Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1. Инвентаризацияның міндеті.

2. Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережесі.

3. Инвентаризацияны жүргізу тәртібі

4. Инвентаризация құжаттарын ресімдеу

5. Инвентаризациялық тізімді ресімдеу тәртібі.

Инвентаризация - бұл материалды құндылықтардың, сонымен бірге ақшалық заттар мен

есеп айырысулардың жай-күйін және нақты болуын мезгіл сайын тексеру. Инвентаризация нәтижелерін есепке алу және есеп беру мәліметтерімен салыстыру, құндылықтардың сақталу және пайдаланылу дұрыстығын белгілеу.

Инвентаризацияның міндеті

1. Негізгі заттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың, сонымен бірге аяқталмаған өндіріс көлемдерінің нқты боуын анықтау ;

2. Құндылықтар мен ақшалық заттардың нақты мөлшерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру арқылы олардың түгелдігін бақылауды қамтамасыз ету;

3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, аз өтетін, толық емес және сұраныс жоқ, сонымен бірге дәріхана желісінде қолданылмайтын тауарларды анықтау.

4. Материалды құндылықтар мен ақшалық заттарды сақтау шарттары мен ережелерінің, сонымен бірге құрал-жабдықтардың қолданылу ережелерінің сақталуын тексеру.

5. Тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың балансында ескерілген сомалардың, шығын, тауарлар қалдығына сауда үстемесінің, дебиторлық және кредиторлық қалдықтардың және баланстың басқа да баптарының сомаларының нақтылығын тексеру.

6. Әрі қарай қолдану мақсатымен нормадан тыс және қолданылмайтын материалды құндылықтарды табу, анықтау.

Инвентаризация келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:

1. Бухгалтерлік есеп және баланс туралы қағидаға сәйкес белгіленген мерзімде;

2. Материалды жауапты адам ауысқан кезде - істерді қабылдап авлу - өткізу күнінде;

3. Ұрлау, жоғалу және жымқыру фактілері, сонымен бірге құндылықтардың бұзылуы анықталған жағдайда - мұндай фактілер анықталғаннан кейін тез арада;

4. Өрт немесе стихиялық апаттан кейін - тезарада;

5. Тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі заттарды қайта бағалау кезінде. Егер барлық тауарлық-материалдық заттардың тек 1/3-ге дейін мөлшері қайта бағаланса (ақшалық мөлшерде), онда қайта бағаланған материалды заттарға ғана инвентаризация жүргізуге болады.

Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережелері

1. Ұйымның мүліктеріне және міндеттемелеріне инвентаризация жүргізу үшін инвентаризациялық комиссия құрылады, оның құрамын ұйым жетекшісі бекітеді.

2. Инвентаризациялық комиссияның құрамына әкімшілік өкілдерін, бухгалтерлік қызмет, ішкі бақылау қызметкерлерін жәе басқа да мамандарды, қажет болған жағдайда сыртқы аудит қызметінің өкілдерін кіргізу ұсынылады .

3. Мүліктің нақты боуын дәл және толық тексеру үшін инвентаризациялық комиссия жұмыс күшімен, техникалық жарамды салмақ өлшейтін, өлшегіш және бақылау приборларымен, өлшеу тарасымен және т. б. қамтамасыз етілуі керек.

4. Тағайындалуы туралы бұйрық бекітілгеннен кейін инвентаризациялық комиссияның төрағасына жетккшінің қолы қойылған жазбаша нұсқау беріледі, онда комиссия құрамынан басқа келесілер көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі және күні, инвентаризация жүргізілетін объект, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімдері.

5. Инвентаризацияны жүргізуге дейін инвентаризациялық комиссия мүшелері танысуы керек:

  • осы объект бойынша жүргізілген соңғы инвентаризацияның материалдарымен;
  • соңғы инвентаризацияның нәтижелері бойынша қабылданған іс-шаралармен.

6. Мүліктің нақты мөлшеріне тексеру жүргізуге кіріспес бұрын инвентаризациялық комиссия келесілерді жүзеге асыруы қажет:

  • мүліктерді сақтауға арналған жеке кіретін және шығатын есігі бар жертөлелерді, қосалқы бөлмелерді және басқа да сақтау бөлмелерін пломбылау;
  • салмақ өлшегіш приборлардың дұрыстығын тексеру;
  • инвентаризация кезеңіне соңғы алынған кіріс және шығыс құжаттарының реестрін немесе инвентаризациялануға жататын мүліктердің қозғалысы туралы есепті алу.

7. Инвентаризациярың басталу кезеңіне жауапты сақталуға түскен барлық мүліктер кіріске алынғаны, тізімнен шығарылғаны және барлық оның есебіндегі барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға өткізілгені туралы материалды жауапты адам қолхат береді.

8. Мүліктердің инвентаризациясын мүліктің орналасқан жерібойынша жүргізеді.

9. Нақты қалдықтарын тексеру міндетті түрде материаолды жауапты адамның қатысуында жүргізеді, бірақ материалды жауапты адам өз бөлімшесінде инвентаризациялық комиссияның мүшесі бола алмайды.

10. Мүліктің нақты мөлшерін тексеру барысында материалды жауапты адам ауысқан жағдайда инвентаризациялық тізімде мүлікті қабылдап алған адам оны қабылдап алғаны туралы, ал тапсырған адам - тапсырғаны туралы қолдарын қояды.

11. Егер мүліктің инвентаризациясы бірнеше күн бойы жүргізілсе, онда инвентаризация жүргізілетін мүлік сақталатын бөлме күн сайын комиссия мүшелерінің және материалды жауапты адамның қатысында мөрленеді.

Инвентаризация кезінде мүліктің нақты санын міндетті түрде санау, өлшеу, салмағын өлшеу арқылы анықтайды. Мүліктің нақты саны және ескерілген қаржылық міндеттемелердің нақтылығы туралы мәліметті инвентаризациялық тізімге немесе инвентаризация актіне 2 данада жазады.

Комиссия құрастыратын инвентаризациялық тізімдер есетеу құралдарын қолдану арқылы да және қолмен де толтырылады. Инвентаризацияланатын құнды материалдардың және объектілердің аты, олардың саны тізімдерде номенклатурасы бойынша және есепке алынған өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

Тізімнің әрбір бетінде осы бетте жазылған материалды құндылықтардың реттік нөмірінің саны және натуралды көрсеткіштердегі санының жалпы мөлшері, қандай өлшем бірлігінде (дана, килограмм, метр және т. б. ) берілгеніне қарамастан жазумен көрсетіледі.

Тізімнің соңғы бетінде бағасын тексеруі, құнын анықтауы және қорытындысын шығаруы туралы белгіні осы тексеруді жүргізген адамдар қолдарын қоя отырып жасайды.

Инвентаризациялық комиссия негізгі заттардың, қордың, тауарлардың, ақшалық заттардың, басқа да мүліктердің және қаржылық міндеттемелердің нақты қалдығы туралы мәліметтердің тізімге енуінің толықтығын және дәлдігін, инвентаризация материалдарының өз уақытында және дұрыс ресімделуін қамтамасыз етеді.

Тізімге инвентаризациялық комиссияның барлық мүшелері және материалды жауапты адам қол қояды. Оның соңында материалды жауапты адам комиссияның мүлікті оның қатысында тексергендігін, комиссия мүшелеріне қандай да бір претензиясының жоқтығын және тізімде көрсетілген мүліктерді өзінің жауапты сақтауына алғандығын дәлелдейтін қолхат береді.

Жалға алынған немесе әрі қарай өңдеуге алынған жауапты сақтаудағы мүліктерге жеке тіңзімдер құрастырылады.

Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттарды материалды жауапты адам инвентаризациялық комиссия мүшелерінің қатысында қабылдайды және «Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттар» деген атпен жеке тізімге енгізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Касса осы кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ажырамас бөлігі
Аудиторлық қызмет ұғымының мәнi
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Барлық материалдық шығындар
КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің аудиті
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Өндіріс қорларының тусыныгы мен құрылымы
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz