АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ

ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Ұлан Зейнелқабден

Ғылыми жетекші:А. К. Курманова, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ.

zeinelkabden7@mail. ru

Білім алушының өз бетімен оқуға талпыныс жасауы оқыту үдерісіндегі негізгі талаптардың бірі болып табылады. Ол оның жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді меңгеруге ықпал етеді. Осы орайда, әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру қажет. Бұл заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңа серпіліс берері сөзсіз. Сондықтан, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытудың жүйесі өзгерді. Ұстаздар қауымы алдына оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру, оны тиімді қолдана білу міндеті қойылды. Осы тұрғыдан келгенде білім алушылардың бойына оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландыру қажет. Сол себепті біз жазылым әрекетіне тоқталғанды жөн санадық.

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді [1, 108] .

Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалык, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазылым, біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалык, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстіңде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті , жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Графикалық таңбалардың тізбегі мен мағыналық жүйесінің өзара қатысының нәтижесінде жазылым коммуникацияға қатынасушылардың қарым-қатынасын жүзеге асырады. Жазудың тікелей қатысуы арқылы адам білдірмек болған ойын қағаз бетіне түсіріп, тиісті тұлғаларға немесе жалпылама алатын болсақ, адамзатқа жеткізеді. Бұдан жаза білудің маңызы, мәні өзінен-өзі-ақ шығады. Әдіскерлердің классификациясы бойынша жазылым үш бөліктен тұрады. Атап айтатын болсақ: себеп-салдарлық, аналитико-синтетикалық, орындалымдық. Бұдан көретініміз, ең әуелі, белгілі бір ойды не әсерді жеткізуде алдымен оның себебі пайда болады. Ендігі кезекте, аналитико-синтетикалық кезеңде сөздердің бір-бірімен тіркесуі арқылы сөйлем құрылымы жасалады, сөздің орны мен қызметі белгіленеді. Ақыр соңында, жоғарыда аталған графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін пайда болады. Осылайша жазу орындалады. Бұл тізбектен жазылым дағдысының көтерер жүгінің өте ауыр екендігін аңғаруымызға болады. Көптеген дерек көз беттерінде жазылым асықпай ойлап, баяу қимылдайтын білім алушыларға тиісті дағды болып табылатындығы келтіріледі. Аталмыш оқушылар әр сөзіне «қарауыл қойып», әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап, жазуға тырысады. Ерекшелігі - олар бұл істе өзгелерге қарағанда анағұрлым шеберлік танытады. Табиғатынан шапшаң, елгезек балалардың жазылым дағдылары кешеуілдейтіні де байқадлады.

Білім алушылардың жазылым дағдысын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда «Дербес пікір жазу» [2, 372], «Попс формуласы» [2, 372], «Т-кестесі» [2, 342], «Оңай және қиын сұрақтар кестесі» [2, 343], «Қос жазба күнделігі» [2, 346], «Үшбу хат» [2, 369], «Ойды қорытындылау» [3, 163], «Проблема шешу жолдары» [3, 164], «Данышпан үкілер» [4], «Ойлаудың алты қалпағы» [5], «Аргументативті эссе» [6] сынды тәсілдер өте тиімді. Мысалы,

«Дербес пікір жазу» тәсілі арқылы А. Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен жұмыс жасадық. Бұл тәсіл білім алушының осы өлеңге деген «дербес» пікірін қалыптастырып, оны нақты дәлелдермен, мысалдармен айғақтауға баулиды. Оған қоса, пікірге қатысты келген «контраргументке» жауап қайтаруды үйретеді. Сонымен қатар, жұмыс барысы оқушының ойын қозғап, шығармашылық қабілеттерін қосып, қосымша ақпараттың (Төртінші қара сөз) еске түсіріліп, тақырыппен байланыстырылуына оң ықпалын тигізеді.

«Попс формула» тәсілі бойынша «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңін талқыладық. Аталмыш тәсіл білім алушының өз көзқарасын, пікірін қалыптастыруға сеп болып, оны мысалдармен дәлелдеуге машықтандырады. Сабақ айтқан уақытта нақты, конкретті жауаптар беруді үйретеді. Айта кететін жайт, талдау барысында оқушының шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттері кеңінен пайдаланылады.

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін «Ойды қорытындылау» тәсілі бойынша талдадық. Осы әдіс арқылы білім алушы қандай нәтижеге қол жеткізеді? Біріншіден, берілген мәтіннің негізгі идеясын өз түсінігімен жеткізуге, жазуға үйренеді. Екіншіден, өзінің ойынан қорықпай, керісінше, дәлелдеуге дағдыланады. Үшіншіден, мәтінді оқу барысында туындаған сұрақтарға өзі жауап беруге машықтанады, жолдарын іздейді. Осының барлығы оқушының жазылым дағдысына әсер етпей қоймасы анық.

«Проблема шешу жолдары» тәсілі негізінде «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі қарастырылды. Бұл тәсіл білім алушыны қақтығыс нүктелерін тауып, оның туындаған көздерін анықтауға, шешу жолдарын өз бетімен табуға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бәлкім, кейбір жазылым дағыдысы төмен оқушылар осы тәсіл арқылы өздерінің не себепті осындай пробелемаға тап болғандарын көріп, әрекетке, яғни дағдыларын дамытуға көшеді.

«Т-кестесі» тәсілі негізінде «Сегіз аяқ» өлеңімен жұмыс жасалды. Т-кестесі - бір - біріне қарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», «басы/аяғы», «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Бұл тәсіл арқылы білім алушы өзара ұқсас немесе алшақ пікірлерді, ойларды салыстырып қарауға, тереңге үңілуге дағдыланады. Атап өтпеуге болмайтын жайт, салыстыру барысында оқушылар қосымша ақпараттармен де танысатын болады (нақты қарастырылған жағдайда, мәселен, ұқсас екі өлеңнің барын біліп, ұйқас, буынға назар аударады) . Бұл тікелей танымға, шығармашылыққа әсер етеді.

Жай ғана сөйлеу немесе жазу жеткіліксіз. Кез келген адам белгілі бір қоғамда өмір сүретіндіктен коммуникацияға, қарым-қатынасқа түспей қоймайды. Сондықтан, диалогты қолдау, полемикаға араласу немесе өзге де мақсаттар барысында сауатты сұрақ коя білу де аса маңызды. Осы ретте «оңай және қиын сұрақтар кестесі» арқылы оқушы дұрыс, маңызды сұрақтар қоюды үйреніп, болашақта түрлі пікірсайыс, симпозиумдарда өзінің сауалдарын, ойын ашық жеткізуге машықтанады.

«Қос жазба күнделігі» тәсілін пайдаланудың көмегімен оқырман танысқан мәтіннің әрбір бөлігіне мән береді, қорытады. Ең бастысы, әдіс оқушының материалға байланысты қосалқы пікірлерін туындатады. Біздің тарапымыздан жаңа ойлар жазу барысында пайда болды. Бірінен кейін бірі үздіксіз төгіле берді. Бұл аталмыш тәсілдің сөзсіз, жазылым дағдысын дамытуға сеп болатындығының айғағы.

«Данышпан үкілер» тәсілімен «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен жұмыс жасалды. «Данышпан үкілер» тәсілі жаңа ұғымдарға, белгілі/белгісіз ақпаратқа назар аударуға бағытталған [7] . Тәсілдің түрлі сұрақтары білім алушыны ойландырады. Сонымен қатар, иллюстрациялау арқылы кескін, ассоциация шығаруды қалыптастырады. «Өнеге көрсетерлік қорытындыда» тапсырманы орындаушы қосалқы ақпараттарға да сүйенеді (Он тоғызыншы қара сөз) . Пікір таластыруға тұрарлық тақырыпты анықтай отыра оқушы сын тұрғысынан ойлап, өз қарама-қайшы пікірін білдіреді. Бұл өте маңызды. Себебі, барлығына келісе беретін адамның ешқашан да өз ойы болмайды. Ал, адамның өз ойы болмаса, айтуда да, жазуда да небір қиындықтар туындайды. Сондықтан, тәсілдің маңызы айрықша.

«Диалог - тек алма-кезек сөйлесу емес, ол ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы», - деп Әбділдә Тәжібаев айтқанындай, білім алушылар талданған тәсілдер арқылы жұмыс жасаса, сыни көзқарастарын білдіреді, сөздік қорларын байыта түседі, тілге тиек етіп отырған жазылым дағдыларын дамытады, одан әрі сөйлесу барысында да бұл өз септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz