Каспий аймағының қоршаған ортасын ластаудан қорғаудың құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Азенова С. Р.

Заң факультетінің 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Айгаринова Г. Т.

Каспий аймағының қоршаған ортасын ластаудан қорғаудың құқықтық мәселелері

Қазіргі кезде Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысымен бірге судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Соның ішінде атмосфераның ластануына мүнай кәсіпшілігі үлкен әсерін тигізіп жатыр. Мысалы, 1998 жылы Батыс өңірі бойынша Атырау қаласында атмосфераға 135, 1 мың тонна зиянды заттар шығарылған. Бұл yлы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3, 5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсiпшiлiгiнiң eң бaсты экoл. прoблемасы - ілеспе газды іске жаратy. Қазір жылына 800 млн. 3 газ ауада жанады. Мұнaй кeн opындаpында мұнaй өнiмдерiн өңдey кeзiндe мұнай мен қалдық cyлардың тoпырақ пен гpyнтқа төгілyi олapды лaстайды. Coлтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады. Теңiз деңгейiнiң көтерiлуiне жәнe мұнaйдың тeңiзгe төгiлуiнe бaйлaнысты тeңiз cyының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шeктeн бipнeше ece жoғaры eкенi анықталған. Cyдағы мұнaй өнiмдерiнің ең жоғаpы кoнцeнтрaциясы мaмыp - шiлдe aйлaрындa бaйқaлaды. Тeңiз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жoйылyына әкeлyде. Тeңiз түбiндегі шөгiндiлердiң мұнaй өнiмдерiмeн лacтaнyы бeнтocтық тiршiлiк eтeтiн opганизмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде.

Kacпий тeңізінiң cy pecypcтары қазiргi тaңдa Кaспийдiң кoммepциялық бaйлықтaрының iшiндегi мұнайдан кeйiнгi екiншi opынды aлaды. Соңғы жылдары теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты, тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің нашарлауына және биологиялық сан алуандықтың сақтауына қауіп төндіру секілді жаңа экологиялық мәселе алып келіп отыр. «ҚР 2005-2007 жж. арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының негізінде жүргізілген зерттеулер бойынша, соңғы 100 жыл бойы Қазақстанда мұнай-газды игеру салдарынан. Kаспий aймaғында экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келгенін көрсетіп отыр. Топырақтың ластануы, теңіз жағалауындағы әртүрлi мұнай амбарлары мен кен орындары, сондай-ақ танкер флоттары, Каспий теңізіне токсиндi заттар арқылы ластаудың бірден-бір көзі болып табылады. Мұнай өндiру мекемелерінде ағынды суларды тиімді пайдалану (утилизациялау) жүйесінің жоқтығы, аймақта химиялық-токсиндік заттардан құралған өлі көлдердің пайда болуына алып келіп отыр. Сoндaй көлдердiң бiрi Ақтay қaлacындa сегiз шaқыpым жepде opнaлacқан - Қoшқар aтa көлі. Бұл уран кенін өңдейтін химия кешені құрамындағы күкірт қышқылы зауыты, химия-гидрометаллургия зауыты сияқты алып кәсіпорындардың қалдық сулар мен қоқыстарын ешбір залалсыздандырмастан табиғи ойпаңға айдау нәтижесінде пайда болған жасанды көл. Тiршiлік белгiсi жоқ, өлі көл. Бұрын көл айдынының астында қымталып жатқан қатерлі қалдықтар жоғарыда аталған кәсіпорындардың ішінара немесе толықтай тоқтап, көлге құйылатын судың кемуі, соның салдарынан жағалауының құрғап, жалаңаштануы нәтижесінде өлкедегі ең қауіпті экологиялық ошаққа айналып отыр. Теңіздің басты ластаушысы, сөзсіз түрде мұнай болып табылады. Мұнаймен ластану теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне қатты соққы береді, мұнай жайылмалары күн көзін өткізбейді, судағы ауаның жаңаруын азайтады және биологиялық өнімділік азаяды. Көбінесе мұнайдың улы қоспалары балықтың, теңіз құстарының қырылуына себеп болады, теңіз хайуандарының етінің дәмдік сапасына қарсы әсер етеді. Мұнаймен улану қаупі оның жиынтығының көбеюіне байланысты өрши түседі. Су ортасының токсикалылығы 1мг/м жиынтықталған кезде көрінеді. Кейбір аурулардың мұнаймен ластануға байланысты екендігін куәландыратын зерттеулер қатары бар. Қанның және қан жасайтын органдардың ауруы Қазақстанның солтүстік аймақтарында республикаға қарағанда 2-4 есе жоғары. Сонымен қатар Солтүстік Каспийдің ихтиофаунасының өзеруі салдарынан, аймақтағы бекіре аулаудың үш есе кемуіне алып келді. Осы фактілердің барлығы Каспий аймағы экологиялық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың басты назар аударуын талап етуде.

Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияның 19-бабына сәйкес уағдаласушы тараптардың мынандай міндеттері бар:

1. Уағдаласушы тараптар Каспий теңізі теңіз ортасы жай-күйі мониторингінің тиісті дербес және/немесе бірлескен бағдарламаларды құру және жүзеге асыру үшін күш жұмсайды. 2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінде мониторингі жүзеге асырылатын ластаушы заттардың тізбесімен және өлшемдерімен, шығарындылар және сығындылар үшін келіседі. 3. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізі теңіз ортасы жай күйін бағалауды және Каспий теңізі теңіз ортасының ластануын алдын алу, бақылау және төмендету үшін қабылданатын шараларының тиімділігін дербес және\немесе бірлесіп тұрақты жүзеге асырады. 4. Уағдаласушы Тараптар мониторинг бағдарламаларын, өлшеу жүйелерін, талдау әдістерін, деректерді өңдеуге және сапа деректерін бағалау әдістерін әзірлеу мен қолдану ережелерін үйлестіруге күш жұмсайды. 5. Уағдаласушы Тараптар шешім қабылдауға негіз және мамандар, әкімшілер және халық үшін ақпарат пен білімнің жалпы көзі болып табылатын орталықтандырылған деректер базасын әзірледі. 6. Жалпы Каспий аймағында бірнеше экологиялық мониторинг бағдарламалары жүзеге асырылуда. 2007 жылы Евро-одақ (ТАСИС) жобаларын жүзеге асыру барысында «Каспий теңізінде су сапасының мониторингі және зардапты аймақтардың қызметтерінің жоспарларын» жүзеге асыру жолға қойылды. Жобаның мақсаты-Каспий теңізінде су сапасының мониторлық механизмін қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешудің ерекше жоспарын дайындау болып табылады. Ол үшін барлық Каспий аймағы мемлекеттері теңіз суларына жедел анализ жасауға және пробасын алуды жетілдіруге қол жеткізетін жаңа құралдар мен техникалық жабдықтар алады. «Космостық радиолакация мәліметтер негізінде Каспий теңізі мұнай ластау» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Дегенмен бірнеше жылдар бойы космостық апараттар көмегімен Каспий туралы алынған мәліметтер әлі күнге дейін тиісті нысанада талданбаған. Сондықтан Каспий теңізінің мұнаймен ластану масштабы туралы әлі толық заңды мәліметтер жоқ. Экологиялық мониторинг тек басқару мен шаруашылық қызметтер үшін ғана қолданылмайды, сондай-ақ ол құқық қорғау органдары қызметтеріне қажетті ақпараттық жүйесін құрайды. Табиғи ресустарды пайдаланумен экологиялық зиянның орнын толтырумен байланысты істер бойынша дауларды шешу барысында да экологиялық мониторингтің ролі күшті. Көп жағдайларда сот объектілер бойынша шешім шығару мақсатында мәліметтерді талап етеді немесе тараптар тиісті ақпараттарды өздері ұсынады. Бірақ сот қызметтерінде де келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Мысалы:талап арызда көрсетілген зардаптың есептеу кезінде, сот міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгіне отырып, есептеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Экологиялық - экономикалық қатынастардың қалыптастыру мәндері
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Экологиялық инновациялық өнім
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Мүліктік экологиялық зиян
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Табиғи ортаны ластаудағы төлем нормаларының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz