МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Құқықтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
с.ғ.д.
___________ А.А. Бухаева
____________________

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ МЕХАНИЗІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ

Мамандығы 5В030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған. Тұрсын Н.М.

Ғылыми жетекші. З.ғ.к. Жұмабаева К.Ж
Көкшетау, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ - МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ
БІРТҰТАС ЖҮЙЕСІ

1.1
Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

1.2
2
2.1
Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ОРГАНДАР
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, олардың мiндеттерi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ - МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БІРТҰТАС ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазакстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы[1] Заңның екінші бабында: Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы кажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуның демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі[2].
Билік бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы - қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.

Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар; 2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеггік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қояды да, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 23 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы), Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламентгің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1-тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы Наурыздың 4-дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің екімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді қараудың жариялығы принциптерінің негізінде құрылады[3].
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауызымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа теменгі соттарға тағайындалатын қызметкерлердің Әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы, заң күші бар, Жарлығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты - Конституциялық заңдылықты қорғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді және кейбір сұрақтарды қарайды. Конституциялық Кеңес нормативтік қаулыларды қабылдайды.
Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жургізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық прокуратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасының прокуратурасынан, облыстық, аудандық, қалалық, әрі соған теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралардан тұрады. Бас Прокурорды Сенаттың келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оның құзыреті: Конституцияның заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады. Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Республиканың Конституциясы мен заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды және заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау жалпы және ерекше қадағалауға бөлінеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Президенттің жарлықтарына, Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық қадағалау анықтама және алдын-ала тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткізеді. Соттарда іс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізеді. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау прокурорлық құзыреттің тағы бір түрі.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғарғы тұрған прокурорларға және ҚР Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас жүйесін құрайды. Ол өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Прокуратураның құқықтық актілері былай бөлінеді: қадағалау актілері (наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, ұсыным, заңға түсіндірме); ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер) және прокурордың бұйрықтары, ережелері мен нұсқауларды бекітеді.
1995 жылы Конституция ауқымында және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құқықтық реттеудің жетілдіру мен жедел іздестіру қызметтерін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар - ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы; Қаржы министрлігінің салық қызметінің органы және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет комитеті болып табылады. 25 желтоқсан 1995 жылғы - Президенттің жарлығымен бұл органдардың қатарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік қызмет
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері
ҚР-ҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
Мемлекеттік аппарат
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері туралы
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: қазіргі жағдайы және даму барысы
Пәндер