Septoria, Alternaria және Drechslera фитопатогенді саңырауқұлақтарының ауруларының таралу ерекшеліктері, зияндылығы және олармен күресу жолдары
ӘОЖ 632.934.1
б.ғ.к., аға оқытушы Атаева Г.М.,
магистр Төребекқызы Д.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті, Ақтөбе қаласы

Астық дақылдары Қазақстанның өсімдік шаруашылығы саласында жетекші орын алады және стратегиялық шикізат болып табылады. Осыған байланысты астықтың және оның өңделген өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары өзекті болып қала береді.
Бидайдан мол өнім алу себілетін тұқымның сапасына, сорттарды өсіру агротехникасына, жергілікті жердің экологиялық жағдайына, сонымен қатар сорттардың ауруға төзімділігіне тығыз байланысты.
Астық жиымында, дәнде микроорганизмдер көп кездеседі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы және дән байлануы микроорганизмдердің өніп-өрбитін кезінде өтетіндіктен кез-келген дақыл дәні мен тұқымында микроорганизмдер көп болады.
Фитопатогенді микроорганизмдер тудыратын аурулар көптеген дәнді-дақылдардың "бәлесі" болып табылады: ауыл шаруашылық өнімдердің өнімділігін ғана емес, сапасын да төмендетеді.
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы мен олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым . Оның атауында гректің үш түрлі сөзіне шыққан : phyton- өсімдік, phatos-ауру, logos-сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады.
Әлем нарығында Қазақстанның бәсекеге қабілетті бидай өсіру қажеттілігіне байланысты септориоз, қара ұрық, сары дақ ауруларын туғызатын бидай дәндеріндегі фитопатогенді Septoria, Alternaria және Drechslera саңырауқұлақтарының таралуы мен зиянкестігін зерттеу және алынған мәліметтерді жұмсақ бидайдың ауруға төзімді сорттарын шығаруға ұсынудың маңызы зор[1].
Септория саңырауқұлағы Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары, Sphaerropsidaeae тұқымдасы, Septoria туысына жатады.
Үлкен экономикалық шағынға әкелетін аурулардың бірі - септориоз. Септориоз - Septoria туысына жататын саңырауқұлақ тудыратын астық дақылдарының ішінде кеңінен таралған аурулардың бірі. Бұл аурумен күздік және жаздық бидай дақылдары зақымданады. Соңғы ғылыми нәтижелер бойынша, мысалы, СІММҮТ орталығының ғылыми жобаларында белсенде жұмыс атқарып жүрген өсімдік қорғаудың білікті маманы Etienne Duveiller Septoria nodorum саңырауқұлағы тудыратын ауру қоңырбас тұқымдастарында кеңінен таралған, әрі дақ ауруларынан кейін екінші орын алады деп саналады.
Қоздырғыштың бірінші түрімен өсімдіктіктің барлық мүшелері зақымдалады, екінші қоздырғыш жапырақтар мен қынаптарды залалдайды. Көктеу кезіңінен бастап ақшыл немесе қара-қоңыр жиегі бар сұр түсті сопақша дақтар пайда болады, кейін дақтар тұтасып жапырақ қурайды. Залалданған ұлпа түссізденіп кеуіп қалады. Онда дақтар - аңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Ауру ортаңғы жапырақтарға, одан әрі жоғары жағына, кейін масаққа тарайды .
Қоздырғыш өсімдік қалдықтарында, тұқымда сақталады өсу кезеңінде ауру желмен тарайды, жаңбыр тамшысы немесе шық аурудың дамуына қолайлы жағдай тудырады. Септориоздың таралуына зақымданған өсімдік қалдықтарының болуы, азотпен қажетінше қоректенбеуі, әлсізденбеген немесе жиі орналасқан егістер, арамшөптермен ластану мүмкіндік туғызады. Септориоз жауын-шашын көп болған жылдары қатты дамиды.
Септориозбен өсімдіктің барлық мүшесі әр түрлі мөлшердегі ақ шегір, сұрғылт-қоңыр және қоңыр дақтардың дамуымен зардап шегеді. Бидай ауруының алғашқы белгілері қоңыр сызықтар пайда болады.
Septoria nodorum бидайдың және арпаның сеториоздарын қоздырушысы.
Дәнді дақылдарда Septoria туысына жататын 15 шақты микроскопиялық саңырауқұлақтар паразитті тірішілік етеді. Олар бір-бірінен морфологиялық-мәдени қасиеті және мамандану жағынан ерекшеленеді. Ал Қазақстанда 5 түрі паразитті тіршілік етеді, олардың ішінде ең көп таралғандары Septoria nodorum және Septoria tritici.
Зақымдалған жапырақта және сабақта күңгірт жиктермен және қара кішкентай пикнидалармен ақшыл, сары және ақшыл-қоңыр дақтар пайда болады. Қолайлы жағдайда зақымдалған өсінділерден және өсімдік қалдықтарынан басқа да жапырақтар зақымданады. Пикнидтер өсімдік сабағында сирек кездеседі. Түйіндерінде септориозбен зақымданғанда майда қоңырқай, ақырындап түссізденетін дақтар көрінеді. Сабақтары қоңырқайланып, тыржияды және жиі майысады. Масақ зақымданғанда масақтың қабағында дақ пайда болады, нәтижесінде масақ ала-ала немесе қоңырқайланады. Зақымдалған масақтан тұқымға өтіп, тұқым солғын және әжімді қалыпқа енеді. Тұқым зақымданғанда онда бұлыңғыз қоңыр дақтар пайда болады.
Септориоздың зияндылығы жылдан жылға өсіп келеді. Зақымдалған тұқым дұрыс өңбейді, сондай-ақ өсімдікті дәрілемесе, астық өнімділігі төмендейді. Тамырының салмағы 30-50 %-ға азаяды. Әсіресе ауру масақтану және гүлдену кезеңдерінде зиянды, неғұрлым осы кезеңдер тез өтсе, соғұрлым егінге залалы азаяды. Жапырақтар ерте зақымданған жағдайда масақтағы дән саны күрт қысқарады, сонымен қатар, масақ зақымданғанда 1000 дәннің салмағы күрт азаяды.
Бүгінгі таңда септориоз ауруы егіс алқабына зиянкестігі жағынан бірінші орында тұр. Соңғы 12 жыл ішінде ол бес рет қайталанады. Оның өрши түсуіне өткен жылдың ауа райы да қолайлы болады. Әсіресе, бұл аурудың Septoria nodorum мен Septoria tritici түрлері жиі байқалуда.
Соңғы жылдары осылайша бұл егістік зиянкесі үлкен мәселе тудырып отыр. Septoria tritici жапыраққа түскенде сарғыш қоңыр жолақты дақтар немесе ортасы сұр-боз болып келген қара-қоңыр дақтар түрінде байқалады. Дақтар баяу кірігіп некротикалық жолақтар құрайды. Ал, Septoria nodorum жапыраққа түскенде оның некрозы мен хлоротикалық дақтардың аурудың ерекше түрінде байқалады. Өсімдіктің жапырағы, сабағы, масағы мен дәніне зақым келтіреді. Соның салдарынан жапырақтар өледі, сабақтың буынаралығы мен масақ қабыршығы зақымданады. Сондай-ақ өсімдіктің фотосинтетикалық белсенділігін төмендетіп, вегетациялық кезеңін қысқартады. Ауруға шалдыққан өсімдік дәндері өнімділігінің нашарлауы негізінен масақ дәнділігінің төмендеуінен болады. Бұл жұқпалы ауру аңыздық өсімдік қалдықтарында сақталып, келесі жылдың көктем мен жаз айларында пикнидалар мен пикноспоралар көп түзіледі. Ауру тұқым арқылы да жүғып, астық пен барлық өсімдіктерде сақталады.
Септориозда жапырақтың ассимиляциялық кеңістігі кішірейеді, масақтың жетілмегендігі байқалады.
Сабағы мен оның түйіндерінің зақымдалуы өсімдіктің жатып қалуына әкеледі [2].
Альтернариоз - Alternaria тұқымдасының жетілмеген саңырақұлағы тудыратын жаздық бидайдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz