Әлемдік діндердегі магиялық тәжірибе


Әлемдік діндердегі магиялық тәжірибе
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Магия ұғымына терең үңілу
II. Буддизм дініндегі магия
III. Христиан дініндегі магия
IV. Ислам дініндегі магия
Қорытынды
Дереккөздер
Магияның шығуы және дамуы
Магияның түрлері
Кіріспе
Діндердегі магиялық тәжірибені қарастырмас бұрын « дін » ұғымына тоқталып өтсем. Дін деген не ? Дінді ұстану бізге не үшін қажет ? - сынды сұрақтар ертеден өзекті болды.
Дін - ақылдан тыс сыртқы күштерге немесе құдайларға деген сенім. Белгілі бір нормалары мен құндылықтары бар діни ілімдер жиынтығы. Діннің негізі сенімде жатыр. Діннің басты мақсаты - адамды рухани жетілдіру және сенімін күшейту арқылы ізгі амалдарға жетелеу. Дін - сенім, дүние таным, мораль, тәрбие, құқық, қауым, топ, ұйым, қоғам, тәжірибе, бірегейлік, мәдениет сынды ұғымдарды жалғыз өзінде біріктіріп тұрған ерекше феномен. Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм « Діни өмірдің қарапайым түрлері » (1912 ж. ) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады.
Әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Дәл осы тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген батыс әлеуметтанушылары адамдағы тылсым дүниеге, қандай да бір күшке сену сезімінің туа біткеннен болатындығын ғылыми тұжырымдармен дәлелдепті. Сенім жүре келе ортаға қарай икемделіп, кім қандай ортада өссе солай қалыптасады. Біреулердің пұтқа табынып, келесі біреулердің от пен суға, жан-жануарларға табынып жатады. Адам бойындағы дінге деген мұқтаждық сезімді діннен өзге ешбір жүйе қанағаттандыра алмайды. Мысалы, ғылым, өнер, спорт, т. б. осы секілді жағдаяттар адамды рухани тұрғыдан жетілдіре алмайды, белгілі бір дәрежеде жетілдіргенімен ол сезімнің ғұмыры шектеулі. Ал дінде бұл сезімнің ғұмыры, әлбетте шексіз болып келеді. Иманның иләһи ләззатынан адамның ешқашан жалықпайтыны да сондықтан. Адам оң-солын танығаннан кейін айналадағы тіршілікке көз салып, бір сәт өз болмысын ойлағанда: « Мен қайдан келдім? Қайда барамын? Өмірге не үшін келдім? Мені кім жаратты? Не үшін жаратты? Мен өлген соң қайда барамын?. . » дегендей сұрақтар санасын мазалап, жауап іздейді. Бірақ ақыл бұларға адамды қанағаттандырарлық толық жауап бере алмайды. Өйткені бұл сұрақтардың анық жауабы діни өлшемдерде жатыр.
I. Магия ұғымына терең үңілу
Магия ( латынша Magia - сиқыршылық, алдап-арбау) -ерекше тәсілмен қажетті нәтижені алу үшін қолданылатын сиқыршылық ғұрыптардың, іс-әрекеттердің символдық образы. Адамдардың өз бойында табиғатқа әсер етуге табиғаттан тыс күштердің барына сенімі. Алғашқы қауым адамы магияны табиғатпен қарым-қатынас жасау құралы ретінде және бір-бірімен өзара байланыста қолданды.
Ежелгі дін формасын зерттеуші Б. Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді.
Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.
Тарихы
Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж. Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.
Жаратылыстан тыс күштердің жәрдемімен белгілі бір мақсатқа жету немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін істелінетінәрекет. Магия белгілі бір тәсіл, белгілі бір қағидаларды қажет ететін және сиқыршылар іске асыратын тәжірибелік өнер. Магия табиғатан тыс күштерді бір нәрсеге мәжбүрлей алады және оларды кез-келген мақсаттарына пайдаланады. Магияның артынан ілескен өзіндік жамағаты жоқ. Кейбір тұстарында болмаса, жалпы, дінге қарсы. Дін мен магия екеуі екі бөлек дүние. Адам баласы дінде Құдайға құлшылық етеді, ал магияда табиғаттан тыс жатқан күштерді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Діннің негізі - кішіпейілділік, қауіпсіздік. Ал магияның мақсаты өз дәрежесін өсіруге талпынады. Дінде өзіне тән жамағаттары бар. Ал магияда уақытша пайдаланушылар бар, мақсаттарына жетісімен магияны пайдаланушылар тарап кетеді.
Соған қарамастан, дін мен магия алғашқы қауым адамдары арасында қатар өмір сүріп келеді. Бұған керісінше мәдниетті қоғамдарда сиқыр білімге айналған, алхимия, химия, астрология, астрономия болған.
Түрлері
Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.
· Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен - егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.
· Емдеу магияның мақсаты - дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.
· Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.
· Зиян келтіруші магия - жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.
· Соғыс магиясында - жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.
· Ауа райы магиясында - шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.
Магия - жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
Жаратылыстан тыс күш шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі -магия немесе тылсым. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж. Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды. Магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды;
Леви-Брюль адамның ой келбеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, 1-сі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша, 2-сі кездейсоқ және мүмкін болатын жаратылыс, жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына негіз болады;
Б. Малиновский «Магия, ғылым және дін» (1926 ж. ) ;
Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне қарай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды(қол жетпейтін объектіге әсер ету), 3) парциалды (тамаққа т. б. нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету) ; Мақсатына қарай: емдік, әскери, кәсіптік және т. б. болып бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz