Қазақстанда анимациялық мультфильмдер арқылы ұлттық құндылықтар қалай дамуда
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:

Тақырып: Қазақстанда анимациялық мультфильмдер арқылы ұлттық құндылықтар қалай дамуда?

(_______сөз)

Орындаған:

(аты-жөні, қолы)______________________

Жетекші:

Ішкі модератор:

Петропавл, 2020

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1
Қазақстандық анимацияның ағымдағы ахуалы және өзекті мәселелері кандай? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2
Отандық анимация туындыларының ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге берер мүмкіндіктері қалай көрініс тапты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3
Әлем тарихында анимация арқылы ұлттық құндылықтар мен жалпы мәдениетті дамыту тәжірибелері болды ма? ... ... ... ... ...
1.4
Ұлттық анимация сапасы мен танымалдылығын ұлғайту үшін қандай іс-әрекеттердің жасалуы қажет? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5
Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6
Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6.1
Сауалнама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.7
Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.7.1
SWOT - талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.7.2
SWOT - шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.
Рефлексия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4.
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мультипликациялық (анимациялық) фильм - бүгінде әлемде өскелең ұрпақ тәрбиесін дамытудағы басты құралдардың біріне айналды деп әбден айтуға болады. Алайда, Қазақстанда бұл сала тұралап қалған сыңайлы. Отандық арналар шетелдік анимациялық туындыларды көрермен назарына көптеп беруде. Бірақ шетелдік өнім қазақ баласына ұлттық құндылыққа сай тәрбие бере ала ма? Әлде, керісінше, кері әсерін тигізе ме? Осы және басқа да анимация өнеріне қатысты сұрақтарға жауап табу, осы салада туындаған бірқатар мәселелердің шешімін іздеу - уақыт талабы.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгін, жаһандану жағдайында, батыстық бұқаралық мәдениеттің өркендеуі аясында, ТМД елдерінің ұлттық құндылықтары мен бұқаралық мәдениеті жастар арасында құлдырау тенденциясын байқауға болады. Ал ұлттың дамуы осы ұлттың құндылықтарының дамуынсыз өте алмайды. Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жоғары мақсаттар қойып отыр. Тұңғыш Президенттің стратегиясына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі тиіс. Қойылған мақсаттарға жету үшін ұлт өзінің мәдениеттік кодын дамытуға міндетті.
Тек Кеңес Үкіметі кезеңінде ғана емес, қазіргі уақытта да телеэкранннан балаларға арналған мультипликациялық фильмдердің басым бөлігі шетелдік өнімдер екенін көріп жүрміз. Отандық өнімдер саны аз, көбісінің сапасы төмен екені көпшілікке мәлім. Қазақстандық анимация саласы дамып кете алмай тұр. Алайда, сонау алпысыншы жылдары Әмен Қайдаров атамыз негізін қалаған ұлттық анимацияны өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру құралдарының бірі ретінде қабылдау, оның қазіргі жағдайын саралап, бәсеңсуіне жол бермеу амалдарын іздеп табу керектігін көпшілік түсінетіні сөзсіз. Анимациялық туындыларға негіз бола алатын халық әдебиетіне бай ұлтпыз - оны аниматорлар қажетіне дұрыс пайдалануына үкімет тарапынан тиісті қолдау көрсетілсе ұлттық анимация әлемдік көшке ілесе алады. Сондықтан, анимация - кез-келген оқиғаны экрандарға бере алатын күрделі және көп қырлы өнер түрі екенін есте ұстай отырып, оны бүлдіршін жастан бастап асыл қасиеттерге үйрететін, балаға өз елінің тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін, халық ішінде ұлттық идеялар мен құндылықтырды тарата алатын құралдың бірі ретінде қабылдау - оны жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Зерттеу жобасының мақсаты: әлеуметтік зерттеудің түрлі әдістерін қолдана отырып, Қазақстанда анимациялық өнімдер арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту және оларды тарату жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo зерттеу мәселесі бойынша деректер жинау;
oo алынған деректерді өңдеу;
oo сауалнама жүргізу және интервью сияқты зерттеу әдістерін пайдалана отырып, мәселені шешу жолдарын анықтау;
oo зерттеу сұрақтарына жауаптар дайындау және жұмыс нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстандық анимацияның ағымдағы ахуалы және өзекті мәселелері кандай?
2. Отандық анимация туындыларының ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге берер мүмкіндіктері қалай көрініс тапты ... .
3. Әлем тарихында анимация арқылы ұлттық құндылықтар мен жалпы мәдениетті дамыту тәжірибелері болды ма?
4. Ұлттық анимация сапасы мен танымалдылығын ұлғайту үшін қандай іс-әрекеттердің жасалуы қажет?
1. Негізгі бөлім
0.1 Қазақстандық анимацияның ағымдағы ахуалы және өзекті мәселелері кандай?
Кеңес Одағы құрамындағы республикаларда ұлттық кино өнерінің қарқынды дамуы ХІХ ғасырдың 50-60-жылдарында бастау алды. Ал Қазақстандағы тұңғыш мультфильмнің - анимациялық киноның тууы мен дамуы, режиссер-аниматор, суретші және сценарист, өнерге еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмен Әбжанұлы Қайдаровтың есімімен байланысты екені баршаға мәлім - 1967 жылы экранға шыққан Қарлығаштың құйрығы неге айыр? мультфильмі әлі күнге дейін өз биігінен төмендеген емес, 48 елдің экранынан көрсетілді. Осы мультфильм жарыққа шыққан соң қазақ мультпликациясы бірте-бірте дами бастады. Құйыршық, Жанар, Күн сәулесінен пайда болған көжек, Ақсақ құлан, Қожанасыр - құрылысшы, Қырық өтірік, "Алпамыс батыр", "Айдаһар аралы", "Тапқыштар", "Бозторғай", "Үш шебер", "Қаңбақшал", "Жібек шашақ", "Қайшы", "Тігінші мен ай", "Қадырдың бақыты" атты кейін шыққан жаңа мультфильмдер де қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармаларға айналды. Ұлттық анимацияның дамуына жасалған алғашқы қадамдар осылай басталған болатын.
Бірақ, кейін, 90-жылдары, экономикалық жағдайға байланысты қазақ анимациясының қарқыны тоқырауға ұшырап, назардан тыс қалды. Тек, жекелеген аниматор мамандардың әрекетінің арқасында 2009 жылдан бастап қазақ анимациясы қайта жандана бастады. Қазіргі уақытта балалар сүйіп көретін Алдар көсе мультсериалы, Ер Төстік және АйдаҺар, Мақтаншақ қыз, Қошқар мен Теке атты мультфильмдер біршама көрермен жинады.
Қазақстандық аниматорлар қолдарынан келгенше, ұлттық анимация көшін алға сүйреп келеді. Соның бір дәлелі - бастау алған Әмен анимациялық кинофестивалі. Фестиваль мақсаты - үздік анимациялық туындыларды анықтап, аниматорларды елге таныстырып, олардың насихатын арттыру.
Соңғы нәтижелердің ішінде 2018 жылы шыққан Мұзбалақ және Күлтегін атты толықметражды 2 фильм, Balapan` арнасында 3D форматындағы 5-6 анимациялық жоба, сапалы сериалдар көрсетіле басталды. Біртіндеп туындылардың сапасы да жақсара түсті.
2011 жылы "Тачки 2""Көліктер 2" мультфильмінен анимациялық кино дубляжының тарихы басталды. Бүгін қазақ тілінде ғажайып елден келген Алиса, Золушка, Малефисента, Моана, сондай-ақ көпшіліктің сүйікті кейіпкерлері - шабандоз Найзағай Маккуин, Өрмекші-адам, Джеймс Бонд, Маугли және басқа да кейіпкерлер сөйлейді. Ал осы туындыларды сомдайтындарды - болашақ аниматорларды оқыту еліміздің үш оқу орнында жүргізіледі: Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі.
Сонымен қатар, анимация өнеріндегі жетістіктер ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қаларында көптеген анимациялық студиялардың ашылуын, ал 2013 жылы ел аниматорлары Қазақмультфильм Ұлттық анимация студиясына бірігуін, 2019 жылы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның тәуелсіздік жылдары жарыққа шығарған бірнеше анимациялық фильмдерінің Қазақфильм кино-студиясының youtube желісіндегі ресми арнасына жүктелуін атап өту қажет.
Дегенмен, шығарылып жатқан ұлттық анимациялық фильмдер әлі де аз. Балаларға арналған Балапан арнасы еліміздегі мультипликациялық кино жасайтын студияларда жасалған өнімдерді көрсеткенімен, мультфильмдердің жартысы дерлік шет елдік анимациялық өнімдер , не олардың аудармалары.
Мақтанып ел-жұртқа көрсете алатын отандық мультфильмдер неге аз? Ұлттық анимацияның дамуына не кедергі? Осы саланың кей түйткілді мәселелеріне тоқталайық:
oo еліміздің мәдени саласында эстетикалық талғамға, адамгершілікке тәрбиелеуге, отандық мәдениетке деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған балаларға арналған түрлі мәдени өнімдерді (оның ішінде анимациялық) шығару стратегиясы жоқ. Сондықтан, құндылықтар жүйесін өркендетуге тартатын мультипликациялық фильмдер, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының брендтері және "темірқазық" жобалары болуы тиіс толықметражды мультипликациялық фильмдер сәйкес студиялардың негізгі өнімдері болуы тиіс 1;
oo көрермен назарына сапалы анимациялық туынды ұсыну үшін мемлекеттік қолдау қажет. Мемлекеттің қолдауынсыз тұшымды дүние дайындау отандық аниматорлардың қолынан келмейді. Барлық жағынан (стилистикалық, техникалық, көркемдік) сапалы және талапқа сай анимациялық фильм жасау үшін қомақты қаржы қажет екенін айдан анық. Мұндай сапалы жобаларды демеушілердің санаулы қаржысына әзірлеу мүмкін емес. Оны тек мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асыруға болады;
oo елімізде мамандардың жетіспеушілігі де ұлттық анимацияның дамуына қолбайлау болып отыр. Кино саласында ауыз толтырып айтарлық режиссерлер жеткілікті болғанмен, анимация саласында Әмен Қайдаровтан кейін мықты режиссерлер жоқтың қасы - ілгері сүйрейтін маман жетіспейді. Маман қайдан келеді? Әрине, аниматорларды дайындайтын оқу орындарынан. Бүгінде еліміздегі 3 оқу орны жыл сайын салаға қажет маман даярлайды. Бірақ олардың қатарында жұмысқа жарайтыны бірді-екілі. Өйткені соларды оқытатын білікті ұстаздар жоқ. Одан кейін шетелдің оқу жүйесі көз ілестірмейтін жылдамдықпен алға озып барады. Соған ілесетіндей оқытушы болу керек. Өзі санаулы ғана оқу орнындағы білім жүйесін жетілдіріп, талапқа сай мамандардың санын арттыру - алдағы уақытта шешімін табуға тиіс мәселелердің бірі болып тұр.
oo қазақ мультфильмдерінің жарнамасы мен таратылуы нашар. Мысалы, ресейлік Маша мен аю, америкалық Disney, Warner Brosers, Pixar студиялары өнімдерінің насихатталуына қарап отырып, отандық туындылардың бәсекеге қабілетсіз болуының сыры осында екенін бірден түсінікті болады. Киім-кешекке, ыдыс-аяққа, түрлі аксессуарларға, оқушы құралдарына да солардың суретін салады, ойыншық ретінде де шығарады. Қазіргі тілмен айтқанда олар - бренд. Жақсы жарнама арқасында олардың әрқайсысы өз елінде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзіне тарап, үлкен сұранысқа ие болып жүр. Осындай жолдармен көрермендерді қызықтырып, өздеріне тартып, рейтингтік көрсеткіште үлкен жетістіктерге жетіп, өз жемісін көруде. Өкінішке орай, бізде отандық туындылардың жарнамалау деңгейі мардымсыз болғандықтан шығар, елімізде шығарылған анимациялық туындылардың қаралуы шетелдік өнімге қарағанда едәуір төмен. Оған дәлел зерттеу нәтижелері тарауында беріледі. Бізге де отандық туындылардың насихатын жоғарыда аталған шетелдік амалдармен арттыру керек шығар.
1.2 Отандық анимация туындыларында ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мүмкіндіктері қалай көрініс тапты ... .
Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілетін жас балдырғандар үшін еліміздің телеарналарында көрсетілетін бірегей отандық туындылардың маңызы зор. Бұл ұлттық дүниетанымды қалыптастыруға әрі қазақы мәдениет пен салт-дәстүрге балалардың бесіктен бастап сусындауына зор септігін тигізеді. Технология дамыған заманда мультфильмді ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүріміз бен тарихымызды ұрпақ санасына құятын құрал ретінде ұтымды да, ұтымсыз пайдаланудың дәлелдері баршылық. Оған мысалдар келтірейік.
Отандық анимация саласы тәуелсіздік алған жылдары шығарған өнімдерінің ауқымды бөлігі халықтың қазынасы болған тарихи оқиғалар мен даңқты тұлғалар, қиял-ғажайып ертегілер мен аңыздар негізінде түсірілген туындылар. Сонымен қатар, әлемге танымал шетелдік студия өнімдерінің қазақ баласына тәрбие бере алатындары іріктеліп алынып, оларға дубляж жасалды, отандық көрерменге ана тілінде ұсынылды. Өз кезегінде мұндай қадамдар жас көрерменді қазақша тәрбиелеуге, қазақ тілін игеруіне, ұлттық тәрбиеге икемдеуге ықпалын тигізді.
Анимация сияқты отандық өнер туындыларына кейіпкер болған батыл, жүрек жұтқан Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын сынды батырлар, Қозы Көрпеш пен Баян ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz