Ішкі секрециялық және аралас секрециялық бездердің эндокринді бөлігінің анатомиясы


Орындаған: Ысқақ Д. С.
Тексерген: Кусаинова Б. С.
Топ: 1009ЖМ
Тақырып№ 9. Ішкі секрециялық және аралас секрециялық бездердің эндокринді бөлігінің анатомиясы.
Төмендегі берілген сұрақтарға жауапты жазбаша түрде беру керек.
- Бездердің дамуына байланысты жіктелуіне сипаттама беріңіз.
- Сыртқы, ішкі, және аралас секрециялық бездердің айырмашылық белгілерін сипаттаңыз.
- Ішкі секрециялық бездердің: қалқанша безінің, қалқанша маңы бездерінің, эпифиздің, бүйрекүсті бездерінің топографиясын және құрылысын сипаттап жазыңыз.
- Аралас секрециялық бездердің: ұйқы безінің, атабез және анабездердің топографиясын және құрылысын сипаттап жазыңыз.
- Гипофиз.
1. Бездердің дамуына байланысты жіктелуіне сипаттама беріңіз.
Бездер эмбриологиялық дамуы жағынан түрлі текті. Тіпті, бір бездің өзінің жекелеген бөліктері әр безден дамуы мүмкін (мысалы, бүйрекүсті безінің қыртысты (мезодермадан) және милы заттары(эктодермадан) ) .
Эктодермадан дамиды: гипофиз, эпифиз, бүйрекүсті безінің милы заты және хроммаффинді мүшелер.
Энтодермадан дамиды: қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша без, ұйқы безінің инсулярлық аппараты.
Мезодермадан дамиды: Бүйрекүсті безінің қыртысты заты мен жыныс ағзаларының эндокриндік бездері.
Дамуына байланысты бездерді 5-ке бөледі:
- Бранхиогендік топ- ұрықтың жұтқыншағы мен желбезек қалталарынан пайда болатын энтодермалық бездер. Қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер жатады;
- Ішек түтігінің энтодермалдыбездері. Ұйқы безінің аралшықтар;
- Мезодермалық бездер. Бүйрекүсті безінің интерреналды жүйесі, жыныс бездері;
- Неврогедік топ-аралық мидан пайда болатын эктодермалық бездер. Эпифиз, гипофиз.
- Адренал жүйесі тобы-симпатикалық элементтерден пайда болатын эктодермалық бездер. Бүйрекүсті безінің милы заты, хромаффинді дене.
2. Сыртқы, ішкі, және аралас секрециялық бездердің айырмашылық белгілерін сипаттаңыз.
Жалпы бездер дегеніміз- химиялық табиғаты әртүрлі арнайы заттарды өндіретін, оларды қан, лимфаға немесе шығару өзектеріне бөлетін мүшелер.
Бездер дамынуна, қызметіне, өндірілген секрецияның шығаратын жеріне қарай бөлінеді. Енді, өндірілген секрецияның шығаратын жеріне қарай бөлінуіне тоқталсақ. Бұған байланысты бездер 3- топқа бөлінеді: ішкі(эндокринді), сыртқы(экзокринді) және аралас ( паракринді) . Кейбір әдебиеттерде аралас бездерді ішкіге жатқызып жатады. Олардың айырмашылығына тоқталатын болсақ:
- Эндокриндік бездер- биологиялық белсенді заттарды гормондарды жасушаларының базальды полюсы арқылы ішкі ортаға, яғни қанға бөледі. Бұл топ бездері тек безді жасушалардан тұрады және шығару өзектері болмайды
- Экзокриндік бездер- өнімдерін, яғни, секреттерін терінің бетіне және эпителиймен тысталған мүшелердің қуысына бөледі. Арнайы өзектері болады.
- Паракриндік бездер- эндо-экзокриндік қызмет артқаратын бездер, өз өнімдерін мүшенің стромасын қүрайтын борпылдақ талшықты дәнекер тінге бөледі.
- Ішкі секрециялық бездердің: қалқанша безінің, қалқанша маңы бездерінің, эпифиздің, бүйрекүсті бездерінің топографиясын және құрылысын сипаттап жазыңыз.
Қалқанша без , glandula thyroidea, дамуы бойынша бранхиогендік топқа жатады. Мойында кеңірдектің алды мен ішінара қалқанша жанаса көмейдің бүйір бетінде орналасатындықтан қалқанша безі деп аталады. Адамдағы ішкі секреция бездерінің іщіндегі ең ірісі. Екі бүйір үлестері, lobi dexter et sinister , төменгі шеттеріне жақын жерде бүйір үлестерін қосатын қылтасы, isthmus бар. Қылтадан жоғары қарай lobus pyramidalis деп аталатын жіңішке өсінді шығады, бұл өсінді тіласты сүйегіне дейін созылып жатыр. Жоғарғы бөлімінде бүйір үлестері қалқанша шеміршегінің сыртқы бетіне ену арқылы, қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізі мен жақын жатқан бөлігін жабады. Төменгі жағында бүйір үлестері кеңірдектің бесінші- алтыншы сақинасына дейін жетеді. Ал, қылтаның артқы беті кеңірдектің екінші және үшінші сақинасына жанасып жатады. Кейде, оның жоғарғы жиегі жүзік тәрізді шеміршекке жетеді. Үлестердің артқы беті жұтқыншақ және өңеш қабырғаларымен жанасады. Бұл бездің кеңірдек пен көмейге қараған ішкі беті ойыс болса, сыртқы беті дөңес. Қалқанша без алдыңғы жағынан терімен, тері асты шелмайымен безге сыртқы қапшық, capsula fibrosa , түзетін мойын шандырымен және mm. Sternohyoideus, sternothyroideus et omohyoideus бұлшықеттерімен жабылған. Қапшық бездің тініне өсінділер шығарады, олар оны құрамында иоды бар зат тириодин болатын коллоиды болатын түйіншелерден, folliculi gl. thyroidea тұратын кішкене үлестерге бөледі. Без көлдеңенінде 50-60мм, алдыңғы-артқы бағытта бүйір үлестері аймағында 18-20мм, қылта деңгейінде 6-8мм. Қызметі: организм үшін үлкен маңызы бар без, сүйек жүйесі тіңдерінің дұрыс дамуы, зат алмасу, жүйке жүйесі без гормонына байланысты.
Қалқанша маңы безі, glandula parathyroidea, дамуы бойынша бранхиогендік топқа жатады. 2 жоғарғы және 2 төменгі, жалпы саны 4. Қалқанша безінің бүйір бөліктерінің артқы бетінде орналасқан кішкенен денешіктер. Ұзындығы-6 мм, ені-4мм, қалыңдығы-2мм. Жай көзбен қарағанда кейде оларды май бөліктерімен, қосымша қалқанша бездермен, бұғақ безінің ұсақталған бөліктерімен шатастырып алууға болады. Қызметі: Организмдегі кальций мен фосфор алмасуын реттейді.
Эпифиз немесе томпақ дене, сorpus pinealе, дамуы бойынша неврогендік топқа жатады . Таламустармен habenulae арқылы байланысқан, ортаңғы ми төбесі табақшасының жоғарғы төбешіктері үстінде орналасады. Көлемі: кішкентай, сопақ. Қызғыл түсті, бездің жіңіщке щеті төмен және артқа қарай бағытталған. Дененің ұзындығы- 7-10мм, көлдеңені- 5-7мм. Тәж түрінде топтасатын жасушалардың секреттік қасиеттері бар. Қызметі: бездің қызметі толық анықталмаған.
Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis adrenalis, і шастардың артқы жағындағы шелмайда бүйректің жоғарғы шетінін үстінде жатады. Оның массасы 4г жуық. Өлшемдері: вертикалды-30-60мм, көлдеңені-30мм, алдыңғы-артқы өлшемі-4-6мм. Түсі сарғылт немесе қоңырлау. Оң жақ бүйрек үсті безі төменгі үшкір жиегімен бүйректің жоғарғы шетін қамтиды, сол жақ бүйрек үсті безі бүйректің шетіне емес, бүйректің ішкі жиегінің шетке ең жақын бөліміне жанасып жатады. Бездің алдыңғы бетінде бір немес бірнеше жүлге бар, олар -қақпа, hilus, жүлге арқылы бүйрекүсті венасы шығып, артериясы кіреді. Без ағза ішіне қарай жекелеген қалқалар шығаратын фиброзды, қапшықпен жабылған. Бүйрекүсті безі екі қабаттан тұрады: сарғыш түсті қыртыс және жұмсақ, қоңыр түсті милы қабат. Бұл екі қабат дамуы, құрылымы, қызметі жағынан қатты ерекшеленеді. Қыртыс зат түрлі гормондар өндіретін үш аймақтан тұрады. Милы зат адреналин мен норадреналин өндіретін жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар хром тұздары арқылы сары түске боялады, сонымен қатар, мұнда көптеген миелинсіз талшықтармен симпатикалық жүйке жасушалары болады. Қызметі: құрамындағы милы зат пен қыртыс заттың айырмашылықтарына сәйкес, бүйрекүсті безі екі бездің қызметін ұштастырады. Милы зат қанға симпатикалық жүйенін тонусын сақтап, тамырларды тарылту қасиеті бар адреналин және норадреналин гормондарын бөледі. Қыртыс зат липидтер өндірілетін негізгі орын. Сонымен қатар, су, тұз, белок, көмірсу алмасуына әсер ететін стеройд горманын, еркектерде андоген, әйелдерде экстроген сынды жыныс гормондарына жақын ерекше гормондар бөліп шығарады.
- Аралас секрециялық бездердің: ұйқы безінің, атабез және анабездердің топографиясын және құрылысын сипаттап жазыңыз.
Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі. Ұйқы безінің безді бөлімдерінің арасында ұйқы без аралшықтары, insulae pancraticae орналасады. Олар бездің құйрық бөлімінде көбірек кездеседі. Бұл түзістер ішкі секреция бездеріне жатады. Қызметі: инсулин және глюкагон гормондарын қанға бөледі, аралшықтары көмірсу алмасуын реттейді.
Жыныс бездерінің эндокриндік бөліктері
Атабез, шәует өзекшелері арасындағы дәнекер тінде аралық жасушалар жайғасады. Бұл аралық бездің ішкі секрециялық қасиеті бар деп айтуғу болады. Гормондары: андрогендер мен тестостерон. Еркектік екінші жыныстық белгілер атабез безі бөлетін гормондарының арқысында ғана дамиды. Егерде атабез безіін алып тастаған жағдайда кері қарай даму байқалады. Еркектік екінші белгілермен қатар бірінші белгілерде атабезбен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz