АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ

Ақыт қажының шығармашылығы мен өмірбаяны жайындағы алғашқы деректі 1898 жылы орыстың түркі тілдерін зерттеуші ғалым, профессор Н. Катановтың Деятель журналындағы Ақыт шығармашылығы туралы алғашқы арнайы мақаладан кездестіреміз [Н. Катанов. журнал Деятель, 1898г., №8-9 сан., 429-430б].
Ақыттың шыққан тегі Абақ қерейдің он екі атасының ішіндегі аса ірі ру санала бермейтін молқы руы. Әкесі Үлімжі де, анасы Жібек те қапарайым ауыл адамдары болған. Бұл кезең Алтай аймақ болып тіке Пекинге, Манжурлік Цин билігіне қарған кезең. Осы XIX ғасырдағы қазақтар Қытай, Мәнжүр секілді бөтен ұлт, бөгіде діндегілер билік құрған қоғамдық ортада өмір сүрді. Олар осындай қоғамдық ортаға сіңісіп, жоқ болып кетпеудің жолдарын қарастырды. Яғни, өздерінің ұлттық ерекшелігін, тілін, дінін және дәстүрлі мәдениетін сақтап қалудың бірден-бір жолы - ұлттың оқу-ағартуды дамыту деп білді. Осы білім беруді діни оқу-ағартудан бастады. Осылайша Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар оқу-ағарту жүйесін, білім беру ісін алғаш діни оқу-ағартудан бастаған еді. [Қ. Оспанұлы. Іле қазақ автономиялы облысы. Ағайын. - Алматы, 2000., 251-б].
Тарихшы, ғалым Қабимолла Мәнжібаевтің Қазақ оқу-ағарту тарихынан қысқаша деректер деген еңбегінде: Шығыс Түркістандағы қазақтар мекендеген өңірлерде медреселі мешіттер XIX ғасырдың екінші жартысының соңынан бастап салына бастаған. Бұған Алтайдың Сары терек деген жерінде 1870 жылы салынған Жота қажы медресесін айтуға болады. 1920 жылы Іле ауданында Тоқжан медресесі салынған, - деген дерек кездестіреміз [Қ. Мәнжібаев. Қазақ оқу-ағарту тарихынан қысқаша деректер. - Үрімжі: Халық, 1998.. 122,168-б].
1827 жылы Алтай молдалары арасында беделді Мұхамет Момын (оқымысты Шаһи Мансур ұлы) Алтайдағы Қожамжар төре ауылында төре бейіті деген жерден үй салып, жанынан медресе ашып, бала оқытады. Кейіннен бұл медресенің орнына мешіт салдырады. Оның сыртқы көрінісіне қарап халық сары мешіт деп атап кетті. Мұхамет Момын атқарған қызметтерінің арқасында қазылық қызметіне көтеріледі. Осылайша Алтайда тұңғыш ислами үкім шығаратын қазылық билік жүйесі орнайды [Н. Мыңжани. Ислам дінінің қазақ халқына таралуы Шынжаң қоғамдық ғылымдары журналы. 1990. №1. 25-26 б.]
Бұл медреседен көптеген дін және қоғам қайраткерлері тәлім алып шыққан. Олардың бірі Алтай және Моңғолия қазақтарына бірдей әйгілі, өз заманының бетке ұстар зиялы азаматы, ақын, діни қайраткер Ақыт қажы Үлімжіұлы. Ақыт жастай немере ағасынан Құран сауатын ашқан. Кейіннен сол кездегі молқы руының үкірдайы Жуанған (Жотақажы) ауылында, Бұхарадан келген Махбубулладан араб, парсы, түрк тілдерін үйренумен бірге, шариғат ережелері аталатын фиқһ ғылымын да игеріп шығады
Ақыт- қазақ руханиятында исламдық бағытты көтерген, ислам тарихын, пайғамбар-сахабалар тарихын назиралық жолмен жырлаған ұлы тұлға. 1868 жылы Қазіргі Қытай халық Республикасына қарасты Алтай қаласы, Көктоғай ауданында туылған. Алғашынла Немере ағасы Садық Жебенұлынан, сосын ауыл модасы Ғұсманнан оқып, мұсылманша сауат ашқан. Кейін Жуанған үкірдайдың қолында көмекші болып жүрген Ақыт Бұқарадан келген оқымысты Мырзабахыдан (Махбубулла) тәлім алады. Аса білімділігі және алғырлығымен көзге түскен Ақыт отбасы жағдайына байланысты көп оқи алмайды. Бұл туралы ақын:
Пақыр ақыт сөйлейді әрбір тұстан,
Жаста түркі танытты молла Ғұсман.
Садық аға үйретті әліпбиді,
Танытты хат-қағазды асығыстан.
Ержетіп дамолладан алдым сабақ,
Исімі дүр Махбубулла асыл талап.
Бұхардың ақсүйегі дәл өзінен,
Шығады демі сайын ғылым тарап.
Қысқа жіп күрмеуге еркін жетпеген соң,
Тоқталды тойым бермес қайран сабақ...- деп толғайды. [ ].
Жалпы, Ақыт Үлімжіұлының баспа беттерінен жарық көрген еңбектер санының қанша екендігі белгісіз. Деректерге негізделгенде нақты баспадан шыққан еңбектер саны - тоғыз.
1. Жиһаншаһ (дастан), 1897 жылы, Қазан баспасы;
2. Қисса-и Жиһаншаһ Тамузшаһ оғлы (дастан). 1901 жылы Қазан баспасы;
3. Қисса-и Сәйпілмүлік (дастан). 1895, 1909, 1914. Қазан баспасы;
4. Қисса-и Ғабдімәлік (дастан), 1902, 1904, 1909
5. Тәржімә-и Ақыт уәләд 1897 жылы, Қазан университті баспасы
6. Ахуал-и қиямет (нәсихаттық толғау)
7. Қисса-и Манақыб нуран ғазизан . Қазан университеті баспасы
8. Әбият ғақдия (Ғибырат жыр), 1909 жылы
9. Керей ишаны - Мұхаммед мүмін, Қазақ Совет энциклопедиясы. (Ғ. Ақытұлы. Ақыт Үлімжіұлы. Алматы, Мұсылман баспа үйі, 2008ж.137б., 45б).
Жалпы, ақын Ақыттың діни дүниетанымы мен діни ұстанымын зерделегенде, Ақыт Үлімжіұлының
Ақыт Үлімжіұлы - нақшбанди тариқатының биік өкілі
Ақыт Үлімжіұлының діни сенімі зерттелмеген тың тақырып. Ақыт әлемі де тәуелсіз қазақ елі үшін жасырын, жұмбақ әлем. Қазақ ұлтының дара тұлғалары қатарына жататын Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығын осы күнге шейін көбінесе филологтар, әдебиеттанушылар зерттеп келді. Алайда оның діни тұлға ретіндегі сипаттамасы әлі берілген жоқ. Діни өлеңдер мен толғаулар жазып, бүкіл өмірін қазақ руханиятына арнған ақынның негізгі мақсаты- адамдарға барлық нәрсені Алла разылығы үшін жасау керектігін дәріптеу, рия және көзбояушылықтан алыс, көркем мінезді адам болуларына ықпалын тигізу, менмендіктен, өзін жақсы көру және өркөкіректіктен құтқару болған. Осылайша исламның таралуына іс жүзінде қызмет еткен ақынның дүниетанымы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге ұмтылатын тариқат жолында екенін оның әрбір шығармаларынан байқауға болады.
Жалпы, Тариқат - ислам сопылығының ең маңызды жолы. Тариқат ұйым емес. Сондықтан оған мүше болу деген бос сөз. Ислам сопылығының мақсаты Аллаға ұласу, шынайы мұсылман болу, кемел адам мәртебесіне жету болып табылады. Бүкіл тариқаттар хазіреті Әли мен хазіреті Әбу Бәкір жолымен пайғамбарымыз (с.ғ.с) ға барып ұштасады. Хазіреті Әли жолындағы тариқаттарда зікірдің ашық дауысты түрде болса, хазіреті Әбу Бәкір жолындағы тариқаттарда жасырын түрде жасалынады. Айырмашылық осы жерде басталады. Мысалы, Бекташия, Маулауия, Рафиғаия, Кадария, Яссауия осы хазіреті Әли жолындағы тариқаттар, Нақшбандия болса хазіреті Әбу Бәкір жолындағы тариқат [Файзулла Г.Ф. Сұлтан Велед көзқарасындағы дүниетанымдық және моральдық негіздер: ф.ғ.к; 09.00.03.ХКТУ.- Түркістан,2010 , 47-48-б].
Орта Азияда сопылық тариқаттар ХII-ХVII ғасырлар арасында пайда болды. Түркістан, Бұхара қалалары сопылық ілімнің түркі, парсы тілдес халықтардың арасында таралуында зор роль атқарды. ХV ғасырда Яссауия тариқатының орнына басқа, яғни Нақшбандия тариқаты келді [Байтенова Н.Ж. Қазақстандағы діндер. Оқу қуралы.Сопылық. - Алматы: Қазақ унверситеті, 2011.-244 б.б., 183,185-б].
Ақыт шығармашылығында тариқат туралы, оның ішінде де нақышбандия тариқаты туралы арналған арнайы өлеңдер көптеп кездеседі. Айталық, Камал пір мүршид Нақшбанда ахуалы деген өлеңі Ақыт шығармашылығындағы шоқтығы биік өлеңдердің бірі. Қытайда басылған ақын шығармаларының 2 томында бұл өлең толығымен беріліп, өлеңнің соңына 1902 жыл деп жазылған. Демек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz