- қасиетті жол. Оған шығар алдында адам баласы арын да, жанын да тазарту керек, рухани сілкініс керек. Сапарға шыққанда ата-бабамыз мойнына тұмар салғандай, біздің бойтұмарымыз, имандай құранымыз - еліміздің негізгі Заңын, оның принциптерін сақтау парыз. Ал сол принциптердің негізі - тәуелсіздік. Ел бостандғы халық, ар бостандығы үшін жан пида екендігін жадына сақтайтын - ата тарихың. [10] .
Жаңа XXI ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Бірақ, бар адам баласының арманы тек ақшамен шектелмей, бар қажетті тиынмен өлшемей, ақыл мен парасатты, адамгершілікті, гуманизмді қаз қалпында ұстауымыз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Тарих тағылымы осына меңзейді. Тәуелсіздік. . құдіретті, ардақты ұғым. Баршамызға бақ қондырып, қыдыр дарытып, Адам деген атағымызды асырып, өрен еңбегімізді Отан, халық кәдесіне жаратсын.
1930 жылдардағы Шұбартау, Созақ көтерілістерінің қайсысын алмасаң да, олардың барлығы да отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы еді. Тоталитарлық тәртіп өз халқынан митингілерде, мерекелік шерулерде билеуші партияның саясатын қолдап, қолпаштауға бағытталған бірауыздылықты талап етті. «Тоқыраудың» соңғы жылдары халықтың тоталитарлық тәртіпке деген үнсіз қарсылығы ерекше күшті еді. Алайда, Алматыда үнсіз наразылықтың бет-пердесі аспанға бірақ ұшты. «Қайта құру» кезеңі ішінде үстемдік режим тұңғыш рет күллі жүйенің сыр бере бастағанын байқайтындай өте бір өжет қарсыласуға килікті. Оқиға салдарын жою үшін Кеңестік тәртіп аппараты барын салып бақты. Қорқытты, үркітті. Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған „колбинизм заманының” өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Тіпті, шындықты айтамыз деп шырылдаған қаламгерлеріміздің кейбірі прокуратура бөлмелерінде сарылып, жауапта отырған күндері де болды. Әділдік қашан да жеңбек. 1992 жылы 21 ақпан күні Республика Жоғары сотының Пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтары - Қайрат Рысқұлбеков (марқұм), Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев және басқа желтоқсан қаһармандары толық ақталды. „Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, Алматы „Жалын”] Желтоқсан оқиғасында шектен шыққан зұлымдықтар болды. Соның дәлелі ретінде облыстық «Дауа» газетінде жарық көрген «Қайрат қоғамының дүниежүзі ұлттар қауымдастығына жолдаған жасырын хатында» былай дейді: 93ж. желтоқсан №10] «1986 жылғы желтоқсандағы уақиғаны ТАСС дүниежүзіне «маскүнемдер мен нашақорлардың ұйымдастыруымен болған бұқара тәртіпсіздігі» деп даурықтырды. Шынында, халықтың бейбіт наразылығын тез арада басып, жаншып тастап, түк білмегендей отыра қалу мақсатымен бұл оқиғаны өкіметтің өзі ұйымдастырған еді. Көтерілісті жаншу үстінде командирлер мен олардың бұйрығын орындаушылардың қимыл-әрекетінің қабыса қалуы кімді болса да таң қалдырмай қоймайды.
Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»атты кітабында:» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді»─деп дәл бағалаған.
Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді. Осы орайда, Желтоқсан қозғалысын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттың өзін-өзі тану сезімінің оянуы), екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар (социалистік лагерьдің күйреуінің басталуы) аса салихалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс ─ атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес, ─ дейді жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев [11] .
86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Бұл күн ─ жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн ─ азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес. [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz