Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмді дамытудың теориялық аспектілері

1.1
Тұрақты туризмді дамытудың концепциясы мен пайда болу тарихы

1.2
Тұрақты туризмді дамытудың негізгі прициптері мен қағидаттары

1.3
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі

2
Қазақстан Республикасындағы тұрақты туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту қажеттілігі (Zhan Travel турфирмасы мысалында)

2.1
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмнің қазіргі жағдайы

2.2
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау

2.3
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту перспективаларын талдау

3
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмду дамыту болашағы мен жетілдіру жолдары

3.1
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмді дамыту жолдары мен болашағы

3.2
Қазақстан Республикасында тұрақты туризмнің дамуының жаңа технологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

1. Қазақстан Республикасында тұрақты туризмді дамытудың теориялық аспектілері

1.1. Тұрақты туризмнің дамуының концепциясы мен пайда болу тарихы

Бүгінгі күні туризмді басқарудың әлемдік тәжірибесінде туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың басты мақсаты - халықтың әл- ауқатын арттыру үшін жағдай жасау. Өз кезегінде, әл-ауқат экономикалық, әлеуметтік, экологиялық ортаның сапасымен анықталады.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас ассамблеясы 1985 жылы қабылдаған құжаты - Туризм Хартиясы және турист кодексі бойынша жергілікті тұрғындар туристік ресурстарға ие бола отырып, мәдени ортасы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек. Кодекс туристерден олар барған жердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне құрметпен қарауды талап етеді. (І)
1989 жылы сәуір айында туризм жөніндегі парламентаралық конференция Гааг декларациясын қабылдады. Мұнда туризм және қоршаған орта арасындағы терең өзарабайланысты нығайту мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Ескертпе - мәліметтер (ІІ) негізінде автормен құрастырылған

Сурет 1. Туризм және қоршаған орта арасындағы терең өзарабайланысты нығайту шаралары

Ал 1992 жылы Бразилия мемлекетінің астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында тұрақты даму концепциясы одан әрі расталды. ХХІ ғасыр күн тәртібі (Agenta 21) атты бағдарламалық құжат қабылданды. Туризм бұл құжатқа бөлек тақырып ретінде кірмеді, бірақ оның қоршаған ортаның, мәдени және табиғи мұралардың сақталуына әсерімен қоса тұрақты дамуға қол жеткізуші әртүрлі ұйымдардың бірігуі
1995 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO), Дүниежүзілік Кеңес (WTTC) пен Жер Кеңесі (Earth Council) қабылдаған Туризм және саяхат саласы үшін ХХІ ғасыр күн тәртібі атты құжат құрылып қабылданды. Бұл құжатта тұрақты туризмге келесідей анықтама беріледі: Туризмнің тұрақты дамуы қазіргі кездегі туристердің және туристерді қабылдайтын жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып болашақта мүмкіндіктерін арттырады. Қолда бар барлық ресурстарды басқару экономикалық, әлеуметтік және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, мәдени тұтастылықты, маңызды экологиялық процесстерді, биологиялық әртүрлілік, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін сақтау негізінде жүргізілуі қажет. Тұрақты туризмнің өнімі - бұл жергілікті ортамен, қоғаммен, мәдениетпен келісімде бола отырып туристік дамуға зиянын емес, пайдасын алып келетін өнім (І). Демек, экономика, экология және әлеуметтік даму тұрғысынан оң жиынтық әсері ең көп туристік қызмет түрлері ең тұрақты болып табылады.
Туризм және саяхат саласы туризмнің тұрақты дамуының мәдениетін пайдалана отырып, бұл сала әсер ететін барлық орталықтар мен елдердегі экологиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайларды жақсартуға әсер ету әлеуеті жоғары сала болып табылады. Ол келесілерден тұрады:
қарқынды тұтыну мәдениетін ақылға қонымды өсу мәдениетімен алмастыру;
экономикалық және экологиялық даму факторларын теңестіру;
туристер мен жергілікті халық арасында ортақ мүдделерді табу;
алынған пайданы барлық қоғам мүшелеріне бөлу, әсіресе, кедей санатына жататын халыққа.
Туризмдегі тұрақтылық экологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық туризм әсері, сонымен қатар келушілердің бір-біріне оң әсері арасындағы ортақ оң балансты білдіреді. Қазіргі таңда туризм халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарда жетекші орында және тез дамып келе жатқан әрі жоғары табысты салалардың бірі. Саяхаттау әдістері мен формалары өзгеруі арқылы туризмнің жаңа түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, ақпаратты алудың сан алуан тәсілдері бар қазіргі уақытта туристер өз кезегінде саяхаттау процесіне көптеп араласуда. Туризм дамуының жаңа әлемдік тенденциялары ішінде туризмнің тұрақты даму концепциясы ерекше орын алады.
Тұрақты даму концепциясы туризмнің дамуына қарқынды әсер етуші тұтынушылардың өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен қабылдаушы дестинациялардың экологиялық ортаның нашарлауы жағдайында табиғи, әлеуметтік, экономикалық ресурстардың шектеулі саны арасында өсіп келе жатқан қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Туризмнің тұрақты дамуына түрлі факторлар әсер етеді. Олар іштей және сырттай әсер етеді. Сыртқы (экзогенді) факторлар негізінен экономикалық тұрғыдан және әлемдік жағдайға байланысты әсер етеді. Ал ішкі (эндогенді) факторлар елдегі туристік жағдайға байланысты оның түрлі көрсеткіштері мен қызмет көрсету деңгейінің өзгерісі арқылы өз ықпалын тигізеді.

Ескертпе - мәліметтер (ІІ) негізінде автормен құрастырылған

Сурет 2. Туризмнің тұрақты дамуына әсер етуші факторлар

Туристік индустрияны және қызметті тұрақты дамыту кезінде көзделетін негізгі мақсат - туризмнің теңгерімді дамуы. Бұл мақсатқа жету барысында экономикалық даму, жергілікті халықтың саулығы, мәдениеттің дамуы, қоршаған орта мен табиғатты қорғау, туристердің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру секілді факторлардың бір-біріне қарсы келмеуі ескеріледі.
Тұрақты даму концепциясы өзіне экономикалық, әлеуметтік және қоршаған орта үшін жауапкершілік факторларын біріктіреді. Осылайша, туризмнің тұрақты даму концепциясы туристік қызмет саласына мүдделі тараптардың кең қатысуын қамтамасыз ету мен консенсусты қалыптастыру үшін күшті саяси басшылықтың саналы қалыптасуын талап ететін күрделі жүйесін қалыптастырады. Туризмнң тұрақты дамуын қадағалаушы басшылық туризмді тұрақты дамыту процесінде пайда болған экологияяға, экономикаға және әлеуметтік дамууға әсер ететін шаралардың тұракты мониторингін, қажет болған жағдайда олардың алдын алу немесе түзету шараларын қабылдауды жүзеге асырып отырады.

Ескертпе - мәліметтер [5] негізінде автормен құрастырылған

Сурет 3. Тұрақты даму концепциясы

Тұрақты даму концепциясын құрастырушы әрбір фактор өзіне бірнеше мәселерді кірістіреді. Экономикалық дамуға инновациялардың даму, экспансия, тұрақты табыс, бизнес әдебі, жұмыспен қамту, қауіптерді басқару аспектілері кіреді. Әлеуметтік дамуға коммерциялық емес ұйымдарды инвестициялау, жергілікті халықтардың мүдделерін қорғау, адам құқықтарының қорғалуы жатады. Ал қоршаған орта үшін жауапкершілік факторына экологияны қорғау, жасыл концепция, флора мен фауна қауіпсіздіктері секілді аспектілер жатады.
Туризмнің тұрақты даму концепциясына сәйкес тек туризмнің дамуына жағдай жасап қана қоймай, ол процестің салдары туралы да ойлану қажет. Яғни, туризмнің дамуынан келетін теріс салдарды азайта отырып, оң әсерін барынша тиімді пайдалану керек. Алдымен жергілікті халықтың өмір сүру ортасы мен еңбек ету жағдайларына аса назар аудару қажет. Яғни, ең бірінші, туризм дамуының әлеуметтік және экологиялық салдарын ескеру керек. Мемлекет жүргізетін саясаттағы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттардың бірлігі туристік саланың жетістігінің кепілі болып табылады.
Туристік индустрияның тұрақты даму концепциясы туристік-рекреациялық бағытта табиғатты пайдалануды оңтайландырумен идеологиялық тұрғыда байланысты. Ол арқылы туристік-рекреациялық әлеуеті жоғары территорияларды пайдаланудың кешенді әрі жүйелі тәсілі мен моделі таңдалады.
Бүгінгі таңда тұрақты даму концепциясы өңірлік даму стратегияларының басым көпшілігіне енгізілгендіктен, бұл термин туристік дестинацияларды көтеру, туризм саласымен қатар әлемдік тұрақты туризмді дамыту бағдарламаларында да көрініс табады. Осылайша, туризмнің тұрақты дамуы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұтастықты сақтауды қамтамасыз ететін және табиғи, мәдени ресурстарды сақтауға кепілдік беретін қызмет түрлерінің, туризмді басқару мен дамытудың барлық нысандарының тұтастығымен анықталады.
Ал туризмнің тұрақты даму концепциясы тек мемлекеттердің экономикалық дамуы мен оның көрсеткіштерінің өсуін ғана емес, оған қоса туристер мен оларды қабылдаушы жергілікті тұрғындардың өмір сапасының тұрақты жақсаруын қамтамасыз етеді.

1.2. Тұрақты туризмді дамытудың негізгі прициптері мен қағидаттары

Бүгінгі күні тұрақты туризм терминінің нақты анықтамасы жоқ. Себебі, ол түгіл тұрақты туризм терминінің өзі әлі де болса толықтай нақтыланбаған. Қолда бар анықтамалар өте шашыраңқы болып келеді. Бұл терминге әлі де болса қысқа әрі түсінікті анықтаманы ешкім бермеген. Негізінен, туризмнің тұрақты дамуы, тұрақты туризм, туризмдегі тұрақтылық түсініктерін қазіргі кезде түрлі әдебиеттерде синонимдес түсініктер ретінде қарастырады. Бұл дұрыс емес, яғни оларды бір-бірінен ажырата білген жөн.
Туризмнің тұрақты дамуы - туристік ресурстарды және жан-жақты серіктестікті ұтымды пайдалана отырып, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени даму мақсаттары арасында ұзақ мерзімді баланс орнаған, барлық мүдделі жақтардың (туристер, қабылдаушы және жіберуші дестинациялар, жергілікті халық) мәселелері қарастырылған туристік даму.
Тұрақты туризм - қоршаған орта ресурстарын тиімді пайдалана отырып, қабылдаушы халықтың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері сақталатын, ұзақ мерзімді экономикалық процесстердің эффективтілігі қамтамасыз етілетін туризм түрі. Сонымен қатар, бұл туризм түрі түскен қаражаттың бір бөлігін міндетті түрде туристік ресурстарды қайта қалпына келтіруге және туристік қызметтерді ұсынуда қолданылатын технологияларды одан әрі жетілдіруге бөледі.
Туризмдегі тұрақтылық - туристер мен жергілікті халықтың бір-біріне оі әсер ете отырып, туризмге әсер етуші экологиялық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық факторлардың жалпы оң балансын сипаттайтын ұғым.
Қазіргі кезде әрбір туризм түрін одан әрі тұрақты етуге күш жұмылдырған жөн. Туризмнің тұрақты даму нормалары мен тәжірибесін барлық дерлік туризм түрлеріне қолдана беруге болады. Осылайша, туристік индустрияның теріс әсерін азайта отырып, туристік саланың оң әсерін тиімді әрі максималды түрде қолдануға әбден болады.
Туризмнің тұрақты даму принциптері келесідей болып келеді:
1. Әлеуметтік тұрақтылық:
дестинациядағы тұрақты әлеуметтік және мәдени жағдайды сақтау керек. Яғни, туризмді тұрақты дамуы жағдайында әрқашан да бірінші кезекте жергілікті халықтың тұрмысы мен әлеуметтік жағдайы қарастырылып, оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Сонымен қатар, туризм саласында жұмыс істеу тартымдылығын арттыру қажет. Ол үшін еңбек шарттарын жетілдіріп, мансаптық өсу мүмкіндіктерін біліктілігін одан әрі арттыру курстары арқылы демеу керек;
туристік қызметтер халықтың барлық әлеуметтік топтарына қолжетімді болуы тиіс. Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен және жалақы мөлшері өте төмен халық топтарына барлық туристік қызметтер қолжетімді болуы керек. Ол арқылы маусымдық сұраныс қысқартылып, тұрақты жыл бойғы сұранысқа демеушілік жағдайы жасалады.
2. Экологиялық тұрақтылық:
туристік индустрияның шаруашылық кәсіпорындарында қолданылатын барлық техникалар экологияға өз залалдарын тигізбеуі керек. Яғни, қазіргі кезде әлемдік тәжірибе көрсеткендей баламалы энергия көздерін қолдану арқылы жұмыс жасайтын техникаларды, ресурстарды үнемдейтін әрі сақтайтын технологияларды қолдану қажет. Сол арқылы туризмнің басты тартымдылығын анықтаушы табиғатты сақтап қалу көзделеді;
рекреациялық жүктемелерді және рекреациялық орталықтарға түсетін антропогендік әсерді барынша азайту қажет. Яғни, рекреациялық орталықтарға келетін туристер мен демалушылар ағынын рекреациялық орталықтар бойынша тиімді бөлу керек. Бір орталыққа көп туристік ағын келіп, екіншісіне аз туристер келген жағдайда оларды теңдей бөлу жағдайын қарастыру керек. Осылайша, рекреациялық орталықтарды сақтау және оларды қайта қалпына келтіру шараларына мән берген жөн;
ерекше табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында халыққа экологиялық білім беру керек. Яғни, халыққа табиғи ресурстарды пайдалану мәдениетін үйрету қажет. Халыққа табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және сақтау жолдарын түсіндіріп, оның маңыздылығын аңғарту қажет.
3. Экономикалық тиімділік принципі:
ресурстарды үнемдейтін технологияларды пайдалану арқылы энергия, суды тұтыну және қалдықтар көлемін азайту керек. Яғни, шығындарды азайту мақсатында инновациялық және баламалы энергия көздерін қолдана отырып жұмыс жасайтын технологияларды, материалдарды пайдалану керек. Осылайша, туристік ресурстарды ұтымды әрі эффективті пайдалануға болады;
туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыру қажет. Ол үшін табиғатқа зиян тигізбейтін әрі экологиялық таза технологияларды пайдаланған дұрыс. Себебі, әлем бойынша қазір барлық елдер табиғаттың сақталуына аса назар аударып, оны барынша сақтап қалуға тырысуда. Осылайша, экологияға теріс әсерін тигізбейтін әрі сапасы жоғары туристік өнімді шығаруды көздеген жөн;
туристік ағынды тиімді басқару керек. Яғни, маусымдылықты төмендету үшін туристік ағынды кеңістік пен уақыт аясында тиімді бөлу қажет. Маусымдылықты жойып, жыл бойғы туристік ағынды реттеген дұрыс. Осылайша, экологиялық жақтан ғана емес экономикалық жақтан да тиімділікке қол жеткізуге болады;
туристік өнім мен қызметтерді сертификаттау мен таңбалауды жетілдіру керек. Тұрақты дамуды көздейтін кәсіпорындарға сертификаттау жүйесін әзірлеу әлемдік нарықтағы бәсекелестік жағдайында өзіндік артықшылық береді.
Туризм дамуы территорияның туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау, оның қазіргі кездегі дамуы мен туризмнің тұрақты даму индикаторларының анықталуымен негізделуі тиіс.
Туристік дестинацияның тұрақты даму индикаторлары туристік саланың дамуын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлардың талдауымен тікелей байланысты. Индикаторлар әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ, оларды пайдаланудың басты мақсаты - зерттелінетін территория мен туристік бизнес үшін туристік индустрияны дамытудың қауіптерін талдау.

Ескертпе - мәліметтер (ІІ) негізінде автормен құрастырылған

Сурет 4. Тұрақты даму индикаторлары

Индикаторлар бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. Ескерту индикаторлары - туризм, қоғам мен табиғат арасындағы болып жатқан өзгерістер жайында ескертетін және белгілі бір тенденцияларды көрсететін көрсеткіштер. Оларға келесілерді жатқызуға болады: келушілер санының төмендеу индикаторлары, туристік аумақта туристердің болу мерзімдерінің қысқаруы және т.б.
2. Шиеленіс индикаторлары - туристік аумақтарды пайдалану нәтижесінде жасырын жанжалдардың болуы мен белгіленген жүйе жұмысындағы шиеленістерді көрсетуші индикаторлар. Мұндай индикаторларға келесілерді жатқызуға болады: туристік-рекреациялық мақсатты аумақты иелену нәтижесінде су тапшылығының пайда болуы, аумақтаға қылмыстық іс-әрекеттердің өсуін көрсететін индикаторлар және т.б.
3. Шаралар индикаторлары - бұл индикаторлар келесідей көрсеткіштерге ие:
туристік-рекреациялық аумақтың заманауи даму деңгейі және оның шаруашылық құрылымындағы рөлі;
туристік-рекреациялық кешенінің табиғи, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді тұрақты дамыту
Туристік бизнес жайлы
Туризм инновациясы
Туризмдегі маркетингтік басқару
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”
Туристік өнімді жылжытудағы жарнаманың ролін анықтау және ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары
Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау
Туристік қызмет нарығын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Пәндер