Маркетинг зерттеулердің қоғамға әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Маркетинг зерттеулердің қоғамға әсері қандай түсіндіріңіз.
Маркетингті зерттеу бойынша қызметтің Халықаралық Кодексіне сәйкес мұндай жұмысқа тұтынушылар, тауарлар және қызмет түрлері нарығына қатысты өз еркімен алынған ақпаратты объективті жинау және талдау кіреді. Маркетингті зерттеу таза бәсекелестіктің жалпы қабылданған принциптеріне, сонымен бірге жалпы қабылданған ғылыми әдістерге негізделген стандарттарға сәйкес жүргізілуі керек.
Маркетингті зерттеу көмегімен алынған мәліметтер өндірушілерді, жабдықтаушыларды, делдалдарды тұтынушылардың қажеттіліктері, көзқарастары, дағдылары туралы ақпараттауға негіз болады. Нәтижесінде кез келген маркетингтік зерттеудің табысы қоғамда қалыптасқан оған деген сенімге байланысты болады.
Маркетингті зерттеу процесіне талап етілетін мәліметтерді беретін ақпараттаушылар (информатор), маркетинг бойынша мамандар (орындаушылар) мен тапсырыс берушілер қатысады.
Ақпараттаушылар ролінде тікелей тұтынушылар, мамандар, сарапшылар болуы мүмкін. Көп жағдайда ақпараттаушылардың аты-жөндері аталмайды, бұл олардан шынайы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, ақпараттаушылардың көзқарасын өзгерту мақсатымен әсер ету немесе күштеп мәліметтерді алу сияқты әрекеттерге жол берілмейді. Өндірістік шпионаж, алдау арқылы алынған мәліметтерді маркетингтік зерттеу деп қарастыруға болмайды.
Тапсырыс берушілер мен орындауышлар арасында белгілі бір тәртіп қатаң сақталуы керек. Яғни, орындаушы өз мүмкіндігінен асыра сілтеп, тапсырыс берушіні адастырмау керек. Ол тапсырыс берушінің ниетін, ойын және оған беретін зерттеу нәтижелерін басқа адамдарға және ұйымдарға бермеуі керек. Тапсырыс берушінің алдын ала келісімінсіз орындаушы зерттеуді жүргізу шарттарына өзгеріс енгізе алмайды. Тапсырыс беруші өз кезегінде алынған нәтижелерді дұрыс түсінбеушіліктің болмауы үшін барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауы керек. Тапсырыс беруші де және орындаушы да зерттеуде қолданылған немесе зертеу үшін арнап жасалған әдістемені тек өздері үшін қолдануға құқықтары болмайды.
Маркетинг облысындағы зерттеулер жалпы ғылыми принциптер мен әдістерге, соның ішінде зерттеушілерге қойылатын жалпы талаптарға негізделеді. Зерттеуші:
· объективті болуы керек, алынған фактілердің интерпретациясына әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәнінен дәрістер
Стратегиялық жоспарлау процесі
Интернеттегі PR-технологиясы: портретке берілген ерекшелік
Маркетинг пайда болуының және дамуының алғы шарттары
Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Кәсіпорынды маркетинг басқару жүйесінің отандық тәжірибелері
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Нарықтық экономикадағы баға және оның экономикалық категориялармен байланысы
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Пәндер